Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру. ТҮсініктеме жеңілдеу күндері



бет3/28
Дата24.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#104732
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д№3 Емдік тамақтануды ұйымдастыру

К өмірсулар
Бұл көмірден, оттегіден және су оттегінен жасалған органикалық заттар. Көмір суларды қарапайым (ионосахаридтер) және күрделі (дисахаридтер және полисахарид) деп бөлінеді. Ең көп жайылған моносахаридтерге глюкоза (жүзім қанты), фруктозалар жатады. Дисахариттерге: сахароза (қызылша қанты), лактоза (сүт қанты) жатады. Крахмал, гликоген, клетчатка, нектин заттары полисахаридтерге жатады. Моно және дисахаридтер полисахаридтерге қарағанда, дәмдері тәтті және суда жақсы еритін болады.

Көмірсулар - ағзаның негізгі энергетикалық заты болып саналады. Зат алмасу процесі жақсы өту үшін көмірсу болуы керек - адам ағзасында көмірсу толы болса, майлар жақсы тотығады (майлар көмірсу отында тезірек жанып кетеді). Көмірсулар бөлген энергия бойынша әр түрлі жүйе мен мүше қызметі жақсарады.

Адам ағзасында жақсы сіңетін көмірсулар қандағы қантты біркелкі сақтайды. Адам ағзасы көмірсуға жақсы толғанда глюкоза, гликоген түрінде бауыр жасушасында, бұлшық етте тұрып қалады. Гликоген - көмірсу қорының көз қайнары. Гликоген қажетіне орай ыдырап, ағзаның қалыпты есепті глюкозаға толтырады, олар қанға сіңіп бүкіл ұлпаларға тарайды. Көмірсу қантты жақсы сіңіреді, оларды кәдімгі тамақтануда кең қолдануға болады. Адам ағзасына негізгі көмірсудың көз қайнары өсімдік тағамдары болып саналады. Глюкоза мен фруктоза тәтті сортты жеміс-жидектерде болады, көп фруктоза балда болады. Жармалар, нан, макарон тағамдар, картоп, бұршақтар крахмалға бай болады. Қызылшада, сәбізде қантта сахароза көп болады. Көмірсулы лактозалар жануарлар өнімдерінде - сүтте, сүт тағамдарында болады.

К летчатка жасушаның қабықша құрамына енеді, өсімдіктер ұлпаның тірегі болады. Ол өт шығаруын белсенділікте, ішек бездердің секреттерін, ағзадан холестерин шығаруын реттейді, ішектердің қозғалу қызметі, оның босауын, тоңу сезімін де тудырады. Ішек қарында бактериялар мен клетчатканың ыдырауы ақуызды пайдаланумен байланысты, шіру процесіне қарсы болатын қышқыл өнімдерінің пайда болуына себеп болады.

Нан, шалған, орамжапырақ, шалқан, қызылша, бидай және сұлы жармалары көмірсуларға бай болады.

Көкөніс пен жемістерде пектин заттары болады. Әсіресе, ұрық ұлпалары (алма, қызылша, крыжовник) пектин заттарға өте бай. Пектин заттары шектің, кілегейлі қабықшасын қоршап тұрады, химиялық, механикалық әсерлерден қорғайды. Патогенді және шірітетін микрофлора агзаға қауіпті химиялық заттар (жез) пектинмен байланысын ағзада шығарылады.

Көмірсулардың негізгі саны ағзаға тасымал түрінде түсуі мүмкін, соған бай өсімдіктер тағамдарымен (жарма, нан тағамдары, картоп) ептеп ыдырап сіңеді.

Көмірсулар көбінесе ащы шекте моносахарид түрінде сіңеді. Сондықтан, күрделі көмірсулар (ди- және полисахаридтер) алдымен сілекей, ұйқы безі, жіңішке шек, ферменттермен ыдырайды.

Пектин заттары және клетчатка ерекше - олар өз бойында ішек микрофлорасы арқылы ыдырайды да, ащы және жуан шектерді төменгі бөлімдерінде, тәжірибе көрсеткендей, олар ағзаға сіңбейді, сол арқылы нәжіс жасалынады.

Көмірсуларды артық қолдану, шайқалу аппаратының жұмыс артуын зат алмасуын бұзады. Көмірсулардың артуы семіруді дамытады, атеросклероз, т.б. ауруларға әкеп соқтырады. Клетчат-калы тағамдарды көп қолданғанда шекте ашу процесі белсенді түрде ақуыз бен майлардың сіңуін азайтады.



Дәрумендер
Дәрумендерге әр түрлі құрамы жоғары химиялық-биологиялық белсенділігі бар заттар жатады. Олар өмір сүру процесіне ағзада айырбасталмайтын және өте аз түрімен үлкен рөл ойнайды. Бүкіл ағзаның қорғаныс күші дәрумендер меы ферменттердің тығыз байланысуымен көтеріледі, жұмыс куаты, денсаулығы сақталынады.

Ағза дәрумендерді қажет етеді, оны түрлі тағамдармен толықтырады, тамақтың дәруменге толы болатындығы оны дайындаумен байланысты. Адам ағзасына дәрумендер жақсы сіңуі үшін оларды ең алдымен ерітіп алу керек. Бұл белгісі бойынпіа дәрумендерді былай деп бөледі: суға еритіндер мен майга еритіндер. Суға еритін дәрумендер: С, Втобы,РР. Майға еритіндер -А, Д, Е, К дәрумендері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет