3 тақырып: Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер. Сабақтың мақсаты: Қазақтың саяси, интеллектуалды элитасы. «Алаш» партиясы және оның көсемдерінің қоғамдық – саяси қызметіне жан-жақты талдау және Ресейдің 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының Қазақстанның қоғамдық – саяси өміріне әсерін талқылау
Негізгі сұрақтар:
1.. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында
3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.
4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы
1.. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.
Орталықта және жер-жерлерде билік жұмысшы, солдат, шаруа өкілдері басқарған Кеңестерге өткендіктен ел де, өкімет те кеңестік деген атауға ие болды. Бұл билікті жүзеге асырған Ресей социал-демократтар партиясының солшыл тобы – большевиктер еді.1918 жылдың жазында Қазақстанның оңтүстік облыстары қараған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, ол РКФСР құрамына кіретін болғандықтан большевиктердің бұрынғы отар аймақтағы ықпалы айтарлықтай күшейді. Бірақ, кеңес билігі ауылдарға кешеуілдеп жетті және жергілікті халық бұл билікті бірден қабылдамады. 1918 жылы 28 ақпан-1 наурыз аралығында өткен Ақмола уезі Кеңестерінің бірінші съезінде «барлық егіншілерге қолайлы егіндік, шабындық жер беруге, мұқтажына қарай халықты мал азығымен, тұқыммен ..., сауынмен және құрал-сайманмен қамтамасыз етуге», «ірі капиталды және капиталистік мүлікті кәмпескелеуге, оны кеңес өкіметінің қарауына тапсыруға», халықтың революциялық сотын ұйымдастыруға, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, «пролетарлық-шаруалық республика үкіметі шығарған заңдар мен декреттерді ешқандай кедергіге қарамастан дереу жүзеге асыруға» шешім қабылданды.
2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.
Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз.
4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы.
Қазақтың қайсар ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай – ұлт азаттығы жолында құрбан болған қайраткер. Рухы биік азат ұлдың жүрегі Алаш деп соқты. Қазақ үшін жан аямай күресті. Әр нәрсенің өзіндік тарихы бар. Әрбір сөздің орны да солай. Этимологиялық көзқарас бойынша «басмашы» сөзі түркілердің «basmak» етістігінен пайда болған. Бұл «қысу», «басу», «бұзу» деген мағыналарды береді. Сонымен өзбек тілінде «basmaji» – «басбұзар», «тонаушы», «қылмыскер» деген сөз. Кеңес әскерлерінің Түркістан Қоқан Автономиясы (1918 жылдың ақпаны) үкіметіне қарсы қанды қақтығыс күндерінің жеңілісінен соң да басмашылар қозғалысы ұзақ жылдар бойы көптеген халықтар арасында танымалдығын сақтап қалды.Мұсылман халқының бас көтеруі ішкі себептерден басталды. Оның көшбасшысы Эргаш болды. Ол бұрын Сібірде айдауда болған, Қоқан мұсылмандарын қорғауды ұйымдастыру үшін Түркістан Кеңесіне сайланды.