Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру. ТҮсініктеме жеңілдеу күндері


Тамақтану тәртібіне сипаттама (диета)



бет8/28
Дата24.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#104732
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Д№3 Емдік тамақтануды ұйымдастыру
ША.6. қаз т №1 3-тоқсан жб, voleybol-prezentaciya
Тамақтану тәртібіне сипаттама (диета)
Медицинадағы 15 диета түрлері.

Диета №1, №1а, №1б – асқазан жарасы және 12-елі ішек ауруы

Диета №2 — жедел гастрит, созылмалы гастрит, энтерит және колит,созылмалы энтероколит

Диета №3 – іш қату

Диета №4, №4а, №4б, №4в – асқазан – ішек аурулары, іш өтумен қоса

Диета №5, №5а – бауыр және өт қабының аурулары

Диета № 6 — подагра, бүйрек — тас ауруы

Диета №7, №7а, №7б – жедел және созылмалы нефрит (пиелонефрит,гломерулонефрит)

Диета №8 – семіздік

Диета №9 қант диабеті

Диета №10- қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін жүрек – қан тамыр аурулары

Диета №11 — туберкулез

Диета №12 – нерв жүйесінің функционалды аурулары

Диета №13 – жедел инфекциялық аурулар

Диета №14 – оксалаттан тұратын бүйрек — тас ауруы тастың шығуымен

Диета №15 – арнайы диета қажет етпейтін аурулар тобы

Стол №1

Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде, асқынулардан соң 6-12 ай, сонымен қоса жоғарғы қышқылдықты гастрит кезінде

Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді —дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; сүт, май қосылған жұмсақ ботқа; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға пысқан ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа;

қатырылған ақ нан, кептірілген нан; тәтті жеміс — жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао әлсіз. Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет;



Стол N 1а. Асқазан жара ауруының асқынулары кезінде, жоғары қышқылдықты созылмалы гастрит асқынулары кезінде

Құрамы: сүт (4-5 стакан), дәнді – дақылды сорпа, мысалы манка ботқасы, сүтті немесе май қосылған бидай кебегінен сорпа; сұйық жұмсартылған ботқа; бітеудей пысқан жұмыртқа (2-3 рет күніне) немесе булы омлет түрінде; майлы емес ет және балықтан жасалған буға пысқан суфле; тұздалмаған сары май (70-80 г күніне) немесе зәйтүн майы (тағамға қосу), қаймақ; кисель, жеміс – жидекті, сүтті сұйықтықтар, итмұрын қайнатпасы, сүт қосылған аса қара емес шай (қант 50 г дейін

күніне). Тұзды 5-8 г дейін азайту ( 3-5 г тұз тағамдарда болады, 5-8 г – нан тағамдарында), бос сұйықтық 1,5 л дейін. Қосымша витаминдер А, С, В (В1, В2, РР) тобындағы витаминдер. Тағамдарды әрбір 2-3 сағатта сұйық және жартылай сұйық түрінде және жылы түрінде қабылдау. Сүтті қабылдау нашар болса оны аз көлемде пайдалану қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет