Ашық оқу қызметі "Ана тілім ардақтым!"



Дата07.02.2022
өлшемі16,17 Kb.
#97058
Байланысты:
Ана тілім - ардақтым Тулебаева Гульмира Бахтибековна


Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі "Құлыншақ" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Ашық оқу қызметі


"Ана тілім - ардақтым!"

Тәрбиеші: Шанбаева Жанна Ергалиевна



2019 - 2020 оқу жылы
«Ана тілім-ардақтым»


Мақсаты: Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп,сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету, мақал-мәтелдер арқылы баланың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: буклет.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Кіріспе:
-Құрметті балалар, ұстаздар!
«Ана-тілім ардақтым» атты ашық оқу-қызметіне қош келіпсіздер!
Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Амандасып алайық.
Сәлем-сәлем достарым!
Тәрбиеші:
Иә, балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға
жайғасайық.
Біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы. Мелекетіміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тіліміз, демек, ана тіліміз - қазақ тілі.
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Раяна: Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Береке: Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.
Айсұлтан:Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға айға да.
Айсезім: Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мейірім: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.


Топқа бөліну «Алғырлар», «Тапқырлар»
Жарыс: Жарыс үш бөлімнен тұрады.
І. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
ІІ. Мақал-сөздің мәйегі.
ІІІ. Жұмбақтарды шешу.
Топтарға қойылатын сұрақтар.
І Бөлім
1.Сенің атың кім?
2.Бөбекжайымыз қалай аталады?
3.Біздің топтың аты қалай аталады?
4.Топтағы достарыңның аттарын атап берші?
5.Бөбекжайда не істейсіңдер?
6.Бөбекжайда не үйреніп жатсыңдар?
7.Кешкісін үйге барғанда не деп кіреміз?
ІІ Бөлім Мақалдың ұйқасын табу
«Алғырлар»тобы
1.Ойнап сөйлесең де (Ойлап сөйле)
2. Өнер алды (қызыл тіл).
3.Жақсы сөз(жарым ырыс).
«Тапқырлар»тобы
4.Сөз сүйектен өтеді (Таяқ еттен өтеді).
5.Көп сөз(боқ сөз).
6.Тіл тас жарады(Тас жармаса бас жарады).
ІІІ бөлім.
Жұмбақтар.
1.Жерге тырс,тырс тамады.
Сайға қарай ағады (Жаңбыр)
2.Тілден ұшып, құлаққа қонады (Сөз)
3.Оттан да ыстық ол не?(Отан)
4.Қызарады күзге жеткенде (Алма)
Дұрыс таптыңдар, екі топта жарайсындар?
«Көңілді күн» сергіту сәті (Үнтаспадан)
Азаматсыңдар бір серігіп қалдыңдар.
Тәрбиеші:Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы.
Тіл бар жерде ұлтта, елде, жерде болмақ.
Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық!
Қорытындылау: Балалар бүгінгі тақырыпта біз не туралы айттық?
Балалар:Тіл туралы айттық
Жарыс неше бөлімнен тұрды?
Балалар:Үш бөлімнен тұрды
Бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерді мадақтаймын.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі "Құлыншақ" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны




Өзара ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу

Тәрбиеші: Шайманова Ақзада Жүгінісқызы



2019 - 2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет