№2 Зертханалық жұмыс
Желілік коммутаторды (switch) қолдану
Мақсаты: Cisco Packet Tracer симуляторында бірнеше компьютерді бір коммутаторға қосып, байланысын тексеру. Коммутатор мен компьютерді консольдық кабель арқылы байланыстыру. Коммутаторға логин және құпиясөзді енгізуді орындау және құпиясөзді шифрлау.
Зертханалық жұмыс тапсырмалары
Cisco Packet Tracer бағдарламасында төрт компьютер мен бір коммутаторды байланыстыру.
Бір коммутаторға төрттен көп компьютер мен ноутбукты байланыстыру.
Зертханалық жұмысты орындауға арналған нұсқаулық
Коммутация (switching) - құрылғыларды бір-бірімен ауыстырып қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру; құрылғыларды сұрыптау және олармен байланыс орнату. Қашықтағы терминалды компьютерге жалғастыру (қосу).
Коммутатор, жалғауыш (коммутатор; switch, switching hub) — екі және одан көп құрылғылар арасындағы мәліметтер ағынының бағытын өзгертіп (үзіп- жалғастырып) тұратын құрылғы.
Коммутаторлар заманауи Ethernet локальді желілерінің маңызды бөлігі болып табылады. Кішігірім жергілікті желілерде (кішігірім кеңселерде немесе үй кеңселерінде) бір коммутаторды пайдаланған кезде, үлкен жергілікті желілерде бірнеше басқарылатын қосқыштар болады (басқарылатын қосқыштар коммутатордың жұмысын өзгертуге арналған командалық жол интерфейсі сияқты әдістерді ұсынады). Деректер байланысы қабатында жұмыс істейтін коммутаторлар, оның порттарына қосылған құрылғыларға, әр порт үшін жекелеген соқтығысу домендерін құру арқылы кедергілерсіз байланысуға мүмкіндік береді. Коммутаторлар сонымен қатар бірнеше қабаттарда (мысалы, деректер байланысы, желі немесе көлік) жұмыс істей алады. Бұл қосқыштар көп қабатты қосқыштар деп аталады.
Коммутаторлар мен хабтар (hub) желілік сегменттерді өзара байланыстыру үшін қолданылуы мүмкін болса да, маңызды айырмашылықтар бар. Хаб - бұл барлық басқа порттардағы хабқа келетін трафикті жіберетін қарапайым құрылғы. Бұл соқтығысуды тудыратын көптеген трафик ағынына әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, коммутаторлар оған қосылған құрылғылар туралы белгілі бір ақпарат жинап, кіріс трафикті тек тиісті порт (тар) арқылы бағыттайды. Бұл коммутаторда бір уақытта байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан хабтар кішігірім желілерге жарамды, ал коммутаторлар үлкен трафик бар үлкен желілер үшін қолайлы.
Коммутатордың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады.
Зертханалық жұмыстың 1-тапсырмасы бойынша Cisco Packet Tracer симуляторына 4 компьютер және 2960 коммутаторын таңдаймыз.
1.1-сурет – Коммутатор мен компьютерлерді таңдау
Төрт компьютерді жұмыс істеу бөліміне қойдық. Енді осы компьютерлердің ІР адресін енгіземіз. Ол үшін таңдаған компьютердің үстінен тышқанды екі рет шертеміз. Ашылған терезден “Desktop” таңдау керек. Ашылған терезеден IP Configuration таңдап, шыққан терезеге 192.168.1.1 IP адресін енгіземіз. Subnet Mask «по умолчанию» қалады.
1.2-сурет – IP адресін енгізу
Дәл осылай екінші компьютерге де ІР адресін енгіземіз. Екінші компьютерге 192.168.1.3 ІР адресін береміз. Үшінші компьютерге 192.168.1.4, төртінші компьютерге 192.168.1.5 ІР адрестерін береміз.
Осыдан кейін компьютерлерді тікелей кабель арқылы коммутаторға жалғаймыз. Оны 1.3-суретте көрсетілгендей FastEthernet0/1 таңдап жалғаймыз.
Дәл осылай басқа компьютерлерді де коммутаторға жалғау керек. Бірақ FastEthernet0/2, FastEthernet0/3 және FastEthernet0/4 таңдалынады.
1.3-сурет – Компьютер мен коммутаторды жалғау
1.4-сурет – Кабель арқылы компьютер мен коммутатордың байланысы (жасыл жұмыс жасап тұр дегенді білдіреді)
1.5-сурет – Командалық жолға “ping” жіберу және жұмыс жасап тұрғандығы туралы хабарлама көріну
Достарыңызбен бөлісу: |