19 ғасырдағы қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары



Дата17.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#132158
Байланысты:
ЕРЖАНОВА ДАНА саясаттану
4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, МАТЕМАТИКА ОГН Рус 120, Презентация 4

19 ғасырдағы қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары.

Орындаған: Ержанова Д.

Тексерген: Галиева.Ж

1. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы. Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол жастайынан қазақ ақындарының өлең-жырлары мен шешендердің даналық сөздерін, данагөй билердің әңгімелерін тыңдап өсті. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі қонаққа келіп тұрған декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойындағы ғылымға, әдебиет пен өнерге, батыс демократиялық құндылықтарына деген құштарлықты күшейте түсті. Шоқан жастайынан халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол Омбы кадет корпусындағы алғашқы жылдан бастап шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті, қосымша ғылыми және көркем әдебиеттерді көп оқыды.


Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, саяси-қоғам қайраткері Г.Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Аса көрнекті орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға оқыды. Омбыда болған жылдары ол орыс зиялы қауымының прогрессивті өкілдерімен танысып, жақын араласты. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әскери шені де өсті. Оны орыс патшасы ІІ Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Өзінің еңбектерінде қазақтардың бұрын еркін, дәулетті өмір сүргені туралы жазады.
1862 жылы өз халқына пайдасын тигізуді ойлап, Атбасар округі бойынша аға сұлтан болып сайлануға кандидатурасын ұсынды. Патша үкіметінің жергілікті өкілдері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, түрлі сылтаумен бекітпей қояды. Осы туралы Шоқан Уәлиханов 1862 жылы қазанда досы, белгілі орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийге хат жазады: «Халқыма пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім – өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді. Болысты төңіректеген ұлықсымақ мырзалар мен приказнойлар маған түгелімен қарсы болды. Неге өйткенін білесің бе? Мен аға сұлтан болсам, болыс әкімдері аға сұлтандардан алатын мыңдаған ақшасынан айырылар еді, приказнойлар аяғын аңдап басып, ел аралап тентіреп кеткен болар еді. Байқайсың ба, бұл шенеуніктер үшін «болу не болмау» сияқты нәрсе. Шенеуніктер байлар мен баққұмар қырғыздарды (қазақтарды) маған өшіктіріп, «Уәлиханов аға сұлтан болса, сендерге сор болады, ол теңдік деген ұғымды ұстаған адам… Құдайға сенбейді. Мұхаммед пайғамбарға өш», – деп өсек таратты». 1822 жылы Орта жүзде хандық билік жойылып, қазақтардың мал жайылымдары тарыла бастаған кезде, Шоқан Уәлиханов округтік басқарудың енгізілуіне қатысты өзінің қарсы көзқарасын білдірді: «Біздің жерімізді округтер бойынша бөліп, жазғы және қысқы жайылымдарды атақты рулар мен адамдарға беру – малшаруашылығына кесірін тигізетін басты себептердің бірі ретінде есептелуі тиіс. Мұндай реформалар кедергі келтіретін зиянды, әрі халық үшін қасірет әкеледі».
Сондай-ақ ол Кіші жүздегі сайлау жүйесінің болмауын елеулі кемшілік ретінде көріп, жаңа басқару тәртібіне де қарсы шықты: «Орынбор дала басқармасының негізгі кемшілігі, ол орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шегара бастықтарының қалауымен тағайындауында». Ол реформаның прогрестік заңдылыққа сүйеніп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуын қолдады. Мысалы, «Сот реформасы туралы жазбалар» мақаласында: «Реформа оңтайлы, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды болады», – деп жазады. Сонымен қатар патша өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипатын ашық айтты: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне зорлықпен, ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келді». Ғалым дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік әлеуеті туралы айтып, халықтың жарқын болашағына кәміл сенді: «Ресей империясының құрамына еніп отырған барлық бұратаналардың ішінде халқы санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың үлесіне тиеді». Ғалым патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісіндегі кемшіліктерін сынға алып, билер сотының артықшылығы туралы былай деп жазады: «Орыс талапкері немесе жауапкері көптеген жағдайда орыстың тергеу орнынан гөрі, бидің сотын артық көреді… Билер сотының артықшылығы, ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді; оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар». Демократиялық билер соты Ресейдің отаршыл сотынан әділдігімен ерекшеленді.
2. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасы. Қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде аса көрнекті педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин зор рөл атқарды. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып-үйренуге бейімдігін байқатты. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы-ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. 1857 жылы Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, татар және басқа тілдерде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра берді. Ы. Алтынсарин көрнекті орыс демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды. Мектеп бітіріп шыққан Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді. Ағартушы-ұстаздың:
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар… –
деген жыр жолдары жас ұрпақты ғылым-білімді меңгеруге шақырады. Оның білім беру жолындағы қызметі оңай болған жоқ. Алдынан түрлі кедергілер кездесті, тіпті оған «шоқынған» деген айып та тағылды.
1869 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік сот міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының мүддесі мен қажетін жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Оның әрекетін жақтырмаған байлар үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің арқасында ақталып шықты. Ы. Алтынсарин патша үкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Ол отаршыл билікті сынға алып, халық ағарту ісіндегі Ресейдің өркениеттік саясатының шынайы мақсатын жете түсінді. Далалықтардың материалдық жағдайын жақсартуды көздеген Ыбырай алғашқылардың бірі болып, өз халқының тілдік және мәдени-рухани мұраларын қорғайтын озық идеяларын ұсынды. Ыбырай тұтас халықтың тұрмысын, олардың өмір сүру болмысын табиғи жағдайлармен санаспай, мәжбүрлі түрде өзгерту «ең қабілетті деген ұлттың өзін тоқырауға ұшыратуы мүмкін» деп, патша өкіметінің өзге халықтарға зиянын көре білді. Қазақ даласы негізгі аймағының егіншілікпен айналысуға тиімсіздігін ескере отырып, халық ағартушысы малшаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді. Ол отырықшылыққа күштеп көшуге үзілді-кесілді қарсы шығып, эволюциялық жолды таңдады. Жергілікті халыққа тонаушылық пен апат әкелген отаршылдық қоныстандыру саясатын әшкерледі. Ы. Алтынсарин қазақ соты ісіндегі адалдық және әділеттілікті жоғалтып бара жатқан билерді қатты сынға алды. Ыбырай ұлттық дәстүрлердің сақталуын қолдады. Ол туған халқының патриоты болды. Жергілікті билеушілер және отаршылдық әкімшілікпен орын алған шиеліністеріне қарамастан, ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Бұл сөздер оның өз халқына шынайы сүйіспеншілігін тағы да айғақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет