3 с-218 тобы Оқытушы: Нысанбаева М. С



Дата07.02.2022
өлшемі50,14 Kb.
#84827
Байланысты:
15 сабақ


3 С-218 тобы
Оқытушы: Нысанбаева М.С.
nms.08@mail.ru
ватсап 8-775-963-05-16
Пән: Электротехниканың теориялық негіздері
Күні: 12.10
Тақырып: Электр тогын тудыратын магнит өрісі
 
Мысалы, 6.4–суретте көрсеткендей тіке орналасқан темір сымды қағаз арқылытесіп өткізейік және осы қағазда темір ұнтақтары орналасқан болсын. Енді темір сым арқылы ток өткізіп, қағаздыжеңіл ғана сілкіп жібергенде, темір ұнтақтары белгілі бір тәртіппен сымның айналасында дөңгелене қозғала бастайды. Егер ағын сызықтарының әртүрлі позицияларында компасты орналастырса, онда сызықтардың белгілі бір бағытта қозғалатыны байқалады, оны 6.4, в–суреттен көруге болады.
 

6.4–сурет
 
Егер ток бағыты кері болса, күш сызықтары да кері қарай бағытталады. Токты өшірген жағдайда темір үгіндісі мен компастың магнит тілшесінің бұрылуына да әсер жоғалады. Олай, болса электр тогы тарапынан магнит өрісі туады. Тұрақты магнит тарапынан ағын қалай пайда болса, магниттік ағынның қасиеті де тура сондай. Егер ток ұлғайса, өрістің кернеулігі де ұлғаяды, тұрақты магнит сияқты өрістің кернеулігі тогы бар өткізгіштен алыстаған сайын азая береді.
6.4–суретте магнит өрісінің өткізгішке түсіретін әсерінің тек шамалы бөлігі ғана көрсетілген. 6.4–суретте көрсеткендей, ұзын өткізгіштің бүкіл бойымен ток жіберсе, онда оның айналасында пайда болған магнит өрісінің түрі концентрлік цилиндр тәріздес және магнит өрісімен электр тогының бағыттары бір-біріне тәуелді болып келеді.

6.5–сурет
1- ток бағыты, 2- магнит күш сызықтарының бағыты
 
Электр тогы арқылы пайда болатын магниттік өрістермен танысқанда 6.6–суретте көрсетілген әсерлер шығады.
 

6.6–сурет
1- бақылаушыдан қағаздың ішіне қарай ағатын ток, 2- бақылаушыға қарай ағатын ток
 
Осыдан келесі ережелер қабылданған:
Бақылаушыдан қағаздың ішіне қарай ағатын ток белгісі –  . Мұндай құбылысты садақ қауырсынының артқы жағынан бейнелегендіктен оны қиылысқан сызықтар арқылы (6.6, а–сурет) көрсетуге болады.
Қағаздан бақылаушыға қарай ағатын токтың белгісі –  . Мұндай құбылысты садақтың ұшындай бейнелегендіктен ол нүкте сияқты болып көрінеді (6.6, b – сурет).
Магниттік күш сызықтарының бағытын анықтауға бұрғы ережесін пайдаланған жөн.
Берілген электр тогына сәйкес магнит өрісі индукция сызығының бағытын анықтайтын ереже:
Егер өткізгіштің бүкіл бойымен, бұрғының оң оймасымен тоқты бағыттап бұрғыны бұраса, онда бұрғының айналу бағытымен магнит өрісінің бағыты бірдей болады.
Егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы өткізгіштегі ток бағытымен дәл келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өткізгіштің айналасында болатын магнит өрісінің күш сызықтарының бағытымен дәл келеді.
Мысалы, ток бақылаушыдан бұрғының оң оймасымен бұрғылаған сағат тілінің бағытымен бірдей ақсын. Олай болса, магнит өрісі сағат тілінің бағытымен бірдей. 6.7, а–суретте көрсетілгендей, магниттік өріс соленоид немесе ұзын орама тарапынан туса, онда ол өзекті магнитке ұқсас болады. Егер соленоид темір шыбыққа оралған болса, 6.7, b–суретте көрсеткендей, онда магнит өрісі күштірек туады, темір магниттеліп, өзін тұрақты магнит тәрізді ұстайды.
 

6.7–сурет
1- соленоидтың магнит өрісі, 2- темір үгінді соленоидтың магнит өрісі
 
Осындай жолмен түзілген магнит өрісінің бағыты кез келген екі жолмен немесе екі ережемен: бұрғы ережелерімен немесе ілінісу ережесімен анықталынады.
Бұрғы ережесі; 6.7, а–суретте көрсеткендей, магнит өрісінің бағыты соленоид ішінде оңтүстіктен солтүстік полюске қарай бағытталған, егер бұрғының оң оймасы соленоид өсінің бойымен орналасса және бұрғы токтың бағытымен бұралса, онда соленоид ішіндегі магнит өрісі де сол бағытта қозғалады. Сонымен 6.7, a және b–суреттерінде солтүстік полюс оң жақта орналасқан.
Ілінісу ережесі; егер ораманы оң қолмен ұстаса сонда саусақтар ток бағытын көрсетеді, ал бас бармақ соленоид өсіне параллель орналасқан соленоид ішіндегі магнит өрісінің бағытын көрсетеді.
Соленоид (грекше solen – түтік және іdos – түр) ток жүретін оқшауланған сымнан оралған цилиндр тәрізді индуктивті шумақ. Соленоидтың ішкі қуысының орта бөлігінде (ұзындығы соленоид диаметрінен едәуір үлкен) магнит өрісі соленоид өсіне параллель бағытталады және біртекті, әрі бұл өрістің кернеулігі ток күшіне және шумақ санына (жуық шамамен) пропорционал. Соленоидтың магнит өрісі сырықты магниттің өрісіне ұқсас. Ішкі қуысында темір өзекшесі бар соленоид электрмагнит болып есептеледі. Соленоид электромагниттік теориясы өте маңызды, өйткені соленоид ішіндегі магнит өрісі біркелкі нақты ток және универсалды, себебі токтың өзгерісі магнит өрісінің күшін өзгерте алады. Соленоид негізіндегі электрмагнит көптеген электр қоңыраулары бөлшектерінің элементтері ретінде қолданылады. Мысалы, электр қоңырау, реле, көтергіш магнит, телефон трубкасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет