3. Физикалық шамалар. Скаляр және векторлық шамалар. Халықаралық бірліктер жүйесі



Дата22.04.2022
өлшемі0,92 Mb.
#140494
түріСабақ

Физикалық шамалар. Скаляр және векторлық шамалар. Халықаралық бірліктер жүйесі

Физика 7 – сынып

Пән мұғалімі: Турсункулова М.Ж

Оқу мақсаты: 7.1.2.1 – физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру. 7.1.2.2 – скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру

Сабаққа шолу

  • Сабаққа шолу
  • Сенің білетінің:
  • векторлық және скаляр шамалар;
  • халықаралық бірліктер жүйесі.
  • Сенің меңгеретінің:
  • скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату;
  • физикалық шамаларды олардың өлшем бірліктерімен сәйкестендіру;

Физикалық шама деп физикалық құбылыстың немесе дене қасиеттерінің сандық сипаттамасын айтады. Физикалық шаманы енгізгенде, міндетті түрде, оның өлшем бірлігін (қысқаша бірліктерін) көрсету қажет.

  • Физикалық шама деп физикалық құбылыстың немесе дене қасиеттерінің сандық сипаттамасын айтады. Физикалық шаманы енгізгенде, міндетті түрде, оның өлшем бірлігін (қысқаша бірліктерін) көрсету қажет.
  • Физикалық шама денелерді сапалық және сандық тұрғыда сипаттайды. Физикалық шаманың мәні деп өлшем бірлігі көрсетілген санның мәнін айтады. Мысалы, 120 мм – сызықтық шаманың мәні, 75 кг – дене массасының мәні.

Суреттен қандай физикалық шамаларды көруге болады?

Барлық физикалық шамалар екі топқа бөлінеді:

  • Скаляр шамалар:
  • сандық мәндері бар, бірақ бағыты жоқ шамалар.

    скаляр шамалар оң да, теріс те болады. Мысалы, 5 килограмм.

    скаляр шамаларға масса (m), ұзындық (l), жол (s), уақыт (t), көлем (V), температура (T) сияқты физикалық шамалар жатады.

  • Векторлық шамалар:
  • кеңістікте бағыты мен сан мәні (модулі) болатын шамалар. Векторлық шамалардың үстіне нұсқама қойылады. Мысалы, оңтүстік бағытта.

    векторлық шамаларға жылдамдық, үдеу, орын ауыстыру, күш сияқты физикалық шамалар жатады.

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Төменде векторлық шамалардың белгіленуі мен мысалы көрсетілген.

Берілген физикалық шамалардың қайсысы скаляр немесе векторлық шамаларға жатады? Уақыт, көлем,жылдамдық,жол, күш, масса, үдеу, орын ауыстыру

Скаляр шамалар

Векторлық шамалар


уақыт
көлем
жол
жылдамдық
үдеу
Орын ауыстыру
масса
күш

Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)

  • 1960 жылы өлшемдердің метрлік жүйесін көп ел қабылдады және соның негізінде Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды. Қысқаша белгіленуі «SI», қазақ тілінде «ХБЖ». «Système international» француз тілінен аударғанда «халықаралық бірліктер жүйесі» деген мағына білдіреді.

Негізгі физикалық шамалар

Негізгі шамалар

Негізгі бірліктер

  • Ұзындық
  • Масса
  • Уақыт
  • Температура
  • Ток күші
  • Зат мөлшері
  • Жарық күші
  • Метр (м)
  • Килограмм (кг)
  • Секунд (с)
  • Градус (℃), Кельвин (К)
  • Ампер (А)
  • Моль (моль)
  • Кандела (кд)

Физикалық шамалардың белгіленуі

Қазақша атауы

  • Уақыт – t ( c)
  • Жылдамдық – v
  • Ұзындық - l

Ағылшынша атауы

  • Time
  • Veloсity
  • Length

Рефлексия кезеңі Өз прогрессіңді анықты

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы Жаттығу 1.1 (19-бет)

1, 2,6 тапсырмалар

(Тапсырманы жұмыс дәптерге орындаймыз)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет