Таң намазы (2 рәкат сүннет, рәкат парыз) ниет (Іштей және жүрекпен шын ниет етіліп айтылады) «Алла ризашылығы үшін таң намазының рәкат сүннетін, оқуға ниет еттім»
ТАҢ НАМАЗЫ (2 рәкат сүннет,
2рәкат парыз) НИЕТ (Іштей және жүрекпен шын ниет етіліп айтылады)
«Алла ризашылығы үшін таң намазының 2 рәкат сүннетін, оқуға ниет еттім». ТӘКБІР айту (Қолды иық тұсына қойып) «Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық!»)
1 – рәкат 1.ҚИЯМ (Оң қолды сол қолдың үстіне қойып)
«Cубханәкә»:
«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук». Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ».
«Әғузу» мен «бисмилла»:
«Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим». Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын».
«Фатиха» сүресі»: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин». Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».
«Ықылас сүресі»:
«Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» «Қул һуАллаһу әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфу-уан әхад». Мағынасы: Ол Алла жалғыз (Құдай)! Алла – Самад (ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)! Ол тумаған да, туылмаған! Сондай-ақ Оған тең келер ешкім жоқ!.
2.РУКУҒ Рукуғқа бару«Аллаһу әкбар» мағынасы: ( «Аллаһ Ұлық!»)
Рукуғта 3 рет
Субхана раббиял азим (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк»)
Рукуғтан тұрып жатып; Сәмиаллаһу лимән хамидаһ (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») рукуғтан тұрады.
Рукуғтан тік тұрып; Раббәнә уә ләкәл-хамд (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!
АҚЫРҒЫ ОТЫРЫС: «Әт-тәхият» дұғасы». «Әт-тәхияту лилләһи уас-салауату уа-таййбәәт, әс-сәләәму аләйка әйюһән-нәбию уә рахматуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уа алә ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ ». Мағынасы: «Тілмен, денемен және мал-мүлікпен орындалатын ғибадаттардың бәрі Аллаға ғана тән. Я Жоғарғы мәртебелі Пайғамбар! Алланың сәлемі, рахметі және берекеті саған болсын! Сәлем және сәлеметтік бізге және Алланың игі құлдарына болсын. Шаһадат айтамын, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ екеніне. Және де шаһадат айтамын Мұхаммед (ғ.с.) Алланың құлы әрі елшісі».
«Аллаһумма салли» дұғасы». (Салауат айту)
«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: «Я,Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
«Аллаһумма барик» дұғасы». «Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
«Раббәнә әтинә» дұғасы». «Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр». Мағынасы: «Я,Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр»
Соңында бірінші оң иыққа қарап
«Әс-сәләәму аләйкум уа рахматулаһ» cосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
«Алла ризашылығы үшін таң намазының 2 рәкат парызын, оқуға ниет еттім». Қайталанады
«Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым»).