-Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. - Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. -Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. -Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. «Бата жарысы» ойыны
Батаның түрлері
3-сынып
4-сынып
Несіпбек Айтұлы «Ата сөзі – алтын сөз»
Бауыржан Момышұлы «Ата – баба тәрбиесі»
Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы22 қыркүйектеШығыс ТүркістанныңТарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан1910 жыл - 10 маусым1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы. Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған.
Атауы
Кейіпкері
Оқиға орны
Шешім
Мәселе
Оқиға
«Оқиға картасы» әдісі Сергіту сәті. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Үйге тапсырма: 3-сынып «Алтын сөз» жаттау. 4-сынып «Ұшқан ұя» мазмұндау, кез – келген тақырыпқа бір бата жаттау. Рефлексаия (жеке , ұжымда) Назарларыңызға рахмет!