23. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
“Тұрақты дамуға көмектесу” Орталығы” Қоғамдық қоры
“Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ
Орта мектептің жоғарғы сыныптарына арналған
“Қоршаған орта экологиясы”
оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал
Қазіргі уақытта қоршаған табиғи ортаға байланысты көптеген мәселелер ғаламдық сипат алуда. Белгілі ғаламдық экологиялық мәселелерге жататындар: Қазіргі уақытта қоршаған табиғи ортаға байланысты көптеген мәселелер ғаламдық сипат алуда. Белгілі ғаламдық экологиялық мәселелерге жататындар: - Озон қабатының бұзылуы;
- Ғаламдық жылыну;
- Климаттың өзгеруі.
Экологиялық мәселелер мемлекеттік шекараны таңдамайды, сондықтан бір мемлекеттегі экологиялық жағдайдың төмендеуі көршілес жатқан мемлекетке өзіндік ықпалын тигізеді.
Осыған байланысты әлемде қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың экологиялық мәселелерді назарға ала отырып, оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда.
Ойлан, біздің республикада халықаралық деңгейде қандай экологиялық мәселелерді шешуге болады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Орта Азияға қандай мемлекеттер кіретінін жаз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ - Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әрекет етудің ұлттық жоспары;
- Биологиялық алуандылықты сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі әрекет етудің ұлттық стратегиясы мен жоспары;
- Шөлейттенуге қарсы күресу жөніндегі әрекеттердің ұлттық бағдарламасы;
- Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық жоспарлар;
- Озонды бұзатын заттарды пайдалануды қысқарту жөніндегі әрекеттердің ұлттық бағдарламасы мен жоспары,
- Парникті газдар эмиссиясын төмендетудің ұлттық стратегиясы;
- Тұрақты дамудың ұлттық тұжырымдамасы.
Тапсырма - Жоғарыда тізілген құжаттардың қайсысын Қазақстан Республикасы қабылдады? Интернеттен іздеп табыңыздар.
«Қазақстанның су ресурстары жаңа мыңжылдықта» - деген атпен 2007 жылы қазақстандық сарапшылардың баяндамалары дайындалған болатын, бұл баяндамада «аймақтағы су тапшылығы климаттың өзгеруіне байланысты артып келеді, мұндай жағдай тек жеке аймақтарға ғана емес, Орталық Азияның барлық аймақтарына қатер төндіруі мүмкін» делінген. Қазақстандағы су мәселелері Орта Азия өңірлеріне әсер етуі мүмкін бе? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қандай себептерге байланысты Орталық Азия аймақтарында тұрақты даму баяу дамуда? (қорытындыларыңды дәптерге жаз)
Мысалы, заңдардың ықпал етуі дамымаған, қоғам шешім қабылдау үрдісіне қатыспайды. Тізімді жалғастыр
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Біздер сапалы өмірді қамтамасыз ету үшін планетадағы ресурстарды тұрақсыз пайдаланамыз. Әлемде көптеген адамдар аштықтан ауыз су тапшылығынан зардап шегуде.
vodablog.livejournal.com
Есіңе түсір, аштық пен ауыз су жетіспеушілігі
жөнінде қандай континент 1-ші орында?
Егер әрбір адам бүгінгі күнін ғана ойлайтын болса, онда біздің планета қолайсыз жағдайларға ұшырайды. Тұрақты дамудың негізгі міндеттерінің бірі - әр адамның экологиялық ойының болуы қажет, яғни әрбір адам ғаламдық мәселелерді ойлауы қажет.
1. Сабақ тақырыбы бойынша материалды оқу
2. Қандай жаһандық мәселелерді сіздер білесіздер
Достарыңызбен бөлісу: |