«№277 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сыныптан тыс жұмыс



бет1/3
Дата06.12.2022
өлшемі29,89 Kb.
#161613
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
МАМАНДЫҚҚА БАҒЫТ танымдық сабақ
Қазахстан тарихы 5 сынып билет 1

Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№277 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс жұмыс
«Мамандық таңдауға бағыт»
Танымдық сабақ
9 сынып

Көркем еңбек пәні мұғалімі: Абдразакова Ж.С


Байқоңыр қаласы 2021ж.

«Мамандық таңдауға бағыт»


Қатысушылар: 9 сынып оқушылары
Мақсаты: мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, белгілі бір мамандық түрлеріне қатысты кәсіби қасиеттерді дамытуға, толықтыруға бағыт беру.
Міндеттері:
— Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу
— Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері:сұрақ – жауап, тренинг, топтық жұмыстар.
Өткізіу формасы: танымдық сағат
Жоспары:
І. Қызығушылықты ояту «Ой – таным».(бейнежазбалар көру) https://www.instagram.com/p/CCS353_Cugh/?igshid=lcx22kn77g13
ІІ. Негізгі бөлім:
1)Кіріспе
2) Ақпарат алу (оқушылар) және сұрақтарға жауап
3) Бейнежазба көру. https://www.instagram.com/p/CBf0JjcF7IE/?igshid=l4yk9oj1ggu4
4) Ақпарат алу (мұғалім)
5)Жаттығулар мен тесттер
6) Музыкалық номер


Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту «Ой – таным».(бейнежазбалар көру)
1) Мамандық таңдаудағы 5 қате
https://www.instagram.com/p/CCS353_Cugh/?igshid=lcx22kn77g13
ІІ.Негізгі бөлім

  1. Мұғалім кіріспе сөзі:

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл.. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі. Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады. Бірақ біз бүгінгі сабақта белгілі бір мамандықты таңдамас бұрын, сол мамандық иесінде қандай қасиеттер мен қабілеттер болуы керек, ондай қасиеттер менің бойымнан табыла ма, менің қабілетім келе ма? деген сұрақтар бойынша мағлұмат аламыз, және ондай қабілеттерді дамытуға болатынын білетін боламыз.Сабақ барысында төмендегі мәліметтер бойынша ақпарат алатын боламыз (алдын ала оқушыларға тапсырма берілген болатын)


2) Ақпарат алу
1.«Жойылып кеткен мамандықтар» — 9 «А»
2.«Сұранысқа ие мамандықтар» — 9 «Ә»
3.«Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?» — 9 «Б»
4.«Қызықты мамандықтар» — 9 «В»
5. «Мамандықты дұрыс таңдау үшін адамға қажетті кәсіби қасиеттер мен қабілеттер және оларды дамыту мүмкіндіктері» - мұғалім

1.«Жойылып кеткен мамандықтар» — 9 «А»


Көше шамдарын жағушы.
Оператор коммутатор.
Мұз ойғыш.
Ұйқыдан оятатын адамдар.
Боулинг тастарын (кегля)қоятын адамдар.

2.«Сұранысқа ие мамандықтар» — 9 «Ә»


Менеджер
Басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі
Әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер
Офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымының маманы
Ақпараттық технология, интернет
Инженерлер мен телекоммуникация
Жарнама, маркетинг, PR менеджер (қоғаммен байланыс)
Банк, инвестиция, лизинг
Несие менеджерлері мен корпоравтиті тұтынушылармен жұмыс істейтін мамандар
Тамақ өнеркәсібінің мамандары
Машина құрастырушылар мен металлургтер
Жобалаушылар мен сәулетшілер
Көлік және логистика саласының мамандары
Туризм, қонақүй ісі
Медицина, фармацевтика
Масс-медиа мен іс-шараларды ұйымдастыру

3. Қандай мамандықтар ең жақсы сраныста?» — 9 «Б»


Инженер, IT саласының мамандары,
Нанотехнология саласының мамандары,
Электроника және биотехнология мамандары,
Маркетологтар,
Қызмет көрсету бойынша мамандар,
Логистер, экологтар, химиктер, дәрігерлер.

4.«Қызықты мамандықтар» — 9 «В»


Ойын инспекторы,
Гольф добын суда жүзіп алып беруші,
Жыланның уын алушы,
Печеньелерге арналған анықтамалар жазушы,
Құрт жинаушы,
Иттердің тағамының дәмін татып көруші,
Манекен адамдар

Бейнежазба көру. 1)Ең көп айлық алатын үш мамандық https://www.instagram.com/p/CBf0JjcF7IE/?igshid=l4yk9oj1ggu4


5.Мамандық иелеріне қажетті кәсіби қасиеттер мен қабілеттер, және оларды дамытудағы адамның мүмкіндіктері.
Әрбір мамандық адамға , оның жеке басының қасиеттерімен сәйкес келе бермейтін белгілі бір талаптар қояды. Болашақта иеленетін мамндығың бойынша жұмыс жасағанда ең қажет қасиеттердің бірі – ол адамның жадысы.
Және назар аудару, салыстыру, талдау сияқты ойлау операцияларын орындау мүмкіндігі. Барлық операциялар осы айтылған ойлау операцияларынсыз көптеген мәселелеғр шешімін таппайды. Көптеген мамандықтардан алғырлық пен шығармашылықты талап етіледі.
«Жадының көлемі» тестісін орындату. Шешімі: 2 минутта ббеғрілген сөздерден 33 сөз табу керек.
Әрі қарай тест қорытындысын білген соң жаттығулар жасату:

  1. Күнді еске түсіру жаттығуы

  2. Затттарды есте сақтау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет