3. Жалпы зәр анализі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы. Анализ жасау алдында науқасты дайындау



Дата01.03.2023
өлшемі15,16 Kb.
#170682
Байланысты:
3. Жалпы з р анализі. З рді салыстырмалы ты ызды ы. Анализ жаса


3. Жалпы зәр анализі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы.
Анализ жасау алдында науқасты дайындау:

Зәр анализі кезінде қойылатын талаптар:

  • Зәрдің мөлшерін 70мл кем болмауы керек;

  • Ыдыс таза және құрғақ болу керек;

  • Шыны ыдыс қолданады;

  • Зәрді жылы күйінде зертханаға жеткізу керек;

  • Зәр зертханаға 2сағатта жеткізілуі тиіс.

Жалпы зәр анализі қалыпты жағдайда:
Зәр түсі: Сабан-сары түсті. Зәр түсіне қабылдаған тағам, дәрілік заттар әсер етуі мүмкін.
Мөлдірлігі: Мөлдір. Қалыпты жағдайда зәрді ыдысқа құйғаннан кейін бірнеше сағат ішінде зәр мөлдірлігін сақтау керек.
Зәр иісі: Өткір емес.
pH немесе зәр реакциясы: pH 4 – 7 арасында.
Зәр тығыздығы: 1,012 г/л – 1,022 г/л шамасында. Қалыпты жағдайда зәрдің салыстырмалы тығыздығы қолданылатын тағамның, қабылдаған сұйықтықтардың мөлшеріне байланысты ауытқуы мүмкін.
Зәрдегі белок: Жоқ, 0,033 г/л дейін болуы мүмкін.
Зәрдегі глюкоза: Жоқ, 0,8 ммоль/л дейін. Зәрде глюкоза мөлшерін анықтаудың негізгі себебі қант диабеті немесе бүйрек жұмысының бұзылуы.
Зәрдегі кетон денелері: Жоқ.
Билирубин: Жоқ. Билирубин – қалыпты жағдайда өт құрамында болып, ішекпен сыртқа шығады. Ал билирубин деңгейі қанда аса жоғары болып кетсе сыртқа шығару қызметін бүйрек те атқарады.
Уробилиноген: 5 – 10 мг/л шамасында.
Гемоглобин: Жоқ.
Эритроциттер: Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмауы керек, немесе аз мөлшерде болуы мүмкін. Әйелдер үшін 3ке дейін көру алаңында. Ерлер үшін бірлікте көру алаңында.
Лейкоциттер: Қалыпты жағдайда зәрде лейкоциттер болмауы керек, немесе аз мөлшерде болуы мүмкін. Әйелдер үшін 6 дейін көру алаңында. Ерлер үшін 3 ке дейін көру алаңында.
Эпителиальды жасушалар: 10 дейін көру алаңында.
Цилиндрлер: Жоқ, гиалинді түрі бірлікте ғана.
Тұздар: Жоқ, яғни қалыпты жағдайда зәрде тұздар болмайды.
Бактериялар: Жоқ.
Паразиттер: Жоқ.
Саңырауқұлақтар: Жоқ.
Салыстырмалы тығыздығы: Зәрдің салыстырмалы тығыздығы ондағы еріген заттардың концентрациясына байланысты. Ағзадан қаншалықты концентірленген заттар бөлінсе, соншалықты зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары болады.
Балалар мен ересектердегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайда:
Жаңа туғандар (10 күнге дейінгі уақыт): 1,008 – 1,018 г/л
2 – 3 жас аралығындағы балалар: 1,010 – 1,017 г/л
4 – 12 жас аралығындағы балалар: 1,012 – 1,020 г/л
12 жастан асқан балалар: 1,010 – 1,022 г/л

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет