1920-шы жылдары түркістан акср-індегі билікті қОРҒау органдарын қайта ұйымдастыру



Дата26.06.2018
өлшемі31,5 Kb.
#44588
ӘОЖ323.23..94(574).071.

Бақторазов С.У.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті


1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында мемлекеттік билікті қорғау органдарын қайта ұйымдастыру жүргізілді.

1922 жылдың 6 ақпанында Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) болып қайта ұйымдастырылып, ол Ішкі істер халық комиссариаты құрамына енгізілді, Революциялық трибуналдар жойылып, МСБ –ның өзі тергеу органына айналды, ол контрреволюцияға қарсы күрес істері жөніндегі алдын ала тергеу органы болды. Істерді қарау мен үкімдер шығару сот мекемелерінің компетенциясына берілді. Кейіннен, мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда әсерлі орталықтандырылған аппарат құралып, жазалау органдары күшейтілді. Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) КСРО ОАК Президиумының 1923 жылдың 2 қарашасындағы Қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ) атын ауыстырған еді.

Жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалардың нәтижесінде қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-не қайта қосылуынан кейін КСРО Халкомкеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 Қаулысымен ҚазақАКСР –ы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК) ұйымдастырылды.

Мақалада Оңтүстік Қазақстан өңірінде орын алған 20 – 30 – шы жылдардағы жаппай саяси қуғын – сүргін феноменінің әртүрлі қырлары нақты анықталған.



Тірек сөздер:Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК), Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ), КСРО ОАК Президиумы,Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ),Қазақ АКСР-і, Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК).
Жалпы алғанда, Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі жаңа экономикалық саясат салыстырмалы түрде тыныш өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық және этносаяси қарама-қайшылықтар әлі де сақталған еді. БК(б)П көрсетілген кезеңде саяси тәжірибедегі сенімсіз қимылдары анықтағандай – қиынаморфтық (тұлғасыз, формасыз) жағдайда болды. Қазақстандық өлкелік партия ұйымының жай-күйі де осындай болатын. Халық шаруашылығындағы негізгі экономикалық мәселелерді қалпына келтіру және техникалық реконструкция жасау іс – шаралары қолға алынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында, мемлекеттік билікті қорғау органдарын қайта ұйымдастыру жүргізілді.

1922 жылдың 6 ақпанында БТК Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) болып қайта ұйымдастырылып, ол Ішкі істер халық комиссариаты құрамына енгізілді, Революциялық трибуналдар жойылып, МСБ –ның өзі тергеу органына айналды, ол контрреволюцияға қарсы күрес істері жөніндегі алдын ала тергеу органы болды. Істерді қарау мен үкімдер шығару сот мекемелерінің компетенциясына берілді. Жалпы, бұл атаулардың өзгеруі нені білдірді? БТК төтенше комиссия болған еді, оның осы атының өзі-ақ оның өмір сүруінің уақытша мазмұнын көрсетіп тұрғандай болатын. МСБ болса мемлекеттің үнемі қырағылықтағы саяси бақылау және репрессиялар жүргізу институты болып табылатын еді. Олай болса аттардың өзгертілуінің астарында террорға үздіксіз статус беру арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы кикілжіңдерді шешу мәселесі заңдастырылғаны көрініп тұр [1, с.141].

Сонымен қатар 1922 жылдың 19 мамырындағы Лениннің Дзержинскийге жазған хатынан кейін, сотсыз, тек МСБ –ның қаулысы бойынша «профессура, дәрігерлер, агрономдар, әдебиетшілер арасындағы белсенді контрреволюциялық элементтерді» жаппай Ресейдің Солтүстік губернияларына немесе шетелге жер аудару жүргізілді [1, с.142].

Әкімшілік жер аудару, осы арқылы, құқықтық іс-қимылдың нормасына айналды, мұның өзі бұдан да қатал соттан тыс іс-шараларға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін еді. Осылай, Әулиеата уезі Таулы ауданының партия ұйымдастырушысы Чановтың №2 бөлімшесінің халық соты, ТКП мүшесі Артықбаев Қадырқұлдың үстінен жазған жасырын хатында (секретное донесение) оның Қаракөл болысында рулық дүрдараздық тудыра отырып,басбұзарларды біріктіріп,қолдарына сойыл алып,болыстың кеңсесін талқандамақ болғанын жазады.

Осыған байлансты ТКП Әулиеата уқалкомының шешімі мынадай болды:


  1. Уатком фракциясына Артықбаев бастаған рулық дүрдараздықты қоздыруға қатыстылардың барлығын шақырып,мәселені анықтау.

  2. Бақылау Комиссиясы өкілдеріне Артықбаевты партиядан шығару мәселесін хаттау.

  3. Істі тексеру аяқталғаннан кейін оны әкімшілік комиссияға беріп, мұндай қаскүнемдерді Әулиеата уезі аумағынан кетіру [2].

Зерттеу тақырыбының тағы бір анықталар тұсы аталған мерзімде биліктің барлық деңгейінде көсемге жеке берілгендіктің, көсемділіктің (вождизм) қалыптаса бастауы еді. Бұл кезеңде партиялық пікірталаста әрбір фракциядағы немесе белгілі бір тұғырнамадағы көсемнің жеңілуі, оны жақтаушылар мен жолын қуушыларға шара қолдануға ұласатын. Мұның өзі саясатта жіберген қателіктері үшін өте аяусыз түрде жауап беретін уақыттың таяп қалғандығын білдірді.

20- жылдардың соңына қарай БК(б)П идеялық сипатта біртұтас (монолитті) қалыптасып, ішкі партиялық алауыздықтан азат етілді, партиядан бөлек оппозиция болмауы себепті, халықаралық коммунистік қозғалыста үстемдік етті. Мұндай нақтылы мүмкіндіктің болуы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қатал әкімшілік–командалық әдістерге көшу пиғылын тудырды.

Мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда әсерлі орталықтандырылған аппарат құралып, жазалау органдары күшейтілді. Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) КСРО ОАК Президиумының 1923 жылдың 2 қарашасындағы Қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ) атын ауыстырған еді[1, с.86]. 1923 жылдан басталып 1927 жылға дейін жалғасқан Кеңес үкіметі мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың бәсеңдеуіне байланысты 1953 жылға дейінгі кезеңде алғаш және соңғы рет қысқартуға ұшыраған БМСБ органдарының құрамы 1925 жылы 26000 азаматтық қызметтегілерден және 63000 әскерилерден тұрды. Бұған осы органға қызмет еткен 30000 тыңшыларды қоссақ, кеңестік жасырын полицияның қызметіне нұқсан келе қоймағандығын көреміз, ол бұрынғыдай ішкі қауіптен елді қорғауда өзінің позициясын жоғалтпады[1, с.145]. Тиісінше, Түркістан республикасы аумағында 1922 жылдың 28 наурызында МСБ-ның Түркістандық бөлімшесі , облыстарда МСБ-ның облыстық бөлімшелері құрылды.

1923 жылдың 2 қарашасындағы Қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармасы (БМСБ) одақтық және автономиялық республикаларда құрылып, жергілікті кеңестерде атқару комитеті жанындағы саяси бөлімдерден тұрды. Аталған органға берілген өкілеттіліктер, олардың ешбір жауапкершілікті сезінбей-ақ талай шектен тыс шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылай, БК(б)П Әулиеата укомы хатшысының (Голышкин. | БК(б)П Сырдария Губкомының жауапты хатшысы Каучуковский мен Губкомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есқараевқа жазған саяси хатында Әулиеата уезінде экспедициялық сапарда жүрген О.Жандосов пен В.Соколовскийдің Мерке ауданында, жергілікті парткомға ескертпей, 9 халық соты мен тергеушілерді,олрдың жұмысының тығыздығына қарамай, өздерімен бірге ала кеткенін айтады. Бұған қосымша экспедицияның құрамына өз парткомдарына ескертпей өзімбілерлікпен қосылған МСБ - ның өкілі Матеев пен оның көмекшісі Субботиннің азаматтарды жауапты қызметкерлердің үстінен шағым жазуға күштеп, осы іске атсалыспаса «соттар мен тергеушілерді қамап тастаймыз»,- деп қорқытып жүргені туралы сот тергеушілері Балмұхамедов пен Түртембаевтардың аттарынан хат келгендігі жазылады.Осылай МСБ – ның өкілдері экспедиция құрамында соттар мен сот тергеушілерін жазықсыз жандарды жазалауға азғырып жүрген кезде, 47000 сомның ұрланғаны анықталады.Осыған байланысты Әулиеата укомы Сырдария губкомына Матеев пен Субботинді кері қайыру туралы ұсыныс жасайды [3]. Бұл жерде МСБ өкілдерінің ұрланған ақшаның ізіне түсу үшін кері қайтуы да мүмкін. Әйтсе де құжатта, олардың жергілікті партия органдарымен ешбір санаспай, қалыптасып келе жатқан сот органдарын дегендеріне көндіруге тырысқандары ап-айқын көрініп тұр. Мұның өзі репрессиялау механизмінің ешбір өзгермей, «дұшпан бейнесін » анықтау И.В. Сталин бастаған саяси билікте қалып, оларды іздеп –тауып жазалау МСБ мен БМСБ органдарының құзырында екендігінің айғағы болса керек . Қоғам болса идеологиялық алдап-арбаудың нәтижесінда не атқарылып жатқан іс-шараларды қолдап отырды, немесе ол іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын үнсіз құптауға мәжбүр болды.

Саяси репрессиялар негізінен контрреволюциялық қылмыстар туралы заң арқылы жүргізіліп отырды. Большевиктер жазалау органдары қатарына негізінен азамат соғысына қатысқан, еуропалық нәсілдегілерді тартуға ұмтылды, оған РК(б)П мүшелері мен мүшелікке кандидаттарының «лениндік шақыруы» да әсер етті. Осылай, Әулиата Уқалкомы атқару бюросының мәжілісі 1924 ж. МСБ-ның №42 конвойлық командасының №9 коммунистік ұяшығының (ячейкасының) хаттамасына сәйкес партияға кандидаттыққа Горбунов пен Куприяновты қабылдайды [4].

Сөйтіп, билеуші партия өзінің жергілікті жерлердегі жазалау аппаратындағы тірегін нығайту мақсатындағы жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпады. Қазақстанда бұл саясаттың ұйытқысы - жүргізушісі 1925 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалған Ф.Голощекин болды. Ол бұл істе РК(б)П-ның алдымен облыстық, кейіннен өлкелік комитетінің үш жыл ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған, КСРО ІІХК –ның келешек халкомы Н. Ежовқа арқа сүйеді. Нәтижесінде «жікшіл», «ұлтшыл» деген таңба тағылып көптеген көрнекті қайраткерлер ( С. Аспандияров, М. Мырзағалиев, С.Садуақасов және т.б.) республикадан тыс жерлерге қуғындалып кетті[5, 5-б.]. Осы қуғын-сүргінді жүзеге асырып жүргендердің көпшілігі «білімім төмен» деп өз қолымен жазып жүрген орталықтан жіберілгендер болатын. Мұның айқын мысалы ретінде 1929 жылдың 20 қыркүйегінде Сырдария округі бақылау комиссиясының БК(б)П мүшелерін тазалау және тексеру қорытындысы бойынша округтік БМСБ- ның № 9 партия ұяшығындағы мынадай жайларға мән беруге болады.

Тексеруден өткен БМСБ қызметкерлерінің 16-сының тек 4-і ғана мұсылман нәсіліндегілер. Оның да біреуі тексеруден өткізілмеген. Ал, тексеруден өткен қалған 12 еуропалық нәсілдегілердің мамандығына сәйкестілігі шамамен мынадай.

1. Вакорин И.П., білімі төмен, саяси дайындығы жоқ.

2.Тюрина А.Ф. 1927жылы партиялық тәртіпті сақтамағаны үшін сөгіс алған, білімі төмен, саяси дайындығы жоқ.

3. Горюнов В.П.шала сауатты, саяси дайындығы жоқ. Басқалары да осы тектес.

Тіпті сол кездегі БСМБ –ның Округтік бөлімінің бастығы В. Никольскийдің де білімі төмен екендігі жазылған. Округтік БСМБ бастығының бұл қызметке келуіне оның 1914 жылдан бастап БК(б)П –ға мүше болып, патша үкіметі тарапынан 1жылға жер аударылғаны, Петроградтағы Қазан төңкерісіне қатысып, одан кейін құжатта жазылғандай әртүрлі жазалау органдарында қызметте болғандығы есепке алынса керек [6].

Осы орайда Орталық жіберген кызметкерлердің басым көпшілігінің саяси қуғын – сүргін зұлматынан аман қалып отырғанына мән беруге болады. Мәселен, Әулиеата уезінде Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсенді қатысқан Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Сыдық Абланов, Ысқақ Әсімов, Кененбай Бармақов, Бекбосын Құлжабаев, Дәуіт Абдуллаевтар 1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде атылып кетті. Ал, Степан Хмелевский, Николай Чернышов, Федотов-Завадский, Данил Цыгановтар Қазақстаннан аман – есен кетіп үлгерген. Бұл топтағылардан тек Қарымбай Қошмамбетов ғана бұл зұлматқа жетпей 1930 жылы қарашада дүние салды[7].

Жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалардың нәтижесінде қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-не қайта қосылуынан кейін КСРО Халкомкеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 қаулысымен ҚазақАКСР –ы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК) ұйымдастырылды. Кейіннен, БМСБ мен ІІХК-ның бірігуі саяси режим жүйесіндегі ішкі істер халкомының беделі мен маңыздылығын барынша арттырып, ендігі жерде олар «дұшпанды» іздестіріп табу мен берілген жазаны жүзеге асыру құқығына толықтай ие болған еді.

Сондықтан да, ІІХК қызметкерлері элитаның ішіндегі ерекше маңыздағы топқа айнала отырып, осы статусын жоғалтпау үшін «жоғарыдан» келген кез-келген тапсырманы орындауға сақадай сай тұрды.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Стефан Куртуа, Николя Верт, Жан-Луи Панне, Анджей Пачковский, Карел Бартошек, Жан-Луи Марголен. Черная книга коммунизма. Преступление, террор, репрессии. Перевод с француского Москва «Три Века Истории» 1999. – с.708

2. Жамбыл облысы әкімінің мұрағаты ( бұдан әрі ЖОӘМ) 10 - қор. 1 - тізбе, 14 - іс.

3. ЖОӘМ 10 – қор, 1 – тізбе, 309 – іс, 3-6 п.п.

4. ЖОӘМ 10 - қор. 1 - тізбе, 113 – іс, 6 - п.

5.«Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946: Өмірбаяндық анықтамалық.»/ Ред. Нәрікбаев М.С. (жауапты), ДегітаеваЛ.Д., ГрибановаЕ.М., құраст:ЖақыповМ.Х.,Зұлхашева А.С., Ипмағамбетова А.Н. /жауапты/, Чиликова Е.В..- Алматы: Қазақ гуманитарлық- заң университетінің баспасы, 2004.-499 б.

6. Қызылорда облысы әкімінің мұрағаты (бұдан әрі ҚОӘМ) 6 - қор. 1 - тізбе. 85 - іс. 12-14п.п.

7. «Ақ жол» 30 мамыр 1998жыл.

Бахторазов С.У.


Реорганизация органов защиты государственной власти в Туркестанской АССР в 1920 – е годы.
В исследуемый период с учетом формулирования в качестве основной экономической задачи восстановления и технической реконструкции народного хозяйства, перехода к мирному строительству произошла реорганизация органов защиты государственной власти, в том числе и в Туркестанской АССР.

6 февраля 1922года Всероссиская чрезвычайная комиссия(ВЧК)реорганизовалась в Государственное политическое управление (ГПУ) в составе Народного комиссариата внутренних дел. Революционные трибуналы были ликвидированы, само же ГПУ становилось органом дознания, а по делам о контрреволюций – органом предварительного следствия. Рассмотрение дел и вынесение приговоров передавалось в компетенцию общих судебных учреждений.2 ноября 1923года Постановлением Президиума ЦИК СССР Государственное политическое управление реорганизовалось в Объединенноегосударственное политическое управление (ОГПУ). А, 5 июня 1927 года Постановлением Совета Народных комиссаров СССР организовывается Народный комиссариат внутренних дел (НКВД) Казахской АССР.

В статье раскрыты различные стороны такого феномена истории 20 – 30 – х годов, как массовые политические репрессии в регионе Южного Казахстана.

Ключевые слова: Всероссиская чрезвычайная комиссия (ВЧК), Государственное политическое управление (ГПУ), Президиум ЦИК СССР, Объединенноегосударственное политическое управление (ОГПУ), Казахская АССР, Народный комиссариат внутренних дел (НКВД).
Bahtorazov SU

Reorganization of the protection of public authorities in the Turkestan Autonomous Soviet Socialist Republic in 1920 - ies.

In the analyzed period, taking into account the formulation as the main economic problem of reconstruction and technical renovation of the national economy, the transition to peace-building was reorganized protection authorities of the government, including in the Turkestan ASSR.

February 6, 1922 Vserossiskaya Extraordinary Commission (Cheka) was reorganized into the State Political Directorate (GPU) as a part of the People's Commissariat of Internal Affairs. The revolutionary tribunals were abolished, the very same GPU became the body of inquiry, and in cases of counter-revolutions - the preliminary investigation body. The cases and convictions handed down in the general competence of the judicial institutions. November 2, 1923 Resolution of the Presidium of the USSR Central State Political Administration was reorganized in the Joint State Political Administration (OGPU). A June 5, 1927 the Decree of the USSR Council of People's Commissars is organized by the People's Commissariat of Internal Affairs (NKVD) of the Kazakh ASSR.



The article deals with the various aspects of the history of this phenomenon 20 - 30 - ies, as the mass political repression in the region of South Kazakhstan.

Keywords:Vserossiskaya Extraordinary Commission (Cheka), State Political Administration (GPU), the CEC Presidium of the USSR, the United State Political Administration (OGPU), the Kazakh ASSR People's Commissariat for Internal Affairs (NKVD).

Начало формы

Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет