2 Тіс жұлу аспаптары



Дата28.04.2020
өлшемі17,94 Kb.
#64951
Байланысты:
свбак


2)Тіс жұлу аспаптары. Негізгі тіс жұлу аспаптары анатомиялық қысқыштар, элеваторлар. Қысқыштар ұш бөліктен тұрады: 1) Жақтары – тістердің анатомиялық құрылысын есепке алып ішін ойық етіп бедерлеп жасалған. Тіс сауытын, немесе түбірдің қалған бөлігін қоса ұстайды. 2) Саптары – дәрігер ұстайтын бөлігі. 3) Құлыбы – қысқаштың екі бөлігін бір-бірімен бекітеді

3)Үстіңгі күрек тістерді жұлу. Орталық күрек тістің түбірі жуан, ұшы дистал бағытқа қарап аздап иілген. Бүйірдегі күрек тістің түбірі жіңішке, оның ұшы таңдайға қарай әжептәуір иілген.Тік қысқыштың бір жағы күрек тістің таңдай бетін, екінші жағы кіреберіс бетін ұстайтындай етіп салады. Одан соң қысқышты жылжытып, сыға ұстайды. Кейінгі қимыл ротация мен люксация. Люксация алғаш сыртқа, сосын таңдайға қарай. Сол бүйірдегі күрек тісті жұлғанда науқастың басы аздап оңға қарай бұралады (немесе керісінше). Сол қолдың 1-2 саусақтарымен альвеола өсіндісін сыға ұстап, 2 саусақ үстіңгі ерінді ығыстырады. Жалпы күрек тістерді жұлу аса қиын емес.Үстіңгі сүйір тістерді жұлу. Науқастың басы аздап қарсы жаққа бұрылады. Тік қысқашты күрек тістегідей етіп саламыз. Сүйір тістің тамыры жуан, ұзын болғандықтан оны жұлу үшін едәуір күш жұмсауға тура келеді. Люксация мен ротацияны кезек қолданады. Үстіңгі кіші азу тістерді жұлу. 4-ші тістің кейде 2 түбірі болады, бір түбір болған кезде де оның ұшы екіге ажырап барып бітеді. Түбірлер жіңішке, ұзын болады. Сондықтан ротация жасауға болмайды.5-ші тістің түбірі біреу-ақ, оның екі бүйірі сығылған. Оны жұлғанда ротация, люксация жасауға болады.Жалпы 4-5 ші тістердің түбірлері дистальды бағытқа қарай иілген. Үстіңгі үлкен азу тістерді жұлу. Үстіңгі моляр тістердің 3 түбірі болады. Олардың біреуі таңдай, екеуі ұрт түбірлері. Ұрт түбірлері бір-біріне жақын, ал таңдай түбірі олардан алшақ, оқшау орналасқан. 3-ші молярдың түбірлері түрліше болып келеді, олар кейде бірігіп те кетеді.6-7-ші тістерді S – тәрізді жағының бірінде қылқаны бар қысқышпен жұлады. Оның қылқаны тістің ұрт түбірлерінің арасына кіріп, қылқанның екі жағындағы ойықтар сол ұрт түбірлерін ұстап, ал таңдай түбірін қысқыштың жұмыр жағы ұстайтындай етіп салады.

4) Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтімТіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Операциядан соң жиналған заттарды зерттеп, егер гранулема қалып қойса оны кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады.Тісті ырғағанда орнынан сырғаған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді. Дөңгелек сіңір де қалыпты жайына жақындайды.Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орынына кетгут жіптер салынады. Кілегей қырлары бір-біріне жақындаса да жеткілікті, олар сүйекке жабысып, ұядағы ұйысқан қанды ұстап қалады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10 – 15 минуттай ұстау керек.Қан тамырларының тарылып, тромбпен бітеліп қалуынан кейде ұя бос қалады. Бұл дұрыс емес, себебі бос ұяға сілекей, тамақ қалдығы кіріп оның қабынуына себеп болады. Бұл кезде хирургиялық қасықшасымен ұя қырларын, түбін қырып, майда тромбтарды алып, науқастың басын төмен салбыратып ұяға қан толтыру жолын қарастырады.Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тамақ ішуге, ауыр жұмыс істеуге ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Бұлар ұядағы ұйысқан қанды шайып, қан тамырларын кеңейтіп ұядан тоқтамай қан ағуына себеп болады. Тамақ жылы жұмсақ болғаны жөн.Ертеңінде тамақтан соң ғана жайлап ауыз шаюға болады. Тіс жұлдырған соң бірнеше сағат 1 – 2 күн бойы ұя орнында ауырсынған сезім бірте-бірте азайып барып жоғалады. Осы мерзім ішінде шыққан қан аралас түкірік бастапқы түсіне қайта оралады.Периодонт пен жақ сүйектегі жедел ағымды қабыну процесі болса, жараны тігу мен ұяны кюретаж жасауға болмайды. Кескен жерден, тіс ұясынан ірің шықса ауызды антисептик ерітінділерімен шаю керек. Тіс ұясынан қан тыйылмаса, 1 – 2 күн ішінде тіс орнының ауырғаны қоймаса, тіпті күшейіп кетсе, кейінге қалдырмай дәрігерге қаралу қажет.

5) Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан
кейін болатын асқынуларТісті жұлу кезінде болатын асқынуларды жалпы және жергілікті асқынулар деп бөледі. Жалпы асқыну жағдайлары: естен тану, коллапс, шок, жұлынған тістің тампонның, ұйыған қанның, тыныс жолына өтіп кетіп кептеліп қалу нәтижесінде болатын тұншығу жатады. Олардың пайда болуына- операция алдында қорқу, құрал жабдықтардың, түкіргіштегі қанның көрінісі, дәрігердің науқасқа селқос әсер етеді.Сонымен бірге организмнің қажуы, жүрек қан тамырларының зорығы, жұқпалы аурулар, себепші болуы мүмкін. Жансыздандырудың толық әсер етпеуі, науқастың ауруды сезінуі тыныс және жүрек қан тамыр орталықтарының жұмысына әсер етіп оларды әлсіретеді.

6) Медициналық картаны толық және сапалы толтыу емдеу үрдісінің айырлмас бөлігі және дәрігердің маңызды міндеттерінің бірі. Медициналық картамен жұмыс науқас клиникаға алғаш келуден басталып, барлық стоматологиялық аурулардың диагностикасы, емі және алдын алу шараларының негізді екенін көрсетеді. Сонымен қатар медициналық карта құқықтық құжат болғандықтан, дәрігер мен науқастың арасында жауаптылыққа байланысты құқықтық сұрақтардың шешімі ретінде негізгі жауап көзі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет