Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру. ТҮсініктеме жеңілдеу күндері



бет1/28
Дата24.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#104732
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д№3 Емдік тамақтануды ұйымдастыру


Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Жеңілдеу күндері - сандық және сапалық тағам құрамын шектеп қабылдау.

Тепе-тең тамақтану - сандық, сапалық құрамды тамақ құрамын теңестіру.

Тағамның құрамында - тағамның энергетикалық құндылығын бағалау.

Килоджоуль - энергетикалық бағалау бірлігі.
Теориялық бөлім
Емдік тамақтандыруды кең қолдану жалпы терапия кешенінің ең маңызды жағы. "Диета" сөзі грекше - "тамақтану тәртібі" деген түсінікті береді, науқас адамның немесе сау адамның дұрыс тамақтануы мен тамақ құрамын, сапасы мен мөлшерін, қабылдау уақытын қадағалау. Адам ағзасындағы үздіксіз өзгерістер қабылдаған тағам құрамына тікелей байланысты. Тағам ағзасына берілетін энергия, ақуыз, май, көміртегі, минералды тұздардың қайнар көзі болып табылады. Олар ағзадағы жасушалар мен ұлпалардың түзілуіне және қалыптасуына, жаңартуына басты қызмет атқарады.

Тағамның тотығуынан пайда болған заттар энергия көзі (калория). Ол тағамның масса бірлігі болып килоджоульмен (КДЖ) есептеледі. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17КДЖ энергия бөлінеді, Бұл көрсеткішті табу мақсатында, көміртегі бөлінетіні есептеліп шығарылған.


Ақуыздар


Жасуша және оның маңайындағылар негізі болады. Ақуыздар (грекше «протос» - бірінші бастамшы) - негізгі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% кепкен заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша жасау үшін адам ылғи ақуызға зар болады. Адам ағзасына олар азоттың жалғыз қайнар көзі болады. Фермент, гармондар ақуыздан құралған, тұқымқуалаушылық ақпаратты беруіне, жасушаның тыныс алуына, бұлшық еттің жұмысына қатынасады, оттегі тасымалдаушы, ағзаны микроб пен вирустардан қорғайды. Ақуыздар көбінесе 20 аминоқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін.



Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады. Әр түрлі тағамдардың да ақуыздар аминоқышқыл құрамы әр түрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқыл-дармен жетістіру үшін тағамдардың кен, ассортиментін қолдану жөн.

Сол арқылы ағза ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдерден толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әр түрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдар жеткізуге болады (сүтті ботқа, тары ботқа, көкөністермен). Ақуыздардың тағамда жетіспеуі, ағзадағы тапшылық әр түрлі патологиялық процесс тудырады. Артық ақуыз-дар ағзаны қалжыратады, алмасу процесін бұзады, ішектегі шіріту процесін тездетеді, бауыр мен бүйрек жұмысының қуатын арттырады.

Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы - тәулік бойынша 1-1,5 дене мөлшеріне тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1 г аздау болады. Ақуыздың қажеттілігі физикалық, жүйкемен көңіл-күй жағдайы ауырлағанда, тоңғанда, қызғанда көбеюі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет