1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы дербес тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық спорттық ареналарда өнер көрсете бастады



Дата15.09.2017
өлшемі182,68 Kb.
#32629
Жоғары жетістіктер спорты
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы дербес тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық спорттық ареналарда өнер көрсете бастады.

1994 жылғы Норвегияның Лиллехаммер қаласындағы XVII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан алғаш рет дербес спорттық делегация ретінде қатысты.

Халықаралық спорттық аренаға дербес командалармен шығу және барлық спорт түрлеріндегі жоғары бәсекелестік дене шынықтыру мен спортты дамыту жаңа тәсілдерді талап етті.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында дене шынықтыру және спорт арқылы халықты сауықтыру мәселесін шешу үшін, салауатты өмір салтының қағидаттарын бекіту үшін «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясы» әзірленді. Бұқаралық спорттық сауықтыру іс-шараларын жаңарту бойынша қабылданатын шаралар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында белгілі нәтижелер берді.

Республикада біліктілігі жоғары спортшыларды балалар жасөспірімдер спорттық мектептерінен бастап Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларына дейін дайындау жүйесі жұмыс істейді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап республикамыздың спортшылары:

- қысқы олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль. Барлығы 7 медаль;

- жазғы олимпиада ойындарында 16 алтын, 17 күміс, 19 қола медаль. Барлығы 52 медаль иеленді. (№1, 2 кесте)

Осы аралықта қазақстандық спортшылар 5 жазғы Азия ойындарына (1994, 1998, 2002, 2006, 2010 жылдары) қатысып, 110 алтын, 118 күміс, 167 қола, барлығы 395 медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, 5 қысқы Азия ойындарында (1996, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары) қазақстандық спортшылар 69 алтын, 51 күміс, 44 қола медаль жеңіп алды. Барлығы 164 медаль.

1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін олимпиадалық спорт түрлерінен 43 спортшы әлем чемпионы, 42 спортшы күміс жүлдегер, 67 спортшы қола жүлдегер болды. Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында барлығы 152 медаль жеңіп алынды (№3 кесте).

2010 жылғы Сингапурдегі бірінші жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасында жас қазақстандықтардың сәтті өнерін атап өткен жөн, мұнда 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға қатысқан 204 елдің ішінде Қазақстан ресми емес командалық есепте 24 - орынды иеленді. Бұл - төрт жылдық ойындарда қатысқан командалардың рекордтық саны.

Сонымен қатар, Инсбрукта (Австрия) 2012 жылғы 14-23 қаңтар аралығында өткен бірінші қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарындағы сәтті өнерін де атап өткен жөн. Бірінші қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындары 15 спорт түрінен өтіп, барлығы 70 мемлекеттен 1059 спортшы қатысты.

Қазақстандық спорт тарихында Еліміздің Президенті, Ұлт көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Азия ойындарын өткізу мемлекетіміздің тұрақты экономикалық дамуының шарықтау шегі және дәлелі болып табылады.

Қысқы Азия ойындарында Азия құрлығының 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спорттың он бір түрінен алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойналды.

Командалық есепте Қазақстанның құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальды ұтып алып бірінші орынды иеленді. Екінші орында Жапония құрамасы (13-24-17). Үшінші орында Корея құрамасы (13-13-13), 4-орында Қытай құрамасы (11-10-14), 5-орында Монғолия құрамасы (0-1-4), келесі болып Иран (0-1-2), Қырғызстан және Солтүстік Корея (0-0-1) құрамалары орналасты.

Ойындардың спорттық деңгейі өте жоғары. Шорт-тректен, коньки спортынан Азияның 12 рекорды белгіленді (3 рекорд шорт тректен және 9 рекорд коньки жарысынан).

Қазақстан командасы спорттың 11 түрінен Азия ойындарының 70 медалін, оның ішінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль ұтып алып, жеңіп алынған алтын медальдар саны бойынша ресми емес командалық есепте 1 - орын, жалпы медальдар саны бойынша 1 - орынды иеленді.

Жеңіп алынған алтын медальдардың жалпы саны бойынша нәтижелер жақсартылып, сонымен қатар алдыңғы Азия ойындарынан жеңіп алынған алтын медальдар саны бойынша рекорд белгіленді.

Қазақстандық спортшылар ойындар бағдарламасына енген 11 спорт түрінің 10 - ынан – (шаңғыда спорттық бағдарлау, шаңғы жарысы, биатлон, фристайл, тау шаңғысы, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау, коньки спорты, допты хоккей) алтын медальдар жеңіп алды.

7 спорт түрінен жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды (шаңғымен спорттық бағдарлау, шаңғы жарысы, биатлон, фристайл, тау шаңғысы, шайбалы хоккей, допты хоккей), 2 спорт түрінен екінші және үшінші орынды иеленді (тақтай серіппеден шаңғымен секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау) және шорт-тректен, коньки спортынан 4 орынды иеленді.

2012 жылғы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Лондон қ. (Ұлыбритания) кезекті ХХХ жазғы Олимпиада ойындары өтті.

Олимпиада ойындарында әлемнің 204 мемлекетінен 10960 спортшы қатысып, 302 жүлде жиынтығы ойналды.

Жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес Лондондағы жазғы олимпиада ойындарының жарыстарын 3 млрд. астам адам тамашалағаны белгілі болды.

Аталған ойындарда Қазақстанның құрама командасы келесі спорт түрлерінен өнер көрсетті (бокс, ауыр атлетика, байдарка мен каноэда есу, академиялық есу, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, слаломмен есу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, оқ ату, стенд ату, жеңіл атлетика, садақ ату, жүзу, ашық суда жүзу, қазіргі бессайыс, семсерлесу, велошоссе, су добы, үйлесімді жүзу, теннис).

Қазақстан Республикасының Олимпиадалық құрама командасын 115 спортшы құрап, 24 спорт түрінен өнер көрсетті.

Қазақстанның құрама командасы 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальдарды иеленіп, ресми емес командалық есепте 12 орында. Ұпай саны бойынша 13 орынға ие болды.

2014 жылғы 7 -23 ақпан аралығында кезекті ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары өтті.

Олимпиада ойындарында өнер көрсету құқығына 10 спорт түрінен (фристайл, биатлон, коньки спорты, шаңғы жарысы, тұғырдан шаңғымен секіру, тау шаңғы спорты, шана спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, сноуборд) 52 спортшы ие болды.

Ойын қорытындылары бойынша Ванкувер олимпиадасының нәтижелерімен салыстырғанда біздің олимпиадашылармыздың өнер көрсетулері спорттық әлеуеті жағынан артқанын атап өткен жөн.

Алдын ала есептеулер бойынша, Сочидің ақтық бәсекелерінде:

- 6 спорт түрінен 15 спортшы әлемнің үздік спортшыларының ондығына кірді (Ванкуверде үздік ондыққа 2 спорт түрінен 6 спортшы кірген).

- Әлемнің үздік 20 спортшысының қатарына 21 спортшы кірді (Ванкуверде 14 спортшы).

- Әлемнің үздік 30 спортшысының қатарына 48 спортшы кірді (Ванкуверде 24 спортшы).

Денис Тен қазақстандық спорт тарихында алғаш рет конькимен мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдені еншіледі (Ванкувер – 11 орын);

Шорт-трек – командалық эстафетада 5 орын (Ванкуверде ойыннан алып тасталынды);

Фристайл могул – Дмитрий Рейхерд 5 орын (Ванкувер – 18 орын), Юлия Галышева – 7 орын (Ванкувер – 11 орын).

Фристайл акробатика – Жанбота Алдабергенова – 6 орын (Ванкувер – 23 орын);

Коньки спортында – Денис Кузин – 7 орын (Ванкувер 23 орын) және Роман Креч (28 орын).

Сондай-ақ Ванкувердегі нәтижелермен салыстырғанда тау шаңғысы спортында да біршама алға жылжу байқалды.

Қазақстанның құрама командасы 1 қола медальды иеленіп, ресми емес командалық есепте 26 орында.

Қазақстанда республикалық кешенді жарыстарды өткізу қайта жандандырылды:

-Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасы;

-Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасы;

-Қысқы жасөспірімдер ойындары;

-Жазғы жасөспірімдер ойындары;

-Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне 17 спорт түрінен халық спорты ойындары;

- Мүгедектертер арасындағы спартакиада;

- Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары;

- Мектеп және колледж оқушылары арасындағы қысқы және жазғы республикалық спартакиада.

Әлемдік спорттық аренадағы жетістіктерге Елбасымыздың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жан-жақты қолдауының арқасында қол жеткізілді.



№1 кесте
1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдар санының салыстырмалы кестесі





Олимпиада ойындары

Медальдар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

1

1994ж. Қысқы олимпиада ойындары

1

2

-

3

2

1996ж. Жазғы олимпиада ойындары

3

4

4

11

3

1998ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

2

2

4

2000ж. Жазғы олимпиада ойындары

3

4

-

7

5

2002ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

-

-

6

2004ж. Жазғы олимпиада ойындары

1

4

3

8

7

2006ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

-

-

8

2008ж. Жазғы олимпиада ойындары

2

4

7

13

9

2010ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

1

-

1

10

2012 ж. Жазғы олимпиада ойындары

7

1

5

13

11

2014ж. Қысқы олимпиада ойындары







1

1

БАРЛЫҒЫ:__17__20__22'>БАРЛЫҒЫ:

17

20

22

59



Ескерту: 1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін:

  • Қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль. Барлығы 7 медаль;

  • Жазғы Олимпиада ойындарында 16 алтын, 17 күміс, 19 қола медаль. Барлығы 52 медаль жеңіп алынды


№2 кесте
1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі жазғы Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдар санының салыстырмалы кестесі




Олимпиада ойындары

Медальдар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

1

1996 ж. Жазғы олимпиада ойындары

3

4

4

11

2

2000 ж. Жазғы олимпиада ойындары

3

4

-

7

3

2004 ж. Жазғы олимпиада ойындары

1

4

3

8

4

2008 ж. Жазғы олимпиада ойындары

2

4

7

13

5

2012 ж. Жазғы олимпиада ойындары

7

1

5

13

БАРЛЫҒЫ:

16

17

19

52


1994 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қысқы Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдар санының салыстырмалы кестесі





Олимпиада ойындары

Медальдар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

1

1994 ж. Қысқы олимпиада ойындары

1

2

-

3

2

1998 ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

2

2

3

2002 ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

-

-

4

2006 ж. Қысқы олимпиада ойындары

-

-

-

-

5

2010 ж. Қысқы олипиада ойындары

-

1

-

1

6

2014 ж. Қысқы олипиада ойындары







1

1

БАРЛЫҒЫ:

1

3

3

7

№3 кесте
1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі жазғы және қысқы әлем чемпионаттарында жеңіп алған медальдар санының салыстырмалы кестесі








Жылдар

Медальдар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

1

1991 ж. әлем чемпионаты




2

1

3

2

1993 ж. әлем чемпионаты

1

4

2

7

3

1994 ж. әлем чемпионаты

1




1

2

4

1995 ж. әлем чем пионаты

3

8

4

15

5

1996 ж. әлем чемпионаты







3

2

6

1997 ж. әлем чемпионаты

3

3

3

9

7

1998 ж. әлем чемпионаты

3







3

8

1999 ж. әлем чемпионаты

4

2

2

8

9

2001 ж. әлем чемпионаты




1

3

4

10

2002 ж. әлем чемпионаты

1







1

11

2003 ж. әлем чемпионаты

3

1

3

7

12

2004 ж. әлем чемпионаты







3

3

13

2005 ж. әлем чемпионаты

3




5

8

14

2006 ж. әлем чемпионаты

3

1

1

5

15

2007 ж. әлем чемпионаты

1

1

8

10

16

2008 ж. әлем чемпионаты




1




1

17

2009 ж. әлем чемпионаты

6




6

12

18

2010 ж. әлем чемпионаты

3

2

6

11

19

2011 ж. әлем чемпионаты

2

7

6

15

20

2012 ж. әлем чемпионаты

1

4

3

8

21

2013 ж. әлем чемпионаты

5

5

7

17

БАРЛЫҒЫ:

43

42

67

152


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет