Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру. ТҮсініктеме жеңілдеу күндері


"Коррекция" немесе "түзету" принципі



бет7/28
Дата24.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#104732
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Д№3 Емдік тамақтануды ұйымдастыру

"Коррекция" немесе "түзету" принципі - диетадан ауруды өрбітетін кейбір тағамдардың мөлшерін азайту не мүлде алып тастау. Мәселен, қант диабеті. Кейде бір коррекцияның көмегі арқылы қандағы қант құрамының реттелуіне әкеледі.

Емдеу-сауықтыру мекемелері емдеу барысында диетаны пайдаланады, бұл әдіс арнайы Азық-түлік институтында нөмірлі жүйемен белгіленгенді көп қолданбау керек. Олардың орнына тәбет ашатын көкөністер (әскөк) астың дәмін келтіретін және сапасын арттыратын өсімдіктер қосу керек. Жерде өсетін азық түрлері піскен кезде тезірек қорытылып, сіңімді болады.

Тамақтандырудың ең тиімді түрі, күніне 4 рет тамақтану қажет. Тамақтану аралығы 4-5 сағаттан аспауы керек. Ақуызға бай тағам түрлерін белсенді жұмыс кезеңінде таңертең және күндіз қолдану тиімді. Ұйықтар алдында жүйке жүйесіне әсер ететін тағамдарды (ащы тұздықтар, кофе, какао) қабылдамау керек. Кешке асты ұйықтағанға дейін 1-3 сағат бұрын ішкен дұрыс. Ас жақсы сіңу үшін оны қабылдар алдында аздап демалып алған тиімді. Ас қабылдар алдында шөл басып алу керек, өйткені сусызданған ағза асқазанның, ас қорыту қабілетіне кедергі жасайды. Тағамды жеңіл ас түрінен бастап (әр түрлі тұздықтар) қабылдаған жөн, олар асқазан сөлінің жеңіл бөлінуіне әсер етеді, ал керісінше майлы ас асқазан безінің сөл бөлуін тежейді. Асты асықпай мұқият шайнап жеген дұрыс.
Сауықтыру тағамдарын ұйымдастыру

Емдік тамақтандыру (диетотерапия) - кешенді терапияның ең маңызды құралы. Әдетте, ол басқа емдік терапиямен (фармакологиялық препараттармен, физиотерапиямен) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда, ас қорыту жүйесінен немесе зат алмасу жүйесін емдегенде - емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда - науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.

Тәуліктік емдеу рационы жасалып, оны диета деп атайды Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, өтпелілігіне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді. М.И. Певзнер үсынған сауықтыру диетасы жүйеленген 15 түрлі негізгі диетаны қарастырады. Бұдан басқа негізгі бөлімге жататын (1, 4, 5, 7, 8, 9, 10) бөлімдер бірнеше нұсқауларға ие, бұлар орыс алфавиті әріптерімен белгіленеді, оларды негізгі нөмірдің жанынан көреміз (1а 16, 5а). Емделушінің сауықтыру тағамы оның ауру тарихына немесе бекіту қағазында көрсетіледі. Палаталық мейірбике күнделікті тағайындау қағазын тексере отырып, күнара мөлшердегі талап бойынша қанша мөлшерде диеталық тағам керектігін және қай бөлімге екендігін белгілеп отырады. Мөлшер күнара жасалып, аға мейірбикемен келісіліп, бөлім бастығы бекітеді, сонан соң тағам бөліміне жіберіледі. Жаңа түскен науқасқа, қай бөлімге және қай уақытта (кешке не түн мезгілінде) түссе, ол туралы мәліметті қабылдау бөліміндегі мейірбике жазады.

Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның, дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға тиісті.

Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады. Та-мақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог-дәрігер атқарады, ол аурухана асханасын басқарады. Тамақ дайындаудың ең тиімді тәсілі орталық асханада дайындалған тағамды кейін бөлімшелерге арнайы ыстық тағамға арналған ыдыстармен таратады. Әрбір бөлімшеде керекті жағдайда тағамды ысытып беретін плиталар бар. Дайын тағамды буфетші немесе палаталық-мейірбикелер арнайы мөлшер бойынша таратады. Буфетте тағам мәзірі әр тағамның салмағы көрсетілген диеталық мәзір ілулі тұруы керек. Өзіндік жүріп-тұруға жарайтын науқастар ауқатты асханаға барып қабылдай алады. Төсек тартып жатқан науқастарға буфетші немесе палаталық мейірбике тағамды палатаға әкеліп береді. Бөлме жинаушы санитарлар тағам таратуға араласпайды. Ауыр науқастарды палаталық мейірбике өзі тамақтандырады. Науқастар тамақтанып болғаннан кейін, бөлме іші және асхана залалсыздандырылып, ыдыстар мұқият жуылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет