بسم الله الرّحمن الرّحيم
الحمد لله رب العالمين والصلاة و السلام علي رسولنا محمد و علي اله و صحبه اجمعين
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Барлық мақтаулар бүкіл Әлемнің Раббысы болған Алла Тағалаға тән, сондай-ақ, Оның Елшісі Мұхаммедке, (с.ғ.с) оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!
Құран жаттаушы адамға керек кеңестер!
-
Алланың Аса құдіретті екеніне зәредей күмән келтірмеңіз. Аллаға шүбәсіз сеніңіз!
-
Құранды тек бір Алланың разылығы үшін жаттаңыз!
-
Жеңілдіктің бір Алладан екенін ұмытпаңыз!
-
Дүнияуи істерді барынша қысқартыңыз. Құранға көп уақытыңызды арнаңыз!
-
Барлық күнәдан тыйылыңыз! Көзіңізді сақтаңыз!
-
Қазірден бастап Құран жаттауға мақсат қойыңыз. Дәл қазір Құран жаттауға кірісіңіз.
-
Құран жаттауға арнайы уақыт бөліңіз!
-
*Ақшам мен құптанның арасында Құран жаттаңыз! Бір қатардан бастаңыз. Уақыт өте 2, 3, 4, 5 қатарға дейін өсіріңіз! Таң намазынан кейін жаттаған аяттарды қайталаңыз!
-
*Не себепті осы уақыт аралығын айтып отырмыз! Себебі, бұл ең берекелі уақыт!
-
Өзіңізге жақсы ұстаз таңдаңыз! Жаттағандарыңызды ұстазға тексертіп тұрыңыз!
-
Ұстазға құрмет көрсетіңіз! Оның көзінше ұнамсыз қылық танытпаңыз!
-
Жаттаған сүрелерді намаздарыңызда оқыңыз!
-
Міндетті түрде тәджуит ережелерін үйреніңіз! Бұл сізге Құранды дұрыс оқуға, дұрыс жаттауға көмектеседі!
-
Намаздан кейін Алла тағаладан Құранды толық жаттаған бақытты құлдарынан қылуды сұраңыз! Әр дұғаңызда «Я, Раббым, Құранды тәджуит ережесімен, ешқандай қатесіз, ешқашан ұмытпайтындай жаттауды нәсіп ет» деп дұға қылуды ұмытпаңыз!
-
Жаттаған аят, сүрелерді өте көп қайталаңыз! Онсыз сіз жетістікке жете алмайсыз! «Ілімнің анасы қайталау» екенін есіңізден шығармаңыз!
-
1 күндік, 1 апталық, 1 айлық қайталауға жоспар құрыңыз! Жаттаған әр бетті ең кемі 100 рет қайталаңыз! Одан көп қайталасаңыз өзіңізге жақсы!
-
Құран аяттарының қазақша мағынасын қоса оқыңыз! Жаттаған сүрелерге, аяттарға амал ету қайырлы іс!
-
Өміріңізді Құранмен әшекейлеңіз! Құран сізді екі дүниеде бақытты етеді. Бұл Алла тағаланың уәдесі!
-
Өзіңізге ұнайтын хафиздың Құранды толық оқыған аудиосын гаджетіңізге құйып алыңыз! Үнемі тыңдап жүріңіз!
-
Бірден көп жаттауға тырыспаңыз! Ынтаңызды жоғалтасыз! Аз-аздан, бірақ үнемі істелетін амал қайырлы!
-
Құран жаттауды бастағанда тек бір Құран кітабына үренгеніңіз жөн! Бұл Құран мәтіні мен бет нөмірін есте сақтауға септігін тигізеді!
-
Өзіңіз сияқты Құран жаттаушы бауырыңызбен жарысқа түсіңіз! Жақсылықта жарысу керек!
-
Жаттағандарыңызды жылдам оқып үйреніңіз! Жылдам оқу тәсілі – «Әл-қадр» деп аталады. Бұл сізге көп қайталауға, уақыттан ұтуға көмектеседі!
-
Құранды толық жаттағыңыз келсе «Қиямул-лейл» (түнгі намаз) тәһәджүт намазын тастамаңыз! Күн сайын осы намазды оқып, Аллаға қол жайып, дұға етіңіз! Расында, Алла тағала дұға еткен қолдарды бос қайтаруға ұялады!
-
Мүмкіндігінше садақаны жиі беріңіз!
-
Үйренгендеріңізді өзгелерге үйретіңіз! Өйткені, Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»,– деп өсиет қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |