21-13к1 Қабылдаған: Сембаева Шакизат



Дата02.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#137651
Байланысты:
контент анализ (копия)


Қазақстан–2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа Саяси бағыты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Орындаған:Жандарбекқызы Нұржанат
21-13к1
Қабылдаған:Сембаева Шакизат
" Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Барлығы да адам игілігі үшін лайықталған мемлекетке айналу.
« Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. « Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет !» Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы. 14 желто қсан, 2012 ж.
Қазақстан-2050» жолдауының негізгі бағыттар 1.Инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. 2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші. 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік. 4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары. 5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы. 6. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі. 7. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Жолдауда атап көрсетілген осы міндеттерге орай, университет ұжымы әлемдік білім және ғылым кеңістігіндегі ықпалдастық аясында техникалық ағылшын тілін тереңдеп меңгеру, алдағы әліпбиімізді латын қарпіне көшіру дайындығына кірісу шараларын қолға алады. Сонымен қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру одан әрі жалғасын табады. Университет ұстаздары орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару жөніндегі терминдік комиссия құрылуына атсалысатын болады.
Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси бағытын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы жастарға қарата: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», деді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – он екі жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді. Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасын ойдағыдай орындап, білімнің барлық саласы – нәтижеге және елдің, оның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға жұмыс істеуі қажет. Білім беру саласының жетілдіру арқылы еліміздің жастары мен жас ұрпағы, шет мемелекеттерінің білім беру жүйесі талаптарына сай, жоғары бәсекеге қабілетті мамандар болмақ.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет