р/с№№
|
Ескертулер мен ұсыныстардың мазмұны
|
Оларды орындау бойынша шаралар
|
Орындау мерзімі
|
Орындауға жауапты
|
Бақылауға жауапты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Көріктендіру, санитарлық жағдай, жолдар мен көшелерді жөндеу мәселелері бойынша
|
1.
|
Победы, 18 көшесі бойынша орындықтардың орнын ауыстыру туралы мәселені шешу (Иванова Тамара Николаевна – сол жақ жағалау тұрғыны, Победы көшесі, 18).
|
МО әкімі өкілімен бірлесіп орынға шығумен мәселенің басын ашу және Победы, 18 көшесіндегі МПК басқармасымен және тұрғындармен кездесу
|
2013 ж. наурыз
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
№ 18 мектеп айналасын жарықтандыру мәселесін шешу.
Нефтебазада аялдама қою.
Павлодарская және Сатпаева көшелері қиылысындағы жолды тегістеу (Арғынғазы Омарбеков – ардагерлер кеңесінің мүшесі).
|
Жарықтандыру үшін ЖСҚ әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта қаражат қарастырылмаған.
Нефтебазада аялдама қою ағымды жылы қарастырылады.
Қиылысты қазбалау мәселесі мүмкіншілікке қарай қарастырылады.
|
2013-2014 ж ж.
|
О. К. Исмаилов
Ш. М. Жұмақсанов
|
Д. А. Гариков
Н. Ж. Нұрғалиев
|
|
Нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының жанындағы жолды жарықтандыру және асфальт төсеу (Гилева Татьяна Игоревна – нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының ата-аналар комитетінің өкілі).
|
Паровозная көшесі бойынша жолды күрделі жөндеуге ЖҚС әзірлеу қажет. Ағымды жылы Паровозная көшесі ЖҚС әзірлеу тізіміне енгізілді, 2013 жылғы 21 ақпанда конкурс жарияланып, алайда конкурс сұранымының жоқтығына байлынысты конкурс өткізілген жоқ. Осы көшені жарықтандыруға 2013 жылы қаражат бөлінген жоқ.
|
2013 ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Үйді әдбен тозған үйлер тізбесіне енгізу (Шлеева, 1 көшесінің тұрғыны).
|
Осы үйдің техникалық жағдайының комиссиялық тексерілуі жүргізілсін
|
2013 ж. ақпан
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Қаланың Затон бөлігі жағында су тасқыны бойынша қандай шаралар қолданады? (Семахина Ирина Викторовна – «Мирный» саяжай алабы).
|
Су тасқыны кезеңінде еріген қарды тартып шығаруға қаражат қарастырылған. Қала тұрғындарының тапсырыстары бойынша еріген қарды тартып шығару бойынша шаралар қабылданады.
|
Түскен тапсырыс шегінде
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп 1 шағын ауданындағы МПК-де болған жағдайды шешу (Волченко Анатолий Викторович – қаланың ардагерлер кеңесінің мүшесі).
|
МО әкімі, ІІБ өкілдерімен бірлесіп орынға шығумен осы мәселенің басын ашу және МПК басқармасымен және осы үйдің тұрғындарымен кездесу.
|
2013 ж. сәуір
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Энергетик кентіне және «Комбайн зауыты» аялдамасына қосымша маршрут беру мәселесін шешу (Коломин Петр Михайлович – ҰОС ардагері).
|
Жолаушылар тасымалдау бойынша конкурс өткізілгеннен кейін Энергетик кентінің ауданына қосымша маршруттар қосылады.
|
2013 ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Стелланы абаттаныдыру, мемлекетпен қорғалатын мәдени нысандар тізіміне енгізу, аялдама аттарын және «Борцов революции» алаңын сақтап қалу. (Төлеуғалиев Серік Төкенұлы – қала тұрғыны).
|
«Борцов революции» стелласын абаттандыру үшін жоба әзірлеп, оның іске асырылуына қаражат қажет. Осы мәселені қарастыру 2013 жылы әзірленетін ПДП бекітілгеннен кейін мүмкін болады.
|
ПДП бекітілгеннен кейін
|
Қ. Ө. Қоқиланов
Б. К. Көпбаев
|
Д. А. Гариков
З. Р. Исабаева
|
|
Шугаева, Дулатова көшелеріне, Кутжанова көшесіне дейінгі көшеге асфальт төсеу туралы.
Лодочный кентінің Краевая, Портовая, Буксирная көшелері бойынша қазба жол жасау (Богородская Раиса Васильевна - «Международный переулок» МПК есепшісі.
|
2012 жылы жол бетін толық қалпына келтірумен Кутжанова көшесі, Шугаева көшесінен Дулатова көшесіне дейінгі жолды жөндеу өткізілді. Кутжанова көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейінгі Шугаева көшесіне жарым-жартылай асфальт төселді. Ағымды жылы қалған бөлшекті асфальттау мәселесі қаралатын болады.
Лодочный кентінің Краевая, Портовая, Буксирная көшелері 2013 жылғы қара-жолды қазбалау бойынша жұмыс түрлеріне енгізілді
|
2013 ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Физкультурная көшесін бойындағы жолды жөндеу туралы (Елена Валерьевна - «Физкультурная, 16» ПКСК).
|
2013 жылы Физкультурная көшесін қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі
|
2013ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Автобустардың кешкі сағат 22-00-ге дейін жүру мәселесін шешу.
Аягузский көшесі бойынша суағарды жөндеу (Нартова Любовь Алексеевна – Аягузская көшесі).
|
Болуға тиісті маршруттардық қызмет көрсету құқығы негізінде жаңа конкурс шарттары бойынша қоғамдық көліктердің жүруі сағат 22-00-ге дейін созылады.
Ағымды жылы Лебаева көшесі арқылы Аягузская көшесінен су бұрғыш құрылғылар орнату бойынша МПК орындалады. Қаражат бөлінген жағдайда МПК орындалғаннан кейін жұмыстар атқарылатын болады.
|
2013ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
№ 40, 48, 9 автобустырының мәселесін шешу.
Бобровка кентінде қазақша атаулы көшелер жоқ (Бобровка кентінің тұрғыны).
|
№№ 9, 40, 48 маршрутты автобустары бекітілген маршрут кестесіне сәйкес соңғы аялдамаға дейін жүреді.
Көшелерге ат беру үшін берілетін атауды белгілеп, яғни аты берілетін тұлғаның өмірбаянын, мінездемесін беруі қажет және де осы атауды беруге келісім берген барлық көше тұрғындарының қолын жинап, қала әкімі жанындағы қалалық ономастикалық комиссияға өтініш беру керек.
|
Орындалды.
|
О. К. Исмаилов
Б. К. Көпбаев
|
Д. А. Гариков
З. Р. Исабаева
|
|
Сатпаева, 150 көшесіндегі МПК-не қосылуда қолғабыс көрсету (Благонравина Надежда Викторовна – Сатпаева, 150 көшесінің тұрғыны).
|
Осы үйдің тұрғындарына, үйдің жалпы жиналысында бекітілуге тиіс басқару формасын анықтау жөнінде кеңес берілді.
|
2013 ж. сәуір
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Жоламан кентінде балалар алаңын орнату, жарықтандыру.
Су тасқыны мәселесі бойынша (Исагулова Ания – Жоламан кенті).
|
Жоламан кентіндегі Лебаева көшесі жарықтандырылған, жұмыс істейді. Жоламан кентінің № 21 мектебінің маңында 2010 жылы балалар алаңы құрылған.
Су тасқыны кезеңінде еріген қарды тартып шығаруға қаражат қарастырылған. Қала тұрғындарының тапсырыстары бойынша еріген қарды тартып шығару бойынша шаралар қабылданады.
|
Орындалды. Түскен тапсырыс шегінде
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
1. Аялдама арасындағы қашықтықты азайту.
2. Холодный ключ кентінің жарықтандыру бойынша (Капеев Амантай Смагулович – Холодный ключ кентінің тұрғыны).
|
Қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамасына дейін жаяу жүруші жолы 500 метрден аспау керек, сонымен қатар, қоғамдық көлік желісіндегі аялдама пункттерінің ара қашықтығы тұрғылықты аумақ шегінде автобустар үшін 400-600 метр (ҚР СНжП 3.01-01-2002). Олай болса, барлық аялдамалар тек ережеге сәйкес орнатылады.
Холодный ключ кентіне дейінгі жол су өткізгіш көпірге дейін жарықтандырылған, сонымен қатар Холодный ключ кентінің Цветочная көшесі жарық бар.
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Тыл еңбеккерлері Аллеясының жоспарын әзірлеу (Иван Павлович – тыл еңбеккері).
|
Тыл еңбеккерлері Аллеясының жоспарын әзірлеу мәселесі бойынша бүгінгі күні жобалау ұйымдарымен осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізу және эскиз әзірлеу бойынша әңгіме жүргізілді.
|
2013 ж.
|
Қ. Ө. Қоқиланов
|
Д. А. Гариков
|
|
Кешкі уақытта маршрутты автобустардың жұмысын ұзарту (Полковничий аралының тұрғындары)
|
Болуға тиісті маршруттардық қызмет көрсету құқығы негізінде жаңа конкурс шарттары бойынша қоғамдық көліктердің жүруі сағат 22-00-ге дейін созылады.
|
2013 ж. қараша
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Үйлерде нөмірлер мен көшелерді белгілеу (Г. Сабирова – қала тұрғыны).
|
Үйлердің нөмірленуін ретке келтіру қаламыздың оң және сол жақ жағалау ПДП әзірленгеннен кейін өткізіледі.
|
ПДП әзірленгеннен кейін өткізіледі
|
Қ. Ө. Қоқиланов
|
Д. А. Гариков
|
|
Автобус маршруттары туралы. 14 ықшам ауданына қашан автобустар жүре бастайды. Маршрутты 14 ықшам ауанынан 5 монша арқылы бағыттауға болады ма? (14 шағын ауданының тұрғындары).
|
14 ықшам ауданы №30 маршруты қызмет көрсетеді, аралығы 14 минутты құрайтын 6 шағын автобус жүреді, сондықтан осы ауданның жолаушылар ағынына сәйкес келеді. 14 ықшам ауанынан 5 моншаға дейін маршрут ашу қажеттілігі жоқ, себебі жолаушылар жоқ.
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
№ 37 гимназиясының жанындағы жолға асфальт төсеу мәселесі жөнінде (К. Елеукеев – № 37 гимназия директорының ӘШБ бойынша орынбасары)
|
2013 жылы осы көшені жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілмейді
|
2014 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
№ 229 бір ғана маршрут жүреді, оның өзіне үлкен бұзушылықтармен, автобустардың санын көбейтуге болады ма? (қала шетінің тұрғыны).
|
Мүмкін емес, біріншіден, маршруттың үстіне маршрут түседі, екіншіден, осы ғылыми зерттеу көрсеткендей, осы маршрут аудандағы жолаушыларды тасу ағымына сәйкес келеді
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Жеделсатыны жөндеуде қолғабыс көрсету (қала тұрғыны, Карменов, 76 көшесі).
|
Үй тұрғындарына қайтару негізінде мақсатты трасферттер есебінен тұрғын-үйді терможаңғырту жобасына қатысу ұысынылды. Осы сұрақ бойынша қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі дәне автомобиль жолдары бөлімінен мәлімет алуға болады
|
2013 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Автобустар мен маршруттардың кешкі уақыттаға жұмысын бақылауға алу. Автобустардың жол ақысы қандай негізде көтерілді? (А. Широкова – қала тұрғыны).
|
Келісім бойынша автобустар мен шағын автобустар кешкі сағат 21-00-ге дейін жүреді, ақырғы автобус соңғы аялдамаға дейін жүреді. Жол ақысының өсуі туралы мәселе қарастырылуда.
|
2013 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Джангильдина, Транспортная, Роща ауданы қардан тазалансын. (Бурова, Старченко – Затон тұрғындары).
|
Джангильдина көшесін тазалау бөлінген қаражатқа сәйкес үнемі тазаланып тұрады.
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Загородный, 17 көшесіне қожды тасып жеткізуді ұйымдастыру (О. Дюсекенова – Загородняя, 17 көшесі, 8/2).
|
Тұрғындардың тапсырыстары бойынша шаралар қабылдануда.
|
Түскен тапсырыс шегінде
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Сорокина көшесінің артындағы Әуезов даңғылы абаттандыру. Біздің ауданымызға назар аударуыңызды сұраймыз (Рябчикова – Әуэзов даңғылы, 69)
|
Сорокина көшесінің артындағы Әуезов даңғылын абаттандыру мәселесі 2013 жылы әзірленетін қаланың сол жақ жағалауы бөлігінің ПДП-сы әзірленгеннен кейін қаралатын болады. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мясокомбинаттан Сорокина көшесіне дейінгі Әуезов дағңылының жолдары мен жаяужолдарын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар бар. 2013 жылы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген жоқ. Осы телімді көгалдандыру мәселесі, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қарастырылады.
|
2013-2014жж.
|
Қ. Ө. Қоқиланов
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде, Аягузская көшесін су басудан қалай құтқарамыз? Авария кезеңіне телефон орнатыңыздар. 260-288 үйлер бірінші кезекте батады (Л. Нартова – Аягузская көшесінің өкілі).
|
Су тасқыны кезеңіне еріген қарды суды тартып шығару іс-шараларына қаражат қарастырылды. Тұрғындардың тапсырыстары бойынша еріген суды тартып алу бойынша шаралар қабылдануда.
|
2013 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Жылуесептегіштері туралы, неліктен жылуесептегіш орнатылған үйлерде жылу үшін ақыны есептегіштің көрсеткіштерін ескермей, тариф бойынша есептейді? (Титова көшесінің тұрғындары).
|
Тариф бойынша төлем келесі жағдайларда іске асырылады: егер де есептегіш құралы мерзімдік тексерістен өткізілмесе; егер де есептегіш құралы пайдалану кезінде істен шығып қалса. Осы жағдайда тұрғындарға өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдармен есептегіш құралдарын қалпына келтіру қажет.
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Крестьянская және Ауэзова көшелерінің қиылысына асфальт төсеу жөнінде? (Кусаинов – еңбек ардагері, зейнеткер).
|
2013 жылы бұл жұмыстар жүргізілмейді
|
2014 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
№№ 35, 206, 212, 222 қалалық жолаушылар көліктерінің жұмысын бақылауға алу (С.Тоғызбаев – қала тұрғыны).
|
Келісім шарттары бойынша автобустар мен шағын автобустар кешкі сағ. 21-00-ге дейін жұмыс істейді, ақырғы автобус соңғы аялдамада жүруін тоқтатады
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Силикат зауыты, Юность тұйық көшелері маңындағы қаңғырған иттерді ұстау мәселесін шешу (Токпаева Алтын Шаймуратовна – Юность, 5/5 тұйық көшесі) (Аргынгазы Омарбеков – ардагерлер кеңесінің мүшесі).
|
Силикат зауыты ауданы маңайында С. Изембаев басқаратын топ жұмыс істейді. 5 ит ұсталды. Юность тұйық көшелері бойынша Б.Нұрғалиев басқаратын топ жұмыс істейді, 3 ит ұсталды.
|
орындалды
|
Ш. М. Жұмақсанов
|
Н. Ж. Нұрғалиев
|
|
65 жастан асатын зейнеткерлерге тегін жүріп тұру жөнінде (Абайхан Сүлейменұлы – ақсақал, ардагерлер кеңесінің мүшесі).
|
Тегін жүріп тұру құқығы тасымалдаушылармен 70 жастан асқан зейнеткерлерге ғана ұсынылады.
|
орындалды
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Көпір мәселесін шешу туралы? (Холодный ключ, Кирпичный, Жоламан кенттері тұрғындарының өкілі).
|
2013 жылы Холодный ключ кентіне апаратын жолды жөндеу, оның ішінде су өткізу құрылғысын (көпір) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
|
2013 ж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
2. Сумен жабдықтау жөнінде
|
|
Жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу (1 ықшам ауданының тұрғыны).
|
РК-3 қазандығы 78 үйді жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықта 67 сағ/Гкал қуаттылығы бар 5 отқазан орнатылған. Осы аудан бойынша ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша қосылған қуаты орнатылған қазандық куатының 15% құрайды. Дайындаушы зауыттың өндірістік нұсқауына сәйкес, қазандықтың ең аз жұмыстық қуаты 30% құрайды. Отқазанагрегатын іске қосқан жағдайда оның аварилялық тоқтауына және істен шығуына әкеледі. Жылу энергиясының негізгі пайдаланушысы болып табылатын «Кожмехобъединение» ЖШС жұмысы кезінде, тұрғындар жаз уақытында ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
|
«Кожмехкомбинат» ЖШС жұмысы кезінде
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|
|
Су тартқыш колонкалары туралы (Қалиев Токтарбек – Холодный ключ кентінің тұрғыны).
|
Жаңа құрылыстарды салудың өсуіне байланысты, Холодный ключ кентінде қосымша су бөлетін мұнараларды орнату мүмкін емес. Осы кенттің су жүргізетін жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз екенін және қайтадан қалпына келтіру керектігін атап өту қажет. Сонымен қатар қолданыстағы ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы жүйелер мен құрылғылар» суды есептегіш құралдарын орнатумен тұтынушылардың үйлерінің шекарасына тікелей апарумен. «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сінің тапсырысы бойынша «ШҚО Семей қаласының Большой аралындағы су алу тоғандарын қайта құру», «ШҚО Семей қаласының Холодный ключ кентінің су жүргізетін жүйелерін қайта құру және кеңейту» жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бүгінгі күні ол мемлекеттік сараптаудың қарауында. Мемлекеттік сараптаудың қорытындысын алғаннан кейін жоғарыда аталған жобаларды іске асыру көзделуде.
|
2013-2014 жж.
|
О. К. Исмаилов
|
Д. А. Гариков
|