33.Цистицеркоз (шошқаның финнозы) ауруында бас немесе жүрек бұлшықетінің 40 шаршы сантиметр тілігінде және ұшаның бұлшықет тіліктерінің бірінде үш тірі немесе өлі финн табылған кезде жануарлардың ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Бастың немесе жүректiң етінің тілігінде 40 шаршы сантиметрден үштен төмен тiрi немесе өлi финн болса және үштен жоғары тiрi немесе өлi финн басқа бұлшық еттер кесiндiсiнен табылса, ұшаны, басты және ішкі мүшелерді кәдеге жаратады.
Iш майларын және шпикты тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады.
Бастың немесе жүректiң етінің тілігінің 40 шаршы сантиметрінде кемінде үш тірі немесе өлі финн табылған жағдайда және еттің басқа тіліктерінде үштен аспайтын финн болмағанда немесе болған кезде басты және жүректі кәдеге жаратады, ұшасы мен қалған мүшелерін пісіріп, тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады.
Iш майларын және шпикті тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады. Тұздап не мұздатылып залалсыздандырылған ұшалар фаршты шұжық немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады, ал субөнімдері өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.
34.Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистицеркоз немесе сiрi қабықтың финнозы кезінде жануарлардың ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистицеркоз немесе сiрi қабықтың финнозы. Зақымданған мүшелердің маңындағы ұлпалармен бірге көпіршіктер жойылады. Ұшасы, зақымданбаған және тазартылған iшкi мүшелерi шектеусіз шығарылады.
Тенуикольді цистицеркозда паразиттерді механикалық жою жеткілікті, содан кейін ұшаны шектеусіз шығарады. Целлюлозді цестицеркоз тері асты майының майын да зақымдауы мүмкін болғандықтан майды еріту керек. Ерітілген майдың температурасын 100 градусқа дейін жеткізеді және 20минут ұстайды. Ықтимал қауіпті ет өнімдерін пісірер алдында етті қалаыңдығы 8см аспайтын кесектерге орайды. Бірінші жағдайда етті кемінде 3 сағат қайнату керек, жабық қазанды пайдалану кезінде – 2,5 сағат. Етті зарарсыздандыру кезінде бұлшықет қалыңдығындағы температура 10 градус болуы керек. Температураны өлшеу стандартты әдістеме бойынша жүргізіледі: жамбас-сан бұлшықеттерінің қалыңдығы кемінде 7см тереңдікте. Қажетті суыту дәрежесіне жеткен соң ұшаны мұздатқыш камерада 12градус температурада 10 тәулік бойы ұстайды. Финналарды залалсыздандыру мақсатында етті тұздау ет салмағынан 10% тұзы бар қойылтылған тұздықта жүргізіледі. Ет салмағы 2,5 кг дейінгі кесектерге кесілген болуы тиіс. Бұл өңдеу паразиттердің өлуі үшін қалдық.
35.Қойдың цистицеркозы (финнозы) кезінде ұшада 40 шаршы сантиметр тіліктің бетінде 5 финн артық анықталған кезде немесе бұлшықеттерде патологиялық өзгерістер болған жағдайда жануарлардың ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Қойлардың ұшалары мен мүшелерінде 40 шаршы см 2 кесімінде 5 финнан артық еместігі анықталған жағдайда және бұлшықеттерде өзгерістер болмаған жағдайда ұша мен мүшелерді мұздату арқылы зарарсыздандырады содан кейін шұжық өнімдері немесе консервілерге қайта өңдеуге жібереді.
Ұшада 40 шаршы см 2 кесімінде 5 финнан артық анықталған және бұлшық еттерде өзгерістер байқалған жағдайда ұша мен мүшелерді утильдейді, ал ішкі және құйрық майын шыжғырады.
36.Эхинококкоз ауруында жекелеген мүшелер немесе тіндердің зақымдануы кезінде жануарлардың ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Ветеринариялық санитарлық бағасы. Көптеп зақымдалған эхинококтық жұмыртқалар мен ішкі органдар мен бұлшықеттер немесе мүшелерді техникалық утильдеуге жібереді. Орта зақымдалғандарды тек зақымдалған жерлерін техникалық утилизацияға жібереді. Зақымдалмаған мүшелер шектеусіз босатылады.
Бұлшық еттер және iшкi мүшелерi көптеп зақымданған болса, сондай-ақ ұша арықтаған болса, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Бөлек мүшелер немесе тіндер зақымданған жағдайда, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаның зақымданбаған бөлшектерi және мүшелерi кедергiсiз жiберiледi.
37.Фасциоллез кезінде жануарлар ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Ветеринариялық – санитариялық ережелерге сәйкес, жануарлардың фасциоллезбен зақымдалған ішкі ағзаларының бөліктерін кесіп алып, техникалық утидизацияға жібереді. Ал, зақымдалмаған бөліктерін және ұша шектеусіз сатылымға немесе қолданысқа жіберіледі.
Ағзаның үштен екі бөлігінен көп жері зақымдалса, мүшені тұтастай утильдеуге жібереді немесе жояды. Фасциоллезбен зақымдалған мүшелерде көп мөлшерде микроорганизмдермен ластанулар болатындықтан, зақымдалған бөліктерін жоғарғы температурада залалсыздандыру арқылы ғана қолданысқа жіберіледі.
38.Дикроцелиоз ауруында жануарлардың ұшасы мен мүшелерін және басқа сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Бауырдың жарақатталған бөлшектерiн кәдеге жаратады. Бауырдың 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi.
Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Өкпенiң 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кәдеге жаратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |