56. Тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы АҚЖ сақтандырудың негізгі шарттары
Тасымалдаушының міндетті АҚЖ келісім-шарты үшінші жақтың (жолаушының) пайдасына жасалған келісім-шарт болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігі келесі жағдайларда пайда болады: өмір мен денсаулыққа қатынасында, жүкке қатынасында .
57. Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.
4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
1. Аудиторлық ұйымның аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк зиян келтiрiлген аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Мыналар аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жауапкершiлiгi сақтандырылған аудиторлық ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру; тараптардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
Достарыңызбен бөлісу: |