СРСП 5
1.Әріп Тәңірбергенұлы айтыстары.
«Өзі ақын және қазақша, орысша оқыған адам. Шешендігі, тапқыр тілдігі бар ірі
ақынның бірі» деп М.Әуезовтың сүйсіне бағалайтын Әріп ақыны 15-16 жасынан бастап
ақындығымен аты шыға бастайды. Абай дәстүрінде жырлаған ол бірде келісіп, бірде
кетісіп қалып жүруіне қарамастан, оның бойындагы табиғи дарынның құнарланып,
нәрленуіне ұлы ақынның әсер-ықпалы ерекше мол. Шығармашылық ықпалы өз
алдына, өлеңдерін оқып, кемшілігін сынап, мінеп, кеңесші ұстаз райында да көп көмегін
тигізгені ақиқат. Бәлкім осы жағдай өз әсерін тигізген болуы керек, кемеңгер ұстаз үлгісі
Әріптің төлтума өлеңдерінен ғана емес, тіпті аударма еңбектсрінен айқын аңғарылып
жатады.
Талантты, суырыпсалма жас бірнеше рет ақындар айтысына түсіп, жеңіске жетеді.
Оның Көкбай, Әсет, Сәдір, Боранбай, Қуанышбай, Қаумст т.б ақындарымен айтысқаны
тарихтан мәлім. Көп ақындар секілді Әріптің де алғашқы ақындық қадамы - жастық-
махаббат, әзііл қалжың, айтыс өлеңдермен басталады.
Тарихи мәні әлі күнге дейін зор айтыс 1895 жылы Алматы облысының Қапал-Ақсу
өңіріндегі Тоғызқұмалақ мекенінде өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда
“Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа
Шайхисламұлы жариялады. Айтыстың алғашқы нұсқасы – 969 жол, 2-нұсқасы – 1080
жол.
2. «Біржан мен Сара» айтысының туу тарихы.
Біржанның бір бойында әншілік, айтыскерлік, ақындық өнері мен сал - серілік қасиеті
оның атақ - данқын шығарды. Сал Біржан, әнші Біржанды көруге асық болған халқы
“Біржан көрші ауылға келіпті” дегенді естігенде – ақ тайлы - тұяғы қалмай сол ауылға
барып, Біржан әнін өзінің аузынан естуге құмартқан. Жетісу өңірінде Сара атты әрі
әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын ақын
Біржан естиді. Сара Тастанбекқызы Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан
жоқшылықтың тауқыметін тартады. Сауықшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар
қауымы ортасында өседі. Атақты Мөлкебай қобызшы, Түбек ақындар сол өңірден
шыққан. 13 жасынан домбыра алып, әнші қыз шаршы топқа түседі. Сара жайында
естіген Біржан қасына бір топ жолдастарын ертіп, Сараның еліне келеді. Бұлар бірін -
бірі көрмесе де, сырттай танысып, көрісуді арман етіп жүреді. Сараның қажы аулына
кеткендігін естіп, оны іздеп шығады. Біржан келіп: “Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері”
деп хабар салады, жұрт жиналып қалады. Осылайша екі ақынның айтысы басталып
кетеді.
Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның
қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы хәлі
суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста
сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның
осындай аянышты хәліне күйінеді.
Біржан да, Сара да – үздік өнер иелері. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз
тани біледі. Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік
жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан,
көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады.
3.Абайдың ақындық мектебі.
Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен
сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі
орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын
танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.
Абай дәстүрі біз сөз етіп отырған ақындық мектепті де ішіне сыйғызып жіберетін кең
ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ
әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәтүр жалғастырушылар
десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің алдыңғы толқыны
ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың
ақындық мектебініңөкілдері болып табылады. Алайда, Абайдың ақындық мектебі деген
ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып
қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті
қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар
Әуезов былай деп жазады: «… Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия –
Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі
Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері».
Ақылбай – Абай айналасындағы шәкірттердің ішіндегі ең таланттысы. Бірде ауылына
келген Долгополовқа Абай өзі туралы да, балалары туралы да сын айтуын өтінгенде,
ол Ақылбайды: «Жай ұғады, шабан қозғалады. Бірақ ұққаны мен алғанын қайтып
жоғалтпайтын өнімі бар талант иесі. Тек онысын су түбіне кетіріп жүрген – жалқаулығы»
дегенді айтады. Ол «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зұлыс», «Жарақ батыр» атты
поэмалар жазды.
Мағауия әдебиет тарихында Абайдың ақындық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын
болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі
Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма
жазады. Поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Абылай», «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін
күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды.
Көкбай – он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын
ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абадың өлеңдеріне аты кірген жалғыз
Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол («Семейге Абай келсе
бізге думан», «Абайдай ұлы тумағы болар ғайып», «Абайдан сабақ алдым бала
жастан», «Жаннатта жаның болғыр Абай құтып», т.б. өлеңдері). Оның «Дүтбайға»,
«Күлембайға» сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған.
Көкбайдың «Сабалақ», «Құлынды», «Қандыжап», «Ғаділ патша қиссасы», «Арон
Рашид қиссасы»дастандары белгілі. «Сабалақ» дастанын мезгілі, мазмұны,
кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар
ретінде қарастыруға болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы,
композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиеттің
жалғастырушысы. Оның «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр»,
«Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты»,
«Ләйлі-Мәжнүн» т.б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан
«Поэты Казахстана» деген жинақта Ш.Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс
тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді.
Абайдың ақын шәкірттері өз шеберліктерін шыңдап қана қоймай, ұстазының
ұлылығын да барған сайын асқақтата түсті. Абай айналасындағы ақындық ортасының
ең басты қасиеті де, міне, осы бірліктен, идеялық, көркемдігі жоғары шығармашылық
тұтастығынан көрінеді.
4. Ғалымдардың айтыс өнері, әдебиет жайлы пікірлері мен ұстанымдары.
Айтыс - фольклор, ауыз әдебиеті, ақындар шығармашылығымен терең байланысып
тұрған ерекше синкретті жанр. Мұнда театрлық әрі драмалық өнердің басы қосылған,
сондықтан айтысты - фольклорлық театр, немесе фольклордың драмалық жанры десе
де болады.
С.Қасқабасов
Айтыс түрік тектес халықтардың барлығында бар, С.Сейфуллиннің тілімен айтсақ
«Қазақ болған түрік-моңғол руларының ескіден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір
саласы - айтыс сөздер». Алайда түрік-моңғол халықтарының көбінде айтыс негізінен
топтық түрде айтылатын әдет-салт айтысы деңгейінде ғана қалған, ал қазақ, қырғыз
(айтыш), әзербайжан (дейішме, мейхана), түрікте (атышма) екі әріптес бірін-бірі халық
көпшіліктің көзінше ашық жеңуді мақсат ететін суырыпсалма ақындар айтысы
дәрежесіне жетіп, кемелдене дамып, ХХІ ғасырға жеткен өміршең өнер. Сонымен,
әдет-салт айтысы түрік халықтарының бірлігі дәуірінде ел ішіне жайылған байырғы
құбылыс болғандықтан бауырлас елдердің барлығына ортақ, ал ақындар айтысы болса
әсіресе қазақ халқында классикалық дәрежеге жетіп дамығандықтан ол қазақ хандығы
заманына тиеселі, нақтырақ айтқанда отанымызда рулық-патриархалдық қоғамның
қайшылығы шығандаған кезеңде үдеп толыса түскен деуге болады.
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет
әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.
Ғ.Мұстафин
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн
өтейдi сөйтiп…
А.Байтұрсынұлы
Достарыңызбен бөлісу: |