Липидтер (майлар)
Энергия қайнар көзі болып саналады.
Адам өмірінде майлардың физиологиялық рөлі зор. Олар жасуша құрамына кіреді, жасушаны қалыпты өмір сүруіне қатынасады, жартылай қор бойынша май деполарында жатады: тері астындағы клетчаткада, шарбыда (сальник), жұмсақ қосылысқан ұлпаларда, ішкі ағзада қорланады. Тері астындағы май қабаты адам денесін механикалық әрекетінен, тоңудан сақтайды, ішкі ағзаларды қоршап дұрыс қозғалыста болуын, соғып алудан, шайқалудан қорғайды. Егер ағзада кемірсулар жетіспесе немесе оның калориясы төмен болғанда, май қоры ең бірінші жоғары энергетикалық зат болып жұмсалынады.
Майлар (май ерітінділер, дәрумендер, витамин Д) ақуызды сіңіруін, щитовид безінің жұмысын белсенді етеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін, тамақтың дәмін, тойынған сезімді шақырады. Төмен температурада еритін майлар (өсімдік майлары, балық майы, т. б.) жоғарғы температурада еритін майларға (қара май, қой, шошқа, т.б.) қарағанда, эмульгирды майлар (сүт, сүт майы, т.б.) жақсы сіңеді. Майлардың құрамына толық және толық емес майлары жатады. Өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, соя) көбінесе толмаған майлардан құралған, ал жануарлар майлары (қара мал, шошқа, қой) - көбі толған майлар. Майлардың ағза үшін биологиялық құндылығы көбінесе майлы қышқылдардың жоғары қаныққан емес мөлшерде болуымен анықталады, олар үшеу. Олар ағзада түзілмейді, сондықтан тамақтанудың таптырмас факторы болып табылады. Жоғары толған майлар тотьгқты-жасанды процеске қатысады, қантамыр қабықшасының эластикалығын азайтады, холестеринді майлы қышқылға ыдыратқыштығын белсендіреді, өт белуін, ішек перестальтикасын жүйелейді. Толмаған майлар негізгі жеткізуші өсімдік майлар, кейбір жануарларда (құс, балық майы, сүйек миы майы) болады. Майларға 28-30 % калориялық тәулік рационы жатады. Қарт адамдарда майдың қолданылуы тәулік барысында азаяды. Суық климатта май қажеті өседі, ал ыстық климатта азаяды. Тәулік бойына 30% өсімдік, 70% жануар майларын пайдаланған жөн. Тамақтануда майдың көптігі де, аздығы да адамға әсер етеді. Майды қолдануды азайтқанда дене салмағы жеңілдейді, қорғаныс күші төмендейді, өсуі тоқтайды. Майларды көп қолдану жағымсыз әсерін тигізеді - алмасу процесі бұзылады, түрлі аурулар туады (атеросклероз, диабет, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |