23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры



Дата18.03.2017
өлшемі8,57 Kb.
#11812

23. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

“Тұрақты дамуға көмектесу” Орталығы” Қоғамдық қоры

“Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ

Орта мектептің жоғарғы сыныптарына арналған

“Қоршаған орта экологиясы”

оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал


Қазіргі уақытта қоршаған табиғи ортаға байланысты көптеген мәселелер ғаламдық сипат алуда. Белгілі ғаламдық экологиялық мәселелерге жататындар:

Қазіргі уақытта қоршаған табиғи ортаға байланысты көптеген мәселелер ғаламдық сипат алуда. Белгілі ғаламдық экологиялық мәселелерге жататындар:

  • Озон қабатының бұзылуы;
  • Ғаламдық жылыну;
  • Климаттың өзгеруі.

Экологиялық мәселелер мемлекеттік шекараны таңдамайды, сондықтан бір мемлекеттегі экологиялық жағдайдың төмендеуі көршілес жатқан мемлекетке өзіндік ықпалын тигізеді.

Осыған байланысты әлемде қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың экологиялық мәселелерді назарға ала отырып, оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда.


Ойлан, біздің республикада халықаралық деңгейде қандай экологиялық мәселелерді шешуге болады?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Орта Азияға қандай мемлекеттер кіретінін жаз


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ

  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әрекет етудің ұлттық жоспары;
  • Биологиялық алуандылықты сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі әрекет етудің ұлттық стратегиясы мен жоспары;
  • Шөлейттенуге қарсы күресу жөніндегі әрекеттердің ұлттық бағдарламасы;
  • Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық жоспарлар;
  • Озонды бұзатын заттарды пайдалануды қысқарту жөніндегі әрекеттердің ұлттық бағдарламасы мен жоспары,
  • Парникті газдар эмиссиясын төмендетудің ұлттық стратегиясы;
  • Тұрақты дамудың ұлттық тұжырымдамасы.

Тапсырма

    • Жоғарыда тізілген құжаттардың қайсысын Қазақстан Республикасы қабылдады? Интернеттен іздеп табыңыздар.

Әлемде мұнай мен газға ғана емес, суға да қажеттіліктер артып келеді

«Қазақстанның су ресурстары жаңа мыңжылдықта» - деген атпен 2007 жылы қазақстандық сарапшылардың баяндамалары дайындалған болатын, бұл баяндамада «аймақтағы су тапшылығы климаттың өзгеруіне байланысты артып келеді, мұндай жағдай тек жеке аймақтарға ғана емес, Орталық Азияның барлық аймақтарына қатер төндіруі мүмкін» делінген.

Қазақстандағы су мәселелері Орта Азия өңірлеріне әсер етуі мүмкін бе?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 Қандай себептерге байланысты Орталық Азия аймақтарында тұрақты даму баяу дамуда? (қорытындыларыңды дәптерге жаз)


Мысалы, заңдардың ықпал етуі дамымаған, қоғам шешім қабылдау үрдісіне қатыспайды. Тізімді жалғастыр

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Біздер сапалы өмірді қамтамасыз ету үшін планетадағы ресурстарды тұрақсыз пайдаланамыз. Әлемде көптеген адамдар аштықтан ауыз су тапшылығынан зардап шегуде.


vodablog.livejournal.com

Есіңе түсір, аштық пен ауыз су жетіспеушілігі

жөнінде қандай континент 1-ші орында?

Егер әрбір адам бүгінгі күнін ғана ойлайтын болса, онда біздің планета қолайсыз жағдайларға ұшырайды. Тұрақты дамудың негізгі міндеттерінің бірі - әр адамның экологиялық ойының болуы қажет, яғни әрбір адам ғаламдық мәселелерді ойлауы қажет.


Үй тапсырмасы


1. Сабақ тақырыбы бойынша материалды оқу

2. Қандай жаһандық мәселелерді сіздер білесіздер
Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет