1.Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ



Дата19.10.2023
өлшемі16,5 Kb.
#186742
Байланысты:
Қола дәуірі тест


1.Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ
А) Оңтүстік Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан С) Шығыс Қазақстан D) Батыс Қазақстан Е) Орталық Қазақстан
2.Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым.
А) Ақышев В) Массон С) Герасимов D) Алпысбаев
Е) Алексеев
3.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір
А) Қола В) Энеолит С) Темір D) Палеолит Е) Неолит

4.Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең


А) Неолит В) Энеолит С) Темір дәуірі D) Палеолит
Е) Қола дәуірі
5.Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі
А) Жердің бетінде салынған тұрақтарда В) Тыстағы ұраларда С) Ет пен сүтті кептіріп сақтаған
D) Арнайы қыш құмыраларда Е) Жер еден астындағы шұңқырда
6.Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті
А) Андронов В) Беғазы-Дәндібай С) Орталық Қазақстан
D) Дәндібай-Қарасу Е) Беғазы-Атасу
7.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы
А) б.з.б. 20-18 ғасырлар В) б.з.б. 18-16 ғасырлар С) б.з.б. 16-14 ғасырлар D) б.з.б. 14-12 ғасырлар Е) б.з.б. 12-8 ғасырлар
8.Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал.
А) Сиыр В) Жылқы, қой С) Сиыр, жылқы D) Жылқы, түйе Е) Түйе, ешкі

9.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл


А) 1926 В) 1931 С) 1946 D) 1954 Е) 1938
10.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым
А) Массон В) Ақышев С) Алпысбаев D) Марғұлан
Е) Гумилев

11.Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері


А) Өзендердің жағасында В) Орман арасында С) Жазық далалы аймақтарда D) Кез-келген жерде Е) Тау аңғарларында

12.Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс


А) Шағалалы В) Степняк С) Атасу D) Беғазы
Е) Алексеевка

13.Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған


А) Терімшіліктің дамуы В) Егіншіліктің паида болуы
С) Рудың қалыптасуы D) Малды қолға үирету
Е) Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы

14.Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі


А) Палеолит В) Қола дәуірі С) Неолит D) Темір дәуірі
Е) Мезолит

15.Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары


А) Молдалар В) Қарилар С) Ақсақалдар D) Абыздар
Е) Тайпа көсемдері

16.Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері


А) Ел басқару В) Әскери істерді қадағалау С) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау D) Жер бөлу ісімен айналысу Е) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу
17.Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы
А) Мыс пен темір В) Қалайы мен күміс С) Алтын мен мыс D) Күміс пен алтын Е) Мыс пен қалайы
18.Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым.
А) Алпысбаев В) Ақышев С) Марғұлан D) Сатпаев
Е) Төлеубаев

19.Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны


А) Нарым, Қалба В) Қаратау жоталары С) Тарбағатай, Сауыр D) Жезқазған, Ақшатау Е) Қарқаралы, Ақшатау
20.Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар
А) Астаулар В) Шөміштер С) Қазандықтар D) Қалыптар
Е) Донна пештері
21.Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең
А) Полеолит дәуірі В) Мезолит дәуірі С) Неолит дәуірі
D) Темір дәуірі Е) Қола дәуірі
22.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі
А) Қазандар В) Саптыаяқтар С) Шыны ыдыстар D) Көзе құмыралар Е) Кеселер
23.Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті
А) Беғазы В) Дәндібай С) Атасу D) Қола Е) Андронов
24.Қола дәуірінің ең алғашқы скерткіштері табылған жер.
А) Арқайым В) Петровка С) Андронов D) Боголюбов
Е) Беғазы
25.Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар
А) Андронов, Беғазы В) Петровка, Боголюбов
С) Арқайым, Атасу D) Петровка, Қызылжар
Е) Дәндібай, Атасу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет