Тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру. ТҮсініктеме жеңілдеу күндері



бет4/28
Дата24.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#104732
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д№3 Емдік тамақтануды ұйымдастыру

Минералды заттар


Адам ағзасының өмір сүру процесін реттеуші - минералды заттар, олар - макроэлемент, микроэлементтер деп бөлінеді.

Макроэлементтерге - ағзада биік концентрацияда болушы (натрий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт) жатады. Микроэлементтер ағзада өте аз кездесіп жатады. Жақсы зерттелген адамда кажеттісі көп микроэлементтер: темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор жатады. Макроэлементтердің қажеттілігі грамм өлшемімен есептеледі, ал микроэлементтер мұқтаждығы миллиграммен және микрограммен өлшенеді. Ағзаға минералды заттар тағам, сұйықтық түрінде түседі.

Су

О рта жастағы адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Әсіресе, су жас ағзада көп болады. Қартайған сайын ағза мен ұлпада су азаяды. Ағзаның өмір сүруінде су басты рөлді ойнайды. Заттар қалыпты өмір сүру үшін ұлпа мен ағзаға керек, олар суда еріп, ағзаның жан-жағына таралады.

Су - қоректі орта, ол диохимиялық және биофизикалық реакция жүретін, зат алмасу процесімен байланысқан, өмір сүруге керекті зат тасымалдау жүйесінің жұмысын атқарады (тағам заттарды тасымалдайды). Су арқылы ағзадан зат алмасу процесінің заттары шығарылады, термикалық (біркелкі мөлшерін) сақтайды. Ағзаның қызуы қоршаған ортаға су буы дене ішінен өкпе арқылы шығарылады. Секрет бөлінуіне, ұлпа мен жасуша аралығындағы кысым күшінің байланысының күйіне, нәжістің сұйықталуына су қажет. Қалыпты жағдайда адамның су жоғалтуы бір тәулікте орташа есеппен 2300-2800 мл (шамамен 1500 мл, тері және бумен 400-700 мл, тыныс алумен 300-400 мл, нәжіспен 70-200 мл). Осыған байланысты адамға (1 кг дененің кесек өлшеміне 34-45 мл) судың орташа көлемі керек. Ауыр жұмыс істегенде және сыртқы ортаның температурасы жоғары болғанда су қажеттілігі көбейеді. Қалыпты жағдайда су құю тамақ арқылы түседі. Сондықтан, ағзаның суға қанағат болуы үшін косымша 1200-1500 мл шамалы бос сұйықты (су, сүт,тосап, сор-па, шырын) қолдану қажет.

А дамға судың қажеттілігі шөл сезімін тудыртады, ол қан қысымына байланысты болады. Негізінен, судың сіңуі ішекте болады, қанға ол 20 минуттан кейін ғана түседі, су ішкеннен кейін бірден шөл қанбайды. Физиология бойынша шөлдегенде суды шамалап ұрттап, 5-10 минут бойы ішу жөн болады. Ағзада судың тоқтап қалуы натрий тұздарына, артық тамақтанғанда, тағамның көмірсу мен ақуыз байлығына байланысты. Оларға қарсы калий, кальций тұздарын сұйықтықпен ағзадан шығаруға итермелейді. Көп сұйықтықты қолдану қан тамыр-жүрек жүйесінің жұмысына әсер етеді, ақуызды ыдыратады, ағзадан минералдық тұздарды жуып жібереді. Сұйықты аздап қолданғанда циркуляциядағы жүрген қан өлшемі азайып, қоюланады. Ағзада тағамның болмауымен салыстырғанда, су болмаса адам ағзасына ауыр әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет