2021 жылы өткізілетін pisa зерттеулері оқушылардың математикалық сауаттылығын бағалауды енгізгені өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі біздің пәнімізбен қатар өміріміз де математикамен байланысты
4-тапсырма:
2021 жылы өткізілетін PISA зерттеулері оқушылардың математикалық сауаттылығын бағалауды енгізгені өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі біздің пәнімізбен қатар өміріміз де математикамен байланысты. Логикалық ойлау, әртүрлі тапсырмаларды өз бетінше орындау, өз дәлелдерін негіздей білу оқушылардың математика алдындағы қорқынышы мен толқынысын жеңуге мүмкіндік береді.
Физика пәні деген кезде ең алдымен есімізге формулалар, есептеулер түседі. Математика физикамен өте тығыз байланыста. Физика белгілі бір міндеттерді қояды, оны шешу үшін математикалық әдістер жүзеге асырылады. Математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды тиімді жүзеге асыру оқушыларға білімді ұтымды меңгеруге жағдай жасайды.
Физикалық құбылысты математикалық өрнектермен салыстыратын болсақ, сызықты функция мен бірқалыпты қозғалыс теңдеуін төмендегідей қарастыра аламыз. Осылайша, физика есептерін математика сабақтарында ұтымды пайдалана алатынымызға көзіміз жетеді.