2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы


Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі



бет8/8
Дата12.11.2016
өлшемі1,57 Mb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7   8

10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі - жоспарланбаған
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)

Тест тапсырмаларының нұсқасы

1. Роман- мемуар жазған жазушыны атаңыз:

А. Ө. Қанахин

В. Ғ. Мүсірепов

С. С. Мұқанов

Д М. Мағауин

Е. Ә. Кекілбаев

2. «Көкпар», «Қараой», «Көк қаршыға», «Ақбозат», «Қаражаяу» шығармаларының авторы.

А. Қ. Ысқақов

В. Б.Мұқаев

С. С. Елубаев

Д. Т.Әлімқұлов

Е. Н. Ғабдуллин

3. І. Есенберлиннің «Қаһар». Кенесарының бас жендетінің аты кім?

А. Ошақбай

В. Сойыл

С. Барыс


Д. Қараүлек

Е. Жебір


4. Төменде аталған қай поэма Қ. Аманжоловтікі?

А. «Әлия»

В. «Мәншүк»

С. «Абдолла»

Д. «Т. Тоқтаров»

Е. «Гастелло»

5. «Ақша бұлт» кімнің жинағы ?

А.Ж. Саин

В. Ә. Сарсенбаев

С. Қ. Бекхожин

Д. С. Мәуленов

Е. Ж. Сыздықов

6. «Түркістан қалай туған» очеркінің авторы кім?

А. Ғ.Мұстафин

В. Ғ. Мүсірепов

С.С. Мұқанов

Д. М. Әуезов

Е. Б. Майлин

7. «Т. Бокин», «Сенім», «Теміртау» романдарының авторы кім?

А. К. Ахметбек

В. Б. Нұржекей

С. З. Шашкин

Д. З. Қабдолов

Е. С. Жүнісов

8. «Ақбоз ат» романында тұлпарға сатылған әйел кім?

А. Айша


В. Гүлнаш

С. Нұрила

Д. Әсем

Е. Әсия


9. Ә. Тәжібаевтың бір поэмасындағы қазақ пен түрікпен арасындағы қантөгісті тоқтатқан өнер адамын белгілеңіз!

А.Сүгір


В. Абыл

С. Ақан сері

Д. Сейтек

Е. Қазанғап



10. Күллі саналы өмірін, жас ғұмырын досына құрбан ететін кейіпкер қай романда суреттелген?

А. «Құрманғазы»

В. «Сібір Омар»

С. «Ахан ақтаев»

Д. «Сұлушаш»

Е. «Ақсақ құлан»

11. Қайсар, Арман образдарын қай поэмадан кездестіреміз?

А. «Оралдағы отты күн»

В. «Жесір тағдыры»

С. «Сұңқар туралы аңыз»

Д. «Тасқынға тосқын»

Е. «Қыран дала»

12. «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Аңыз ата», «Жылдар жылдар» тәрізді эпикалық жоспардағы туындыны жазған кім?

А.Ж. Молдағалиев

В.Ж.Нәжімеденов

С. Ғ. Қайырбеков

Д. Х. Ерғалиев

Е. М. Шаханов

13. «Мен-қазақпын», «Жесір тағдыры», «Сел», «Қыран дала», «Байқоңыр баспалдағы» дастандарының авторы кім?

А.Х. Ерғалиев

В. Қ. Бекхожин

Д. Т. Айбергенов

С. Ж. Молдағалиев

Е. М. Мақатаев

14. Қазақ өлеңінің ірі тұлғасы драматург, ғалым, сыншы. Ол-кім?

А. Д. Әбілев

В. К. Салықов

С. Ә.Тәжібаев

Д. Х. Ерғалиев

Е. Т. Жароков



15. Баллада, поэма жазуда жаңашылдық көрсетіп жүрген ақын, қоғам қайраткері. Ол-кім?

А. Қ. Мырзалиев

В. И. Сапарбаев

С. М. Шаханов

Д. Иран-Ғайып

Е. Т.Молдағалиев

16. «Оралым», «Дариға, сол қыз», «Май келді», «Ақын өлімі туралы аңыз» т.б классикалық туындылар қай ақындыкі?

А. Ж. Саин

В. С. Жиенбаев

С. Ж. Нәжімеденов

Д. Қ. Аманжолов

Е. Қ. Мырзалиев



17. Қара толқын орман шашын

Жұлды талдап снарядтар.

Мәңгі мекен көл жағасын

Тастап суға сүңгіді жар. – Бұл қай поэмадан алынған үзінді?

А. «Жыр туралы жыр»

В. «Күләнда»

С. «Камила»

Д. «Ақын өлімі туралы аңыз»

Е. «Толағай»



18. «Шопанның азапты өмірі», «Тар жолдағы достың аярлығы» қай шығармада орын алған?

А. «Қош бол, Гүлсары»

В. «Ақбоз ат»

С. «Боран»

Д. «Сайтан көпір»

Е. «Қар қызы»

19. Алмасхан, Кіші Ханша, Шидүрге, Жақан шофер, Еңсеп т.б кімнің шығармасында ұшырасады?

А. Ә. Нүрпейісов

В. С. Ерубаев

С. Ә. Тарази

Д. Ә. Кекілбаев

Е. А. Сүлейменов

20. «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жиырма бесінші көктем» т.б жыр жинақтарының авторы?

А. Қ. Мырзалиев

В. К. Ахметова

С. Т. Молдағалиев

Д. Ғ. Орманов

Е. Т. Медетбеков

21. «Т. Бокин», «Сенім», «Теміртау» романдарының авторын атаңыз.

А. К. Ахметбеков

В. Б. Нұржекей

С. З. Шашкин

Д. З. Қабдолов

Е. С. Жүнісов

22. «Ақбоз ат» романында тұлпарға сатылған әйел кім?

А. Айша


В. Гүлнаш

С. Нұрила

Д. Әсем

Е. Әсия


23. «Құпия қыз», «Біздің дастан», «Жамбыл тойына» дастандарының авторы кім?

А. Ж. Саин

В. Ә. Тәжібаев

С. Д. Әбілев

Д. Қ. Аманжолов

Е. А. Шамкенов

24. «Мен Гамлет те емеспін. Менің орнымда Гамлет те «Ия өмір, ия өлім!» дей алмас еді. Мен өз елімде, өз жерімде басы артық, керегі жоқ жандаймын». Бұл монолог қай романнан?

А. «Қаһар»

В. «Үркер»

С. «Жат қолында»

Д. «Елім-ай»

Е. «Оянған өлке»

25. Қазақ халқының өткен тарихын зерттеп, романдар дестесін жазған қаламгерді атаңыз:

А. С. Сматаев

В. М. Мағауин

С. Ә. Кекілбаев

Д. І. Есенберлин

Е. Ә. Әлімжанов

26. Сәкен мен Шоқан өмірін өз пьесаларына арқау еткен жазушы кім?

А. С. Талжанов

В. Т. Кәкішев

С. С. Қирабаев

Д. С. Мұқанов

Е. Ә. Нүрпейісов

27. Жәдігер, Әзім, Бәкизат қай романның кейіпкерлері?

А. «Боран»

В. «Сенім»

С. «Доктор Дарханов»

Д. «Сең»

Е. «Мінәжат»

28. Таңдамалы өлеңдері «Әр күн – арайлы таң» жинағына топтастырылған ақынды белгілеңіз:

А. О. Асқар

В. Т. Молдағалиев

С. О. Сүлейменов

Д. С. Сейітов

Е. Ә. Тәжібаев



29. «Мен қазақпын», «Жыр туралы жыр», «Сел», «Қыран-дала» т.б поэмалардың авторы кім?

А. Т. Айбергенов

В. М. Шаханов

С. Қ. Бекхожин

Д. Ж. Молдағалиев

Е. Т. Бердияров



30. Т. Бокин туралы пьесаны атаңыз?

А. «Заман осылай басталды»

В. «Сен қайтер едің?»

С. «Ақын жүрегі»

Д. «Есірген ерке»

Е. «Ертіс жағасында»



Емтиханға дайындалатын сұрақтар

1. 1917-40 жылдардағы қазақ прозасының жанрлық байлығы, стильдік алуандығы

2. 1917-40 жылдардағы қазақ прозасының проблематикасы

3. Лирикадағы автор мен кейіпкер ара қатынасы

4. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған поэмалардың көркемдік поэтикасы

5. Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі.

6. Қ. Аманжоловтың поэтикасы

7. С. Мұқанов романдарының текстологиясы

8. И. Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.

9. Ғ. Мұстафин прозасындағы тарихи шындық және көркемдік шешім

10. Ғ. Орманов поэзиясының көркемдік ерекшелігі

11. Т. Жароков поэзиясындағы эпитеттер

12. Х. Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар

13. Қ. Аманжолов поэзиясындағы қаһармандық және трагедиялық пафос

14.Қазақ прозасының көркемдік ерекшелігі (1940-60)

15. Қазақ прозасының көтерген тақырыптары (1960-80)

16.Әлем әдебиетімен байланысы

17.Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері

18.Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақ поэзиясы

19.Ұлы Отан соғысы кезеңіен кейінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері

20.Қазақ поэзиясының проблематикасы мен поэтикасы

21.Дәуір шындығы мен көркемдік шындықтың арақатынасы

22.Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақ драматургиясы (1940-1960)


Ауызша тапсырма сұрақтары:

1. Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі.

2. Қ. Аманжоловтың поэтикасы

3. С. Мұқанов романдарының текстологиясы

4. И. Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.

5. Ғ. Мұстафин прозасындағы тарихи шындық және көркемдік шешім

6. Ғ. Орманов поэзиясының көркемдік ерекшелігі

7. Т. Жароков поэзиясындағы эпитеттер

8. Х. Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар

9. Қ. Аманжолов поэзиясындағы қаһармандық және трагедиялық пафос

10 Ұлы Отан оғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму жолдары

11. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті

12. Жамбылдың ерлік, елдік тақырбындағы өлеңдері

13. М. Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

14. М. әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектері

15. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

16. С. Мұқановтың романдары

17 . Мұқановтың ғылыми-зерттеу еңбектері

18. И. Байзақов өлеңдерінің жанрлық ерекшелігі

19. Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі

20. Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармалары

21. Ғ. Мүсіреповтің тарихи романдары

22. Ғ. Мұстафиннің тарихи романдары

23. Ғ. Орманов лирикасындағы замана шындығы және ақын әлемі

24. Т. Жароков поэтикасындағы эпикалық пафос және баян

25. Х. Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы.

26. Қ. Аманжоловтың поэтикасы

27. Қ. Аманжоловтың ақындық шеберлігі.

28. Соғыстан кейінгі қазақ романдарының басылымдары.

29. М. Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

30. М. Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектері

31. С. Мұқановтың ғылыми-зерттеу еңбектері

32. И. Байзақов өлеңдерінің жанрлық ерекшелігі


Глоссарий

Әңгімелеу (ор. повествавание)композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Әңгімелеуде мезгілдегі оқиғаның дамуы, құбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы баяндалады.

Байласым – күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдермен

Диалог – (грек. – сөйлесу, әңгімелесу) – екі адамның тіл қатысуы.

Мәтін (текст) - латынша «textus» байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналық байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі.

Монолог (грек. monos - бір, loqos -сөз) – бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы.

Суреттеу (сипаттау) (ор. описание) композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол болмыстағы заттар мен құбылыстардың қандай да болмасын бір белгісін не белгілерін бейнелейтін мазмұндық сипатқа ие.

Тақырып (ат) - Шығарма тақырыбы мағыналық тұтастықты ұйымдастыруда ерекше қызмет атқарады.

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті



Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан)
«Білімді бағалау схемасы»





Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Апталар

%

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Жеке жұмыс (реферат)

2

8










+







+










+







+




3

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

0,5

7




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

СӨЖ, ОЖСӨЖ

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Р1 + Р2




60














































7

Емтихан




40




8

Қорытынды




100

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:


А+

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық



Курс саясаты және іс-жосығы /процедурасы/

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет /жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша/.



Сабаққа қатысу:

Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.



Аудиториядағы тәртіп:

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:



  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

Өз пікірін дәлелдесе;

Сабаққа белсенді қатысса;

Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса;



Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.



Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



Өзіндік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.


12. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалы және мультимедиялық құралдар жоқ
13. Арнайы жабдықталған аудиториялар мен лабораториялар жоқ
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет