Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері



Дата20.10.2023
өлшемі51,9 Kb.
#187231
түріСабақ
Байланысты:
4 практикаа-1 (копия)


№ 4 практикалық сабақ тақырыбы: ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы. XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жолы

  1. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.

Ол кезеңдегі айтыс өнерінің айтулы өкілдері Жанақ, Түбек, Орынбай, Шөже, Біржан, Сабырбай, Кабан, Ұлбике, Сүйінбай сынды ақындардың сөздері, айтыстағы ұтымды толғамдары ел ішінде күні бүгінге дейін сақталып жеткен. 1815 жылы дүниеге келген Сүйінбай Аронұлының айтыстары қазақ әдебиетінің тарихында аса зор орын алады. Ақынның атағы, даңқы, талант шеберлігі ХІХ ғасырдың ортасына қарай күллі қырғыз-қазақ жұртына кең таралып жеткен Сүйінбай Аронұлының жеті айтысы (Қарғамен, Тезек төремен, Қаңтарбаймен, Кескенкекілмен, Күнбала, Уэзипа және Қатағанмен айтыстары) қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» айтыс өнерінің ең бір үздік шығармаларының қатарында құнды мұра. Айтыстың алтын діңгегі Сүйінбайдың ой мен сөз өрімі шебер, ұғымды да ұтымды, суырып салма толғам дегенге қимайтындай келісті болып келеді.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1]


Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.[2]


Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері


Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.


Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.


Келіпсің айтысқалы, сүйрігім-ай
Бәйгеде озып жүрген жүйрігім-ай!
Білмеймін кесір-песір дегеніңді,
Алапқа атым шыққан мен Сүйінбай.
Шамаң бар меніменен сынасқандай,
Шығымды бала екенсің қыр асқандай,
Сылқым қыз, мені тергеп не қыласың,
Бір жатса екі жүйрік үнасқандай..."

Ақынның Уәзипамен айтысынан келтірілген бұл тармақтар өңі түспес қалы кілемдей қанық бояуымен көркем сөз мәдениетінің сол заманғы бір салмақты дерегі. Сүйінбайдың ақындық-жыраулық келбеті өз заманындағы ақындық өнердің табиғатын да толық байқатады. Бір бойында жыраулық пен ақындықты, әншілік пен айтыскерлікті қатар өрбіткен ақын- жыраулар табиғаты сол ғасырдағы әдеби даму процесінің ауыз әдебиеті дәстүрі мен жазба әдебиетінің мектебі ұштасқан көпжелілі ахуалын толық сездіреді. Сүйінбай да айтыс өнері мен жыраулықты, поэзияны ұштастыра ұстанған ақын. Ақын- жыраудың бірегей бітімі. Ықылым заманғы қаһармандық рухын көтерген «Бөрілі менің байрағым 12 өлеңі тарихилық дерегімен де, көркемдігімен де жаңа әдебиеттің классикалық нұсқаларының катарында халыққа кеңінен танымал туынды. Айтыстың тарихында жанрды тақырыптық, түрлік үлгі жағынан байытқан, дамытқан айтыстардың орны ерекше бөлек. Қабан ақын мен Таутан қыздың жұмбақ айтысы сондай мұралардың көрнектісі. Қолма-қол жұмбақ тығып, оны шешіп отыратын айтыстың бүл түрі шешендіктің де, білім-біліктің, асқан ақындықтың да жемісі. Әдебиет тарихындағы ондай айтыстардың сжелгі үлгілерінің бірегейі де осы «Қабан мен Таутан айтысы». 1733 жылы Жетісу өңірінде дүниеге келіп, тоқсаннан асып қайтқан Қабан жырау Асанұлы да өз заманының арқалы ақыны, қару ұстаған батыры. Қабан жырау 1824 жылы 43 дүние салған, уақытында маңайынан жау баспаған батырлардың бірі. Зерттеуде Қабан жыраудың өмір сүрген кезеңі туралы да әр түрлі пікірлер кездеседі.45 Сүйінбай Аронұлының алдында ғұмыр кешкен көрнекті тұлға, ақын-жыраулар ағасы. Қабан жыраудың «Қабан мен Тұмарша», «Қабан мен қыз» айтысы атты шығармаларымен бірге, замана тынысына үн қосқан толғау жырлары бар.


Бұл кезеңдегі айтыс тарихы сөз болғанда айтыстың шебері Ұлбике Жанкелдіқызының (1825-1849) тапқыр әрі білікті- лігімен мойны озық айтыстары дараланып тұрады. Ақын қыздың бірнеше айтыстарының ішінде Күдеріқожамен айтысы әдебиеттің үлгілі нұсқасы ретінде В.В. Радловтың жинаған еңбектерінің қатарында 1870 жылы баспа бетін көрген.
Ұлбикенің жұмбақ айтысы да тереңдігімен, біліктілігімен дара. Ақын қыздың білім-білігі, тапқырлығы Күдеріқожамен айтысындағы мынадай дерегінен де көрінеді. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбасы бойынша жеткен бұл деректе Күдеріқожа әкесімен ақылдасып келіп, «әліпбидегі» жиырма тоғыз әріптің екеуін қалдырып, қалғанын бір ауыз өлеңге сыйғызып айтқан екен. Соны қолма-қол аңғарған Ұлбике:

Кожеке, өлең айттың, кітап аштың,


Жау куды ма, асығып, неге састы?
«Шын» мен «жиымды» қалдырып қара басып,
Құранды аяғыңа қалай бастың?!!? -

Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбаи, Мұрат, Тоғжан, Сара сынды енер иелерінің дәл XIX ғасырда шоғырлана көруінің тарихи себебін М. Әуезов замана беталысынан ашады. “Ел тіршілігінің жауынгерлік дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алган кезінде, Сарыарқакы сайкалдап оңды-солды шарлап жүргек бір алуан адамдары, осындай сөз батырлары кешегі Жанақ, Кемпірбай, Шөже, сол акындардың үлгісі ел ортасында соларға үксамақ болган жігіттер


көбсйген” М.Әуезов айтыс ақындары өлеңін мағына жағынан бірнеше түрге
бөлді. Біржан мен Сара өлеңдерін ру күндестігі, ру жарысы, ру мақсатының өлеңдеріне жатқызады.
М.Әусзов бір алуан айтыс бас мінесуге арналған өлеңдер деп,
Мұрат пен Жантолы айтысынан үзінді берсді. Кемпірбай мен Шөже
айтысы да сол үлгідс дейді.
Ксмпірбай: Бес намаз, он екі иман жанга пайда,
Қалайын бір сөйлесіп осындайда.
Біреуге мал, біреуге бас қайғы ғой,
Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда.

Шөже: Ұстараның жүзіндей ауған дүние,


Мені көріп шабықтың мұнша неге.
Ай мен күн, жер мен көкті көргенім жоқ
Кемпірбай, ақылың болса, маған тиме
Баласы Жаныс марқұм Сәтібай мырза,
Құран оқи барамын қаралы үйге.
Кемлірбай.........
Айтыстын келесі бір алуаны ру аралык жуандык, зорлық өлеңі
деп, Сабырбай мен Тасыбай айтысы мысалға алынады.
Сабырбай:
Ақтайлақтың баласы Сабыр ермін,
Бәйгеден күнде келген қарагермін.
Қанай Төбет елімді екі шапты;
Бэлем, аргын, етіңді тірі жермін...

М.Әуезов жіктеуінде төртінші түр, сирек кездессе де, білім


таласы. “Ол күнде білім - дін білімі. Сондықтан кұранның аятын
айтысады. Дін жүзінен жүмбақтар айтып, соны шешіседі”.
Шөже: Кемпірбай көкте не бар, жерде не бар.
Жаратқан кеше мақлұқ, қадір жаппар.
Алланың достысы кім, дұшпаны кім.
Өзіңнен сұрайтұғын әр сөзім бар.
Кай күні қарасақ та майдан болып,
Кай күні өлім қошқар бауыздалар...
Кемпірбай:
Болғанда жерде Мәди көкте Айса,
Алты күнде жаралды екі дүние.
Жүйтілік Тәбілт-Жәбілт екі жылан
Мүнсалда көріп едім осылайша.
Жеті қат жер астында көк өгіз бар,
Дуние бұзылғанша өлмей түрар,
Кай күні қарасатта майдан болса,
Осы күні аяім қошқар бауыздалар...[ 122, 158

Шөже Қаржаубайұлы (1805-1891) Кемпірбаймен, Балтамен, Шортанбаймен, Орынбаймен, т.б. ақындармен айтысқа түсіп, жеңген. Шөже айтыстарының көпшілігі негізінен ру жартысын жырта сөйлеген тұстарда кызып кетіп, бар жалынымен шалқиды. Арғы төркіні кырғыз деп коп тиіскен айтыскерлерден Шөже өзінің хактың сөзін сөйлеуімен өзгешеленіл, ерекшелсніп отырған.


Сәтбайдың асында Шөжені көріп, қайдан, неге жүр деп тиісе, тіксіне сөйлеген Кемпірбайға Шөже:
Баласы Жаныс мырза - Сәтбай марқүм,
Орнына дұға оқыдым сыйлап рухын.
Бір мирас өткендерден бізге жеткен,
Өлікке көңіл айтып келеді әркім
Кемпірбай тағы тиіседі, көзін айтып кемсітеді.
Асыма шақырмаган келдің жетіп,
Алатау бөксесінен басып өтіп!
Бул елде қожа, молда қүрып па?
Қу соқыр неге келдің жетектесіп?
Ақыры Шөже айтысып-айтысып келіп “Көзіме он жеті акын түк
кылған жок’\ сенің не амалың бар деп, Кемпірбайды дін жұмбағын
айтып сөзден тосады.
Түбектін Жанакпсн, Тезек төремен, Қарқабат, Құлмамбетпен
айтыстары, Жанак пен Түбектің айтысы XIX ғасырдың аяғында
бірнеше басылым көрді. Сақталып жеткен айтыстары Түбектің аса
әйгілі сөз дүлдүлі болғанын айғақтайды.Тезек төрс Түбекке үш жүзден аскан Түбек, озған Түбек деп сөйлсйтін түстары бар. Аталған айтыстардын басым көпшілігінде Түбек жсңіп отырган.
Тезек төре мен Түбектің айтысында Тезек кара сөзбен сойлейді.
Жалпы Тезек төренің көпшілік айтысы белгілі акындармен қара соз
дау түрінде келтүстарған.
Тезек төремсн айтысында төренің патшаға жаққан қылығын, таңдап алған ханшасына тиісе сейлейді. Өзі жаманда деген төреге Түбек айтарын айтып, елден жиып келе жаткан дүниесін, енді не жетпей, соны сұрал келгенін айтады.
Жанак пен Түбек айтысында да ру, жеке бастың артықшылық,
кемшілігі текетірес сөз додасына түседі.
2.Жазба айтыс дәстүрінің дамуы. XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жолы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, C.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Ә.Қоныратбаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардын айтысты теориялық жолмен зерттеуі.
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде
аз, енді бірінде мейлінше мол дамыған. Бұл кездегі жазу-сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет – ғұрып, салт-санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жанр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету – әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа
басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.
Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс
өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан
дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты.
Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.

Осы орайда, А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX


ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі.
А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін -айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік арна екендігін айғақтай түсетін түйін.

Мысалға, Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне қатысын көрсетеді.


Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі.


Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады.
М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі
сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын
белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен Мәйкі қыздың айтысын» мысалға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара», «Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін айтады.
Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс
өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл, Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар
айтысын үш түрге бөліп қарастырады: 1) Мұсылмандық ағартушылық
айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар.
Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау
қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады.
Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер
жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады.

3.Айтыс өлеңі – XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.


Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады


. Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады.
Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілізерттеулер жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпыәдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретіндеқарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады.
Айтыс өлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұнымен тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына қарай бөлінеді. Ал, екіншісі – ақындардың шын мәніндегі өзара айтысы. Қазақ айтысыныңкүрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды.

Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет- ғұрпына сай туындаған. Ол міндетті түрде халықтың жиналған жерінде, яғни той-тамаша, ойын-сауық үстінде шығарылатын болған және оны шығарушы ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы, бастапқы үлгісі болып табылады. Бастапқыда ол ойын-сауық ретінде жиналған халықтың көңілін көтеру, күлдірту мақсатынан туындаған. Өлең құрылысы жұрттың жаттап алып айта беруіне ыңғайлы болған. Айтыстың мұндай түрінде, нағыз ақындар айтысының үлгісіндегідей, тың тақырып, күрделі де көкейкесті әңгімелер, көкіректі жарып шыққан ой түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл-желпі сөз, әзіл-оспақ, ойын түрінде болып келеді. Тағы бір ерекшелігі – бұл айтыста халықтың тұрмыс- тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен түсініктері біте қайнасқан.


Әрине, бұны сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты туған айтыстың кемшілігі деп қарастырмау керек. Керісінше, ол – айтыс өлеңдерінің дүниеге қалай келіп, өзінің алғашқы қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында аңғартып, мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет.
Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Олар: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы «жар-жар» мен «бәдік айтысы» айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көне, ескі үлгілері қатарында болып саналады.
Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып саналатын айтыс түрлері халықтың жиналған жерінде жұртты көңілдендіру, сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс түрлері болса керек.
Айтыс өлең - XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы. Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында. Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.

4. XIX ғасыр әдебиеті бастан кешкен сан түрлі сапалық түр, жаңарып өзгеру, түрленулердің айтыс жанрына ықпалы.


ХІХ ғасырда айтыс жаңғырды, жаңа қырынан түлеп, толысты. Халықтың түрмыс-салтына ауадай сіңген айтыс өнері мен әншілікпен астасқан ақындық тақырыбы жағынан да, көркемдік шеберлігі жағынан да қай кезеңде болсын белгілі бір дәстүрлі сипатта кең таралған. Жаңа кезеңнің тынысы бұл жанрларға да өзгеше мәнер, бояуын ала келгендей еді. Қоғамдық қарым- қатынастардың, отаршылдық саясаттың күллі сөз өнеріне, ұлт санасына ықпалынан әлеуметтік, азаматтық мағына айқындала түссе, ол зандылық халық әдебиетінің ең бір өзекті нұсқалы түрі айтысты да айналып өтпеді. Айтыс мағына байытты, оның үстіне жанр іштей түлей түсті, жаңа сипаттар дарытты, бұрын көп таралмаған, әлде мүлде кездеспеген түрлері пайда болды. Бір ғана айтыстың жанрлық сыр-сипаттарының көпқырлы келуі әдебиеттің даму жолындағы өзіндік заңдылығы, өзгеше құбылыс екендігінің белгісі. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің: «Бұрынғылар домбыра ұстап айтатұғыннан: «Қайым білесің бе?» деуші еді. - «Кайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен. Сонда «Қайым» өлеңнің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі мақал, тақпақ...39, - дегені де сол түстағы айтыстың тарихи жолын парықтауға бастайды. Айтыстың өлеңмен өрнектелген қайым түрінің алғашқы көрінісі де XIX ғасырдың алғашқы кезеңіне сәйкес келетіндігі анықтап айтылған. Яғни, қазіргі заманғы айтыстарда оқта-текте көрініп қалып жүрген қайым өлеңнің кемінде екі ғасырлық тарихы бар. Одан ерте өте ежелгі дәуірлерден белгілі «сүре айтыс», «шешендік бәсеке» секілді түрлері өз алдына. Алғашқы белгілері ежелгі түркі ескерткіштерінен кездесетін айтыстың тарихи даму жолы өте ұзақ, бірде өрістеп, бірде жоғалып кетіп аумалы-төкпелі сипатты келетіні байқалады. Сондықтан, ұлттық әдебиеттің бұл басты да көне жанры жайында кезқарастар мен пікірлер де әрқилы. Айтыстың тарихы мен теориясы арнайы зерттеліп, байсалды қарастырылатын өнер саласы. Бұл ретте қазақ әдебиетінде айтысты тереңнен тарта зерттеп, зерделеген ғылыми көзқарас қалыптастырған ғылыми- зерттеу еңбектердің өзінше бір салиқалы желісі жүйеленді. Ақындық, жыраулық өнер жан-жақты дамыған ХІХ ғасыр әдебиетіндегі айтыстың орны да ерекше зор. Бір жағынан, бүл айтыс дәстүрінің арыны қайта қоймаған, ел ішіндегі әсері өте күшті байқалған түс.

Мәшһүр Жүсіп «бұрынғылардікі мақал, тақпақ..» дегенде ежелгі айтыстарға қарағанда, жаңа дәуірдегі айтыстың ерекшелігін меңзеген. «Жұмбақ айтыс» та, үш ақынның қатар айтысуы да осы ХІХ ғасырда қалыптасып дамыды.


1.XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары. Шөже Қаржаубайүлы (1834–1895). Өмірі. Айтыстарының әлеуметтік мәні. Орынбай, Кемпірбай, Балта, Шортанбай ақындармен айтысы. Арнау өлеңдері. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жырлауы. Ақын жөнінде Ш.Уәлихановтың айтқаны


ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже Қыржаубайұлы, Кемпірбай ақын ,Орынбай Кертағыұлы, Сүйінбай Аронұлы, Нұрым Жаршағұлұлы, Балта, Тезекбай ,Омар құл, Тәбия ,Түбек, Мұрат, Сүгір т.б.
Шөже Қаржаубайұлы 1808 жылы қазіргі Нұра ауданыны жерінде кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақ халық ақыны, жыршы. Аталары Қуандық. Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күндікте өткен адамдар. Өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Өлең шығару таланты жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған.
Шөже – өрен жүйрік айтыс ақындарының бірі. Айтыстарға катысқанда қалыптасқан әлеуметтік — философиялық көзқарастары болды.
Адамгершілікке жат кесілді кемшіліктерді әшкерелейді.
Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де,сыншылдығымен де көзге түседі. Ол Кемпірбай, Тезекбай, Жәмішбай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай Тазбала және қыз ақындарымен айтысқан. Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екі жүзді зұлымдылығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшекерелеумен кеңінен танымал болған.
Шөже айтысқа түсіп қана қоймай, кезінде арнау өлеңдер де айтқан. Оның бізге жеткен бірнеше толғаулары да бар. Олар: «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәуке, осынша не қылды бейілің қашып», «Домбыра шыққан тыңқылдан», «Жиылған көп жамағат отыр қоршап», «Ассалаумағалайкум, қара Бәйтек», «Бәйтікке», «Кім өлсе, соған түсер заман ақыр», «Қос құлаққа», «Ерден батырға», тағы басқалар.
Асқақ жыршы, лирикалық-эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндегімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Ш. Уалиханов 1864 жылы 6 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» дастанының ең таңдаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.
Шөженің көрнекті ақын ретінде танылып, қалың қауымның назарын өзіне аударғанына, сөйтіп шығармаларының қағаз бетіне түсе бастағанына 130 жылдай уақыт болды. Шөжені алғаш тілге тиек еткен Шоқан Уалиханов. «Соқыр жырау Шөже Атығай руының Жаңа-қырғыз бөлігінен, негізгі тұрағы Әбілхайыр Ғаббасов сұлтанның жанында», дейді ғалым.

ХІХ ғасырдағы көптеген ірі айтыс ақындарының тамаша бір ерекшелігі - көне эпикалық жырларды ауызша орындап, ауызша сақтап, кейінгі ұрпақтарға ауызша жеткізуінде. Шөженің осы саладағы еңбегінің өзі оның атын әдебиетіміз бен мәдениетіміз тарихында мәңгі сақтап, әркез мақтанышпен атауымызға толық мүмкіндік береді. Шоқанның айтуынша, Шөженің жыршылық репертуары мейлінше бай болған. Ол Шығыстан келген діни және махаббат дастандарымен қатар, қазақтың қолтума жырларында шебер орындап, кейінгі дәуірге мейлінше толық та көркем дәрежеде жеткізіп отырған. Соның бір дәлелі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының атақты Шөже нұсқасы.


Шөже Қаржаубайұлы – ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі тұлғаларының бірі 1895 жылы қайтыс болған.

2.Орынбай ақын (1813–1895). Өмірі. Серәлі, Тоғжан, Шөже, Шортанбай ақындармен айтысы. Арнау өлеңдері. Олжабай батыр туралы жыры. Шоқан Уәлихановқа қазақ поэзиясы үлгілерін таныстыруы


Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей елі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер.
Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич О-дың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал ақын “ақындардың төресі” атаған. “Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі” Ы.Алтынсарин құрастырған “Киргизская хрестоматия” (1879) оқулығында жарияланды. Ш.Уәлиханов “Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде” деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің құрылымын, жүйесін талдады. В.В. Радлов (1870), Я.Я. Лютш (1888), С.Сейфуллин (1931), С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, т. б. зерттеушілер жоғары бағалап, шығармаларын жинап, жариялаған.
Орынбай Бертағыұлының тағы бір қыры ұлтымыздың біртуар перзенттері мен даналарына арналған өлеңдерінен көрінеді. Негізінен, ақынның бұл өлеңдері арнау өлең түріне жатады. Соның ішінде ақынның «Шоқан қайтыс болғанда, Шыңғыс пен Зейнепке айтқан көңілі», «Жазы бидің көңілін сұрағаны», «Зілқараның Әлібегіне», «Абылай туралы», «Ерден батырға айтқаны», «Хан келді Абайділдә он жыл жатып», «Тұрлыбек өлгенде айтқаны», «Әпеке биге айтқаны», «Төрде отырған төрелер» сияқты өлеңдері мәлім.
Ата қоныстары қоңсы қонғандықтан Орынбай Шоқанның әкесі Шыңғыс үйінің қадірлеп сыйлайтын, әрдайым қошеметтеп қарсы алатын жанына айналған. Шоқанның әдебиетке жақын болуына, есейіп ер жеткен шағында қазақ ауыз әдебиетінің талай шығармаларын зерттеп, жазып алуына себепкер болған да Орынбай ақын. Шоқан да Сырымбетке келген кездерінде Орынбайдың өлеңін айрықша ұнататынын айтып, арнайы шақыртып ұзақ тыңдайтын болған. Оның қазақ ақындары арасындағы биік беделін сол кездің өзінде-ақ аса жоғары бағалаған.

Сүйінбай Аронұлы (1822–1895). Шығармашылық мұрасы. Ақын өлеңдерінің әлеуметтік астары. Тіл кестесі. Айтыстары. Бақтыбай, Түбек ақындар. Өмірі. Айтыстары.


Сүйінбай Аронұлы 1822 жылдың шілде айында қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Сүйінбайдың әкесі Арон, аталары Күсеп, Жиенқұлдардың тұрған ескі мекендері қазіргі Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қарайтын Екейқұм деген жер. Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл ақын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.
“Өтеген батыр ”,“Саурық батыр ”, “ Сұраншы батыр”,“Жабай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.
Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сақталған.
Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.)
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму жақты көркем суреттелген. Сүйінбай сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан- поэзиясы терең философиясымен, ой өрнек-айшықтарымен ерекшеленді.
Бізге белгілі екі үлкен айтысының бірі - Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы -- халық арасына кең тараған, әлеуметтік мәні терең, көпке белгілі, әйгілі айтыс. Осы уақытқа дейін ұмытылмай хатқа түсіп, елдің қызыға айтып, тамсана тыңдап келе жатқан көркем дүниесі. Бұл-Сүйінбай
Аронұлының есімімен тұңғыш рет қалың қазаққа көрші қырғыз еліне танытып, Даңқынасырған
сөз жарысы еді. Бұл айтыста қазақ халқының феодлдық дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі, заңы, әдет ғұрпы, экономикалық халі анық көрінеді. Сұлтандар билеген замандағы елге жасалған зорлық, түрлі қиянат, қысым шебер ашылған.Және айтыста халықтың үстем тап өкілдеріне наразылығы, ашу-ызысы, кегі бейнеленген. Еңбекші бұқараның хан- сұлтандарға айта алмай отырған ойы Сүйінбай арқылы өткір айтылған.

Бақтыбай Жолбарысұлы (1842, Алматы облысы,Текелі - 1902, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы,Балдырған жайлауы) — айтыс ақыны.Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан. [1] Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді. Төренің айбынынан ықпай, оның әлсізге жасаған зорлық- зомбылығын бетіне басады. Ақынның өзге де әділетсіз бай, болыс, т.б. мықтыларды әшкерелеген өлең, айтыстары көп.


Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болғанымен, айтыс өнері оны биікке суырып-салма шеберліктің, тапқырлық пен
көтерді. Мәйке қызбен, Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бәйімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы батылдықтың айқын үлгісі.
Ақынның "Едіге - Нұран" көлемді дастаны да сақталған. Бақтыбайдың шығармалары 1987 жылы "Жел қобыз" деген атпен жеке кітап болып шықты.
Түбек Есенқұлов [1] -(1780, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік т. ж. бекеті - 1870, Жалғызтал қыстағы) - айтыс ақыны.Найман ішінде сыбан руынан шыққан.
Жастайынан ақындық талантымен танылған. Сыбаннан шыққан он алты ақынға бас болып, арқалы ақын Жанақ Сағындықұлымен айтысқан. 1830 жылы Түбек Керекуде апалы-сіңлілі Жәкежан, Айымжан деген қыздармен үш күн бойы айтысып, жеңіске жеткен. М.Әуезов бұл айтысқа ерекше тоқталып, жоғары баға берген. Поляк зерттеушісі А.Янушкевич 1848 жылы Семейде болған кезінде Т. ақынмен кездесіп, “Қырғыз даласынан жазылған хаттар мен күнделіктер” атты кітабында ақын талантына сүйсініп, ол туралы тебірене жазған. Құлмамбет ақынмен атақты Тезек төренің үйінде 1863 жылы сөз сайыстырып, жеңіске жетуі Түбектің даңқын Жетісу өлкесіне мәшїүр еткен. Сондай-ақ Түбектің Қарқабат, Орынбай, Сабырбай, Қосан, Бақтыбай, т.б. жыр жүйріктерімен сөз қағысулары белгілі. Түбектің ақындық өнері жас Абай шығарм-на да әсер еткен, Абай айтыскер ақынды ұстаз тұтқан. Бұл туралы Әуезов “Абай жолы” эпопеясының 1-кітабында жазған. Түбекті жыр алыбы Жамбыл да ұстазы санап, 1863 жылы онымен жүздесіп, ерекше әсер алғандығын естеліктерінде айтып кеткен. Түбектің ақындығын В.В. Радлов, Ы.Алтынсарин жоғары бағалап, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырған жинаққа енгізген. Халық ақыны Қ.Алтынбаев “Қалбатау” кітабында (1997) Түбек өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеу мақаласын жариялаған.

4.Қашаған Күржұманұлы (1840–1924). Өлең-толғау, арнаулары. Айтыстары. Қашаған шығармаларындағы замана қалпы.


Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Дашоғыз уәлаяты Мырзабасы ауылында - 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленген) - ақын.


Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп:«Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», адамгершілік, ізгілік қасиеттерді-«Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны», дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын:«Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны» жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін- шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған.
5. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұра, өмірбаян деректерінің жиналу, басылым жайы.


Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады. Айтыс десе халықтың есіне ең алдымен әйгілі «Біржан-Сара», «Сүйінбай мен Қатаған», «Шөже мен Кемпірбай», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Әсет пен Ырысжан», «Жамбыл мен Айкүміс» сияқты жыр сайыстарының түсетіні белгілі. Ел ішінде өтіп жататын жиын-той, ас беру сияқты түрлі халықтық дәстүр-салтқа байланысты мерекелерде немесе жәрмеңкелерде, жұрт жиналған жерлерде ақындар айтысы болып тұрған. «Қайымдасу», «Қағысу» сияқты айтыстың ыңғайлы жеңіл түрлері көбіне осындай бас қосуларда көрініс береді. Ал ел мен жердің тағдыры сынға түсер, салмақты, салиқалы жиындар мен кеңестерде немесе әйгілі адамдардың асында, айтыс өнерінің ең таңдаулы майталмандары ғана сынға түскен. Мысалы, «Сүйінбай мен Қатаған айтысының» өмірге келуіне сол кездегі көршілес жатқан қазақ-қырғыз халықтарының тарихындағы елеулі оқиғалар себеп болған.
«Айтыс өлеңдері» атты мақаласында М. Әуезов фольклордың басқа жанрларына қарағанда ақындар айтысында қыздардың, әйелдердің қатынасының көп жүретіндігін айтады. Мұның өзі, – дейді зерттеуші «айтыстың басқа өнер түрлеріне қарағанда үлкен өзгешелігі. Анығында, қазақ фольклорындағы ең бай жанр – айтыс десек, нелер жүздеген, хатқа түскен айтыстарды қарасақ, солардың көптен-көбі еркек ақын мен қыз ақын, әйел ақындар арасында болған айтыстар екенін көреміз» [18, 288 б.]. Шынында да, халықтың асыға тосып, қызға тамашалайтын айтыс түрі, «Қыз бен жігіт» сөз қағысулары екендігі белгілі. Айтыс тарихына зер салсақ «Ұлбике мен Күдері қожа», «Қыз Болық пен Елентай», «Айқын қыз бен Жарылқасын қожа», «Кеншімбай мен Ақсұлу», «Әсет пен Ырысжан», «Жамбыл мен Айкүміс», «Омарқұл мен Табия», «Қыдырбай мен Табия», «Жүсіп қожа мен Шөкей қыз», «Әжек пен Шәріпжамал», «Қадиша мен Ысқақ», т.б. айтыстарды молынан ұшыратуға болады.
Сонымен, ақындар айтысының даму эволюциясы уақыт өткен сайын, өзінің қоғамдық маңызы мен рухани қуаты тұрғысынан толығып дами отырып, XVIII– XIX ғасырларда қазақтың толыққанды төлтума өнері ретінде биік шыңға көтерілді. Бұлай деп кесімді пікір айтуымызға «Қазақ әдебиеті тарихы» кітабындағы ( Бірінші кітап, I том) айтыс өлеңдеріне қатысты тарауда, қазақ фольклорындағы айтыс жанры, есте жоқ ескі замандардан бері қарай созылып келгендігі айтылады, сондай-ақ халық сүйген жанр болғандықтан, көпшілік мол қолданғандықтан бұл жанр Октябрь революциясынан кейін де Советтік Қазақстанда кең өріс алып, мол жайылумен келеді. Ең ескі айтыс түрлері қазақ фольклорында топ-топ болып өзінше хормен айтылатын, ескі салт өлеңдерінен басталып, содан бері келе жатқан ақындар айтысынан өрістеп ауысқан тәрізді. Мезгілінде жазылып қалмағандықтан қазір біз XVI–XVII–XVIII ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ, сол ғасырларда да айтыстың мол болуы даусыз» [21, 674 б.] деген пікірлер келтіреді. Дегенмен де XVI– XVII–XVIII ғасырлардағы айтыс үлгілері сақталмағанымен сол кезеңдердегі ақын-жыраулар жыр-толғауларының біразы бүгінгі ұрпақ кәдесіне жарауда. Бұл туралы біз зерттеуіміздің «Жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріне әсері» атты таруда толығырақ тоқталатын боламыз. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырда өткен айтыс ақындарының мұрасы барынша жинақталып, әр айтысқа қысқаша түсініктеме берілген жүйелі еңбек Қазақ ССР Ғылым академиясына қарасты М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының бірінші, екінші томдарында топтастырылған. Бұдан ертеректе «Жазушы» баспасынан 1965, 1966 жылдары жарық көрген «Айтыс» топтамасының үш томдығында аталмыш мұра үлгілерінің мол қоры қамтылған.
Тест жауаптары:


1.В
2.С
3.Д
4.А
5.Д
6.А
7.С
8.А
9.С
10.С
11.В
12.Е
13.А
14.Д
15.А
16.А
17.В
18.С
19.С
20.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет