2. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар



Дата24.09.2023
өлшемі167,3 Kb.
#182271
түріСабақ
Байланысты:
2.Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар


2.Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар
Көрнекілік әдісі – мұғалім сабақта тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді (табиғи,жасанды, техникалық, дыбыстық және көрнекі құралдар) пайдаланып жадығатты түсіндіретінін айтып өтемін.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кітаптары – оқулықтар, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
2.Көрнекі құралдар:кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар т.б.
3.Техникалық құралдар:үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет,модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланады.

Көрнекілік – оқытуда заттар мен дыбыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көру, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық құбылыс. Көрнекілік тәрбиешілердің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарға қарап, оқу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары» ғылым өнерді, кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білулері керек деген.
Көрнекілік ежелден қолданып келе жатқан принцип, әсіресе балабақшада әр түрлі жас топтарда жиі қолданды.
Көрнекіліктің негізгі түрлері:
1. нақты көрнекілік – яғни заттар мен құбылыстарды тікелей көрсету;
2.бейнелеу көрнекілік – бұл сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма;
3.дыбыстық – үнтаспа, диафильм;
4. көркем сөз арқылы бейнелеу – мұғалім оқушыларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл баяндау.
Аталған көрнекі құралдары тәрбиеші сөзін тереңдетіп шыңдай түседі. Балалардың дүниетанымын жетілдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет