2016 жылы 1 тоқсан бойынша Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ақпарат



Дата08.09.2017
өлшемі55,79 Kb.
#30876


2016 жылы 1 тоқсан бойынша Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ақпарат


Облыс спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған нысаналы индикаторлар және көрсеткiштер:

1. Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2016 жылдың 1 қантарына дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 24,8% құрады (жоспар — 24,3%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю — 1,8%, орындау — 102,1% құрады. 2016 жылға жоспар — 25,5%.

2. Спорт мектептерiнiң және дене шынықтыру дайындығындағы балалар-жасөспiрiмдер клубтарының секцияларында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы 13,6% құрады (жоспар — 12%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю — 1,9%, орындау — 113% құрады.

Қазiргi кезде облыста 184525 адам, оның iшiнде ауылдық жерде 105336 адам жүйелi түрде жаттығатын 7044 спорт секциясы, 1165 дене шынықтыру ұжымы бар. Жоғары көрсеткiштер Жарқайың (29,2%), Зерендi (28,4%), Аршалы (28,3%), аудандарында байқалып отыр. Көкшетау (20,4%) қаласында, Еңбекшiлдер (24,7%), Целиноград (24,7%) және Қорғалжын (21%) аудандарында көрсеткiштер орташа облыстықтан төмен.

Казiргi уақытта облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстедi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штаттық санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданының 2013 жылғы 13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмi бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Алғашқы ұжымдар мен ауылдық округтерде 1945 штаттық қызметкер жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда 1064 адам. Оның iшiнде 1033 жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң мұғалiмдерi, 144 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 354 жаттықтырушы-оқытушы. Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 156 спорт жөнiндегi штаттық нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда 149 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 63,6% құрайды (2015 жылы — 61,5%). 2016 жылынан бастап нұсқауш-әдiскерлер Ақкөл (1) және Целиноград (6) аудандарында енгiзiлдi.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 3 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi және Еңбекшiлдер ауданында нұсқаушы-әдiскерлер мүлдем жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1455 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 74,8% (2015 жылы — 71,9%).

Аудандық және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмдерiнiң статистикалық мәлiметтерi бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2230 спорт құрылысы бар, оның iшiнде ауылда — 1596.

Бұланды ауданы Макинск қаласының жүзу бассейндерiнiң құрылысы аяқталуда. Шортанды ауылы мен Шортанды аудандарында жүзу бассейндердiң, Сандықтау ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы жүргiзiлуде.

2016 жылы Целиноград (Street-Workout айналысу үшiн), Егiндiкөл аудандарына (дала жаттықтырғыштарымен) 2,7 млн. теңге сомасына спорт алаңы салынды. Көкшетау қаласында «Оқжетпес» стадионының күрделi жөндеуi жүргiзiлiп, 37,6 млн. теңге сомасына жеңiл атлетика кiлемiнiң жөндеуi жүргiзiлдi. Степногорск қаласында қазiргi заманғы спорт алаңдарының және кiшi-стадиондарының құрылыстық жұмыстары басталды. Аталған нысандардың құрылысына жергiлiктi бюджеттен 30 млн. теңге мөлшерiндегi сомасы бөлiнген. Астрахан ауданында футбол алаңының жасанды жабына жөндеу 35,1 млн. теңге сомасына жүргiзiлуде.

Шаруашылық етушi субъектiлердiң есебiнен Бурабай ауданында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында (АҚ «Қазмұнайгаз-сервис НС») — гольф-клубының құрылысы, Жақсы ауданында («Запорожье» ЖШС) Запорожье ауылында ауа құрылыстарын қайта жаңартуы, Егiндiкөл ауданында («Сарымсақты» ЖШС) Алакөл ауылының МС спорт залынын қайта жаңарту жүргiзiлуде.

Нысандарға қол жеткiзу жоспарында: спорт мектептерiндегi және балалар-жасөспiрiмдер клубтарында сабақ ақысыз (тегiн) негiзде, бюджеттiк қаражат есебiнен жүргiзiледi.

Бұдан басқа, мемлекеттiк коммуналдық меншiктегi спорт нысандарында халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметi бассейнге — ересек адамға 300-ден 600 теңгеге дейiн, балаларға 150-300 теңгеге дейiн, жаттығу залдарында 150-ден 600 теңгеге дейiн, балалар мен 18 жасқа дейiн жастар үшiн — 150-ден 300 теңгеге дейiн. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға, 7 жасқа дейiнгi, балалар үйiнiң, көпбалалы отбасылардың балаларына, спортшы-ардагерлерге қызмет тегiн ұсынылады. Мектеп оқушыларына, студенттер мен зейнеткерлерге 50% жеңiлдiк ұсынылады. Бiрiншi тоқсанда дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бiлiм басқармасы арасында кешкi уақытта немесе демалыс күндерi жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң спорт залдарын халыққа ұсыну жөнiндегi меморандум жасалды.

Тұрғылықты жер бойынша жұмысты 5 жасөспiрiмдер, 3 балалар мен жасөспiрiмдер және қызығушылық бойынша 45 дене-сауықтыру клубы жүзеге асырады. Оларда жалпы 15853 адам спортпен шұғылданады. Клубтарда жаттығатындар санының өсуiне қарамастан тұрғылықты жердегi жұмыс жеткiлiксiз деңгейде жүргiзiлуде. Облыстың 19 өңiрiнiң 13-де аталмыш клубтар жоқ, оларды ашу әрбiр ауданда жаттығатындардың санын 500 адамға арттыруға мүмкiндiк бередi.

Дене шынықтыру-сауықтыру жоспары негiзiнде физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен жұмыс жасауға арналған, 171 адамды қамтитын «Мерген» спорт клубыы жұмыс iстейдi.

Жыл басында облыста 1555 бұқаралық-спорттық iс-шара өткiзiлдi, оған 131,3 мың адам қатысты. 2015 жылдың осындай кезеңiне қарағанда iс-шаралар саны 10% өстi.

Облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес жыл сайын кешендi облыстық спартакиадалар өткiзiледi: қысқы «Хрустальный колос, физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың арасындағы «Надежда», облыстық басқарма және ведомства арасындағы «Бiрлiк», қазақ күресiнен облыстық турнир «Ақмола барысы». Дәстүрлi кең ауқымы мен облыста Олимпиялық күндер, Президенттiк тестiлеу өткiзiледi. Осы iс-шараларда 100 мыңға жуық адам қатысты. Мемлекет қызметкерлерi күнiн тойлау қарсаңында облыс орталығында мемлекет қызметкерлерi арасында Президенттiк тесттер, тоғызқұмалақпен веломарафон өттi. Осы iс-шарада 300-ге жуық адам қатысты.

Облыста 29 спорттық мектеп (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және 1 спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады. Көкшетау қаласында Олимпиадалық резерв даярлау орталығы бар.

Спорттық мектептерде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 41 спорт түрi дамытылады (олардың iшiнде 20 олимпиадалық), жаттығушылар саны 13129 адам.

Спорт мектептерiнен бөлек облыста Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысатын 3 кәсiби команда бар — хоккейден («Арлан» ХК) ЖШС, футболдан ШЖҚ МКК («Оқжетпес» ФК), ШЖҚ МКК «Спорттың ойын түрлерi бойынша спорт клубы» айтылғандардың құрамына ерлер және әйелдер баскетбол командалары кiредi. Аталған клубтарда барлығы 643 ойыншы бар. 2015-2016 жж. кезiндегi ұлттық лиганын әйелдер командасы арасындағы баскетболдан ҚР Чемпионата қатысу қортындысы бойынша «Оқжетпес» ФК жүлдегер, ал облыстың құрама командасы — қола жүлдегерi, «Арлан» ХК күмiс жүлдегерi атанды.

ҚР ұлттық құрама командалардың құрамына әртүрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 323 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 194, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 129 адам.

2016 жылы облыс спорттық ұйымдары 1 разрядты 50 спортшы, 97 спорт шеберлiгiне үмiткердi, 24 спорт шеберiн және 5 халықтық дәрежедегi спорт шеберiн, 1 еңбек сiңiрген спорт шеберiн даярлап шықты.

Облыс спортшылары 7 Әлем Кубогi мен Чемпионатына, 13 Азия Чемпионатына, 106 халықаралық турнирлерiне, 29 халықаралық турнирлерiне қатысты. Спортшыларға 87 оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылған.

2016 жылдың 1 жарты жылдығында республикалық және халықаралық жарыстарда облыс спортшылары 411 медальға, оның iшiнде 213 медаль олимпиада спор түрiнен, 198-i олимпиялық емес спорт түрлерiнен медальға ие болды.

Республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары дәреже көрсеткен 47 спортшыға ай сайын стипендия төленедi.

Көкшетау қаласының үш бiрдей жоғары оқу орнындарында дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ мамандарды дайындайтын дене тәрбиесi факультетi бар. 2015-2016 оқу жылында 18 адам облыс әкiмiнiң атаулы стипендиясын йе болды.



Жергiлiктi халықпен жұмыс жоспарында мемлекеттiк қызметтердi ұсыну бойынша, басқарма — спорттық разрядтарды, дене шынықтыру қызметкерлерiне мен спортшыларға дәреже беру бойынша 147 қызмет және спорт түрлерiнен спорт федерациясын аккредиттеу бойынша 8 қызмет көрсетiлдi.
Каталог: sites -> akmo.gov.kz -> uploads
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> Серіков Данияр, Көкшетау қаласы. Сұрақ
uploads -> Ақмола облысы бойынша сайлау учаскелері туралы мәліметтер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет