2 лабораториялық ЖҰмыс ұзындықТЫ, ауданды және көлемді өлшеу



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#90675
  1   2   3
Байланысты:
MEX-2


2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ҰЗЫНДЫҚТЫ, АУДАНДЫ ЖӘНЕ КӨЛЕМДІ ӨЛШЕУ


2.1. Жұмыстың мақсаты: Бұрыштық және сызықтық шамаларды өлшеу әдістерін игеру, бұл өлшеулердің дәлдігін шамалау. Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу әдістерін игеру.
2.2. Қысқаша теориялық кіріспе
2.2.1. Физикалық зерттеулердің көпшілігінде (мысалы лабораториялық жұмыстарда) керекті шама тікелей өлшенбейді. Алдымен біз басқа да бір х1, х2, х3 … шамаларды өлшеп, содан соң бұл шамалардың функциясын у = f (х1, х2, х3…) есептеп шығарамыз. Функцияның ең ықтималды мәнін алу үшін тіке өлшеулердің <х1>; <х2>; <х3> … орта арифметикалық мәнін пайдаланамыз. Тіке өлшеудің қателігін шамалау № 1 жұмыста көрсетілген.
2.2.2. Өлшеудің қателіктері әдетте аз шамалар болып табылады (олардың квадраты өлшеудің дәлдік шегінен тыс жатады), сондықтан өлшеулердің қателігін есептеу үшін дифференциалдық есептеу аппаратын пайдалануға болады. Жанама өлшеулер жүргізгенде мынандай жағдайлар болуы мүмкін:
1. у - бір айнымалының функциясы, яғни у = f(x). Бұл жағдайда  жеткілікті дәлдікпен
(2.1)
деп жазуға болады. Теңдіктің екі жағын да Стьюдент коэффициентіне көбейтсек:
, (2.2)
мұндағы х - берілген  ықтималдық үшін сенімділік интервалы.
2. Егер у бірнеше айнымалылар х1, х2, … хn функциясы болса және бұл айнымалылар үшін 1, 2, … n белгілі болса, онда:

немесе:
, (2.3)
мұндағы – функцияның xi аргументі бойынша дербес туындысы; жеке аргументтердің стандартты ауытқулары.
Функцияның сенімділік интервалын есептеу үшін мына формуланы
, (2.4)
пайдалануға болады (егер барлық тіке өлшеулердің сенімділік интервалдары бірдей сенімділікпен анықталса). Бұл жағдайда функцияны анықтаудың сенімділігі аргументті анықтаудың сенімділігіне тең болады. Соңғы нәтижені мына түрде жазуға болады: берілген  = k % мәні үшін y =  y, мұндағы – таңдап алынған сенімділік ықтималдығы.

      1. Бірқатар жағдайларда жанама өлшеулердің қателігін табу үшін (2.4) формуласының орнына басқа формула қолдануға болады. Егер у = f (х1, х2, х3…) көбейтінді, бөлшек немесе дәрежелік функция түрінде берілсе, онда алдымен салыстырмалы қателікті табу керек. Мысалы, егер

,
онда:
. (2.5)
Өлшенетін шамалардың бәрінің дәреже көрсеткіші бірге тең болатын жағдай үшін (2.5) формуласы мына түрде жазылады:
, (2.6)

яғни, ондай функциялар үшін салыстырмалы қателік тікелей өлшеулердің салыстырмалы қателіктерінің квадраттарының қосындысының квадрат түбіріне тең.



      1. Тікелей өлшеулердің сенімділік интервалы мына формуламен анықталатындығын еске түсірейік

,
хi – жеке өлшеудің нәтижесі,
N – өлшеу саны,
t,N – берілген сенімділік  үшін Стьюдент коэффициенті.
Бір қарағанға өлшеу санын шексіз ұлғайтсақ, өлшеу қателігі мейлінше аз болатындай көрінеді. Әрине, бұл дұрыс емес. Мейлінше аз болатын қателік тек қана кездейсоқ қателік, ал приборлық немесе жүйелік қателік сол бетінде қалады. Ең аз бөлігінің құны 1 мм болатын линейкамен қанша көп өлшеу жүргізгенмен өлшеу дәлдігін 0,5 мм-ден арттыра алмаймыз. Сондықтан өлшеу саны туралы мәселені арнайы қарастырайық. Еш уақытта бір ғана өлшеумен шектелуге болмайды. Егер үш рет өлшеу жүргізгенде өлшеу нәтижелері бірдей болса, ары қарай өлшеу жүргізудің қажеті жоқ, өлшеу қателігі прибордың қателігіне тең болады (прибордың ең аз бөлігінің құнының жартысымен немесе прибордың дәлдік класымен анықталады).
Егер өлшеу нәтижелері бірдей емес, әртүрлі болса, онда өлшеулер санын кездейсоқ қателік прибордың қателігенен аз болатындай етіп сайлап алу керек. Оның шамасын біле отырып, кездейсоқ қателіктің өлшеу дәлдігіне әсерінің аз болатындығын қамтамасыз ететін өлшеулер санын табуға болады. Бұл үшін 2.5.1 әдебиетіндегі үлесімен алынған интервалдар көрсетілген
№1 кестені пайдалану қажет. Сенімділік коэффициенті 0,95 болғанда кездейсоқ қателік стандартты ауытқудан (х1) үлкен емес болу үшін, кемінде 7 рет өлшеу жүргізу қажет. Бұдан әрі, егер өлшеу саны туралы арнаулы сөз болмаса, өлшеу санын 7-ге тең деп қабылдаймыз.
Егер өлшеу нәтижелерін математикалық түрде өңдегенде сенімділік интервалы прибордың қателігімен шамалас болса, онда толық қателік мына формуламен анықталады:
. (2.7)

      1. Кейбір жағдайда эксперимент жасаудың бастапқы шарттары бір орында тұрмайды. Мысалы, космостық бөлшектер ағынының интенсивтігін зерттегенде, бөлшектердің әр секунд аралығында келу саны бақылаушының еркіне тәуелді емес.

Мұндай жағдайда әрбір жекелеген тікелей өлшеу нәтижесімен жанама өлшенетін шаманың нәтижесі есептеледі. Содан кейін барлық жекеше есептелген жанама шаманың нәтижелері бойынша оның арифметикалық орташа мәні және тікелей өлшеулер үшін есептелгендей жанама өлшенген шаманың қателігі табылады. Осы айтылғандай өлшеу нәтижелерін тікелей өлшеу әдісімен өңдеу деп атайды.
Мысалы, механика лабораториясында бұл әдіспен баллистикалық маятниктің көмегімен атылған оқтың жылдамдығын анықтауға арналған тәжірибенің нәтижесі өңделеді, өйткені оқтың бір нүктеге қайтып түсуі практика жүзінде мүмкін емес, т.с.с.
2.2.6. Бұл жұмыста дұрыс геометриялы формалы денелердің көлемін анықтау мысалында жанама өлшеулердің нәтижесін өңдеу әдісімен танысамыз. Дененің көлемі сызықты өлшемдерді анықтау арқылы табылады.
2.2.7. Ғылым мен техникада ұзындық пен қашықтықты өлшеу үшін әр түрлі дәлдігі бар көптеген приборлар қолданылады.Ұзындықты өлшеу үшін нониусы бар масштабты линейка кеңінен пайдаланылады. Нониус деп өлшеу дәлдігін 10-20 рет арттыратын сызықтық немесе дөңгелек масштабқа қосымшаны айтады.
Сызықтық нониус дегеніміз масштабты линейканың бойымен қозғала алатын бөліктері бар шағын линейка. Нониустың m бөлігі негізгі масштабтың (m -1) бөлігіне сәйкес келеді (2.1 суретті қараңыз).
Негізгі масштабтың бөлігінің құны белгілі, ол а - ға тең болсын (әдетте, а=1мм). Нониус бөлігінің құнын х деп белгілейік.
Онда:
бұдан,
2.1 сурет. Сызықтық нониус

Масштаб пен нониус бөліктерінің құнының айырмасын нониустың дәлдігі деп атайды


. (2.8)
Дененің ұзындығын өлшеу үшін, оның басын масштабтық линейканың нөлдік бөлігімен, ал шетін нониуспен сәйкестендіреміз. Онда заттың ұзындығы
,
мұндағы – нониустың "О"-дік белгісінен сол жақта орналасқан негізгі масштабтың ең жақын бөлігінің нөмiрі (2.2. суретті қараңыз).
Нониус бөлігінің құны негізгі масштаб құнына тең болмағандықтан, масштабтың әйтеуір бір бөлігіне ең жақын сәйкес келетін нониустың бөлігі табылады, онда 2.2. суретінде көрсетілгендей:

демек,
. (2.9)

2.2. сурет. Дене және сызықтық нониус

Сонымен, нониус арқылы өлшенетін кесіндінің ұзындығы, өзінің бөлік құнына көбейтілген негізгі масштабтың бөліктерінің бүтін санына, нониус дәлдігіне көбейтілген, негізгі масштабтың әйтеуір бір бөлігіне сәйкес келетін, нониус бөліктерінің нөмiрін қосқанға тең.


Нониус дәлдігі әдетте, өлшеуіш прибордың өзінде көрсетіледі. Нониус арқылы жүргізілген өлшеулердің қателігі нониус дәлдігіне тең.
2.2.8. Штангенциркуль
Сызықты нониус штангенциркуль конструкциясында қолданылады. Штангенциркуль құрамына (2.3. суретті қараңыз) LA аяқша бекітілген миллиметрлік масштаб М (прибордың шкаласы) енеді. Масштаб бойымен N нониус қозғала алады, ал онымен екінші аяқша LB мен F білтемеше байланысқан. Штангенциркульдің қозғалатын бөлігінің C қысқыш винті бар. Егер А мен В аяқшалары тиісіп тұрса, онда шкала мен нониус нөлдік бөліктері сәйкес келеді. Дененің сыртқы өлшемдерін білу үшін оны А және В аяқшаларының ортасына орналастырып, аяқшаларды затқа тиіскенше қозғаймыз. Бұдан кейін қозғалатын аяқшаны С қысқышпен бекітіп, шкала бөліктерін санаймыз. Бүтін милиметрлер саны тікелей прибордың шкаласынан нониустың нөлдік бөлігіне дейінгі аралықпен анықталады, ал миллиметрдің бөліктері жоғарыда айтылғандай нониуспен анықталады. Ішкі өлшемдер үшін LL аяқшаларды, ал тереңдікті өлшеу үшін F білтемешені қолданады. Штангенциркульді нониусы n = 10, 20, 50 бөлік болатындай етіп дайындайды.
2.2.9. Микрометр
Дәлірек өлшеулер үшін микрометрлік құралдар қолданады. Олар әртүрлі типте дайындалады: сыртқы, ішкі, тереңдік өлшемдерін анықтау үшін.
Сыртқы өлшемдерге арналған микрометр (2.4 суреттті қараңыз) тағамен байланысқан тұтас сабақтан (стержень) тұрады. Сабақтың жалғасы ретінде микрометрлік винт (А) орналасқан. Өлшеу жүргізгенде дене қозғалмайтын сабақ пен микрометрлік А винттің қозғалатын жақтауының арасында орналасады. Микровинтті дыбыс шығаратын қондырғы (трещотка) В арқылы бұрайды, бұл кезде С барабан сабаққа салыстырғанда ілгерiлемелі қозғалады. Микрометрдің есеп жүргізетін құрылымы екі шкаладан тұрады. Сабақтың горизонталь шкаласы әр бөлігінің құны 0,5 мм болатын қос шкала болып табылады, олар бойлық сызықтың бойына орналасқан және жоғарысы төменгісіне қарағанда жарты бөлікке ығысады. Барабанның дөңгелек шкаласының бөлік саны n = 50 болсын. Микровинттің қадамы h = 0,5 мм, яғни микровинт (онымен қоса барабан) толық бір айналғанда барабанның шеті 0,5 мм-ге қозғалады. Дөңгелек шкаланың бөлігінің құны:
.




    1. сурет. Штангерциркуль: LA - қозғалмайтын аяқша,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет