37. Мектептанудың негізгі мәселелері. Менеджмент туралы түсінік



бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі69,35 Kb.
#149463
  1   2   3   4
Байланысты:
БОТА ШПОР
transfer-receipt-2066896327, transfer-receipt-2066896327, -24094173, 7 сын 2 тоқсан ұлдар

Педагогика
37.Мектептанудың негізгі мәселелері.Менеджмент туралы түсінік.
Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
• басқару туралы заң;
• Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;
• шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі. Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
2. "Білім туралы Заңның" негізгі ережелері.
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты мімдеттер "Білім туралы" Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Қүқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
"Білім Заңына" сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
"Білім туралы Заң" жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
3. "Менеджмент" – ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент теориясын алғашқы ұсынушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола түра, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гәрі, тәжірибеге жуыұтау деген. Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг менеджмент – өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе, орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетуің тиімділігі дейді.П.Дуркер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды. П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет