2020 жылғы Ұбт жайлы маңызды ақпарат І



Дата16.01.2020
өлшемі13,85 Kb.
#55994
Байланысты:
2019 жылғы ҰБТ жайлы маңызды ақпарат

2020 жылғы ҰБТ жайлы маңызды ақпарат

І

ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, яғни ешқандай өзгеріс болмайды.  Тапсырылатын пәндердің саны бұрынғыдай - бесеу, тесттік тапсырмалардың саны - 120, максималды балл - 140.

Абитуриенттің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі. Олар: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.

ІІ

ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізіледі.

Айта кетейік, қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын береді. Ол ҰБТ-ларға қатысудың өзі де ақылы. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грант алуға жарамсыз.

Егер үміткер мемлекеттік грантты алуға ниет білдірсе, онда ол ҰБТ-ны маусым айында тапсыруы тиіс. Тек сол тестілеудің қорытындысы бойынша ол гранттық байқауға қатыса алады.

Ақылы бөлімге түсу үшін үміткерлерге 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның біреуіне ғана қатысып, шекті балға қол жеткізсе жетіп жатыр. Мысалы, қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысып, 120 балл жинаған абитуриент 1 ақпанда қалаған университетінің қабылдау бөліміне жүгініп, ақылы бөліміне шартты түрде тіркеле алады. Ал егер ол грант алуға ниет білдіріп, маусым айындағы ҰБТ-ға қатысып, 50 балл жинаса, ол қаңтар айындағы 120 балл алған көрсеткішімен грантқа үміткер бола алмайды. Грантқа түсу үшін маусын айындағы ҰБТ қорытындысы маңызды болғандықтан, ол тек ақылы негізде оқуға қол жеткізеді.

ІІІ

Қаңтар айында ҰБТ-ға 3 санаттағы ниет білдірушілер қатыса алады:

1. 11 және 12 сынып оқушылары;

2. Қыркүйек айында университетке шартты түрде қабылданғандар;

3. Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқан студенттер.

Наурыз айында тек 11-12 сынып оқушылары ҰБТ-ға қатыса алады.



Маусым айында грантқа үміткер барлық санаттағылар ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігіне ие.

Тамызда да ақылы бөлімге түсушілер және осыған дейін талап етілетін қажетті балды жинай алмағандар бағын сынай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет