4-5-тақырып
«қОРҚЫТ АТА» КІТАБЫ. КІТАПТАҒЫ ЖЫРЛАР, ОЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОСПАРЫ:
1.«Қорқыт ата » кітабы
2.Кітаптағы жырлар
3.Олардың көркемдік ерекшеліктері
4. «Қорқыт ата» кітабынан үзінділер
ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб - и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. ХIХ ғ - да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма“ Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай - ақ жазбада оғыз тайпаларының этник тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр.
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің "Аталар сөзі" атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек, онда он шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, он шақты ру, тайпа ұлыcтарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншікте «Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб - и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») – оғыз - қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған. Бұл тарихи - әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз - қыпшақ дәуірінде жырланып, XV ғасырда Кавказ жерінде хатқа түсірілген. Қазақ тілінде Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен 1986 жылы тұңғыш рет жарық көрді.
«Қорқыт ата кітабының» ішінде 12 түрлі жыр бар. Жырдың бас кейіпкері - Қорқыт. «Қорқыт ата кітабының» басты кейіпкері — Қорқыттың нақты өмір сүрген уақыты белгісіз. Бір зерттеуде VII - VIII ғасырлар, екіншісінде X-XI ғасырлар аралығында өмір сүрген деген пікірлер кездеседі. Қорқыт - оғыз елінің ақылшысы, данагөйі, жырауы. Қорқыттың есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ.
«Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде әлемдік деңгейде зерттелген туынды. Негізінен батырлық жырлардың жинағы болып табылатын бұл жазба мұраның Дрезденде және Ватиканда сақталған негізгі екі нұсқасы, сонымен қатар үшінші – Дрезден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа Дрезден корольдік кітапханасында Х.Флейшер каталогы бойынша 86 - нөмірмен тіркелген, араб әріптерімен жазылған 153 парақтық қолжазба. Қолжазбаның бірінші парағында шығарманың аты «Китаб - ы Деде Коркут ала лисан - и таифе - и Оғузан» (Оғыз тайпасының тіліндегі Қорқыт атам кітабы) деп көрсетілген.
Бұл нұсқа төмендегідей 12 жырдан тұрады:
1. Дерсе хан ұлы Бұқаш хан жыры;
2. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр;
3. Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бейрек туралы жыр;
4. Қазан бектің ұлы Ораз бектің тұтқын болғаны туралы жыр;
5. Дұқа Қожа ұлы Делі Домрұл туралы жыр;
6. Қаңлы Қожа ұлы Қан Тұралы туралы жыр;
7. Қазылық Қожа ұлы Йегенек туралы жыр;
8. Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр;
10. Үшүн Қожа ұлы Секрек туралы жыр;
11. Салор Қазанның тұтқын болып, оны ұлы Ораздың құтқарып алғаны туралы жыр;
12. Іш Оғыздың Сырт Оғызға жау болып, Бейректің өлгені туралы жыр.
Дрезден нұсқасын ең алғаш ғылымға танытқан Х.Ф. фон Диц. Ол Төбекөзге қатысты жырды неміс тіліндегі аудармасымен бірге жариялап, Қорқыт атаға да біраз тоқталған. Диц Төбекөз бен Гомердің «Одиссеясындағы» Полифемді салыстырып, Қорқыт ата кітабындағы жырдың көлемдірек екеніне назар аударып, мұны гректер Шығыстан алған деген пікір айтады.
Екінші нұсқа Ватикан кітапханасында түрікше жазбалар арасында 102 - нөмірге тіркелген 107 парақ бұл жинақ екі бөлімнен тұрады. Ватикан нұсқасындағы жырлар:
1. (Дерсе) хан ұлы Бұқаш хан туралы хикая;
2. Бамсы Берік туралы хикая;
3. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы хикая;
4. Қазан бектің ұлы Ораз ханның тұтқын болғаны туралы хикая;
5. Қазылық қожа ұлы Йегенек бек туралы хикая;
6. Сырт Оғыздың Іш Оғызға дұшпан болып, Беріктің опат болғаны туралы хикая.
Жырлардың тақырыбынан да көрініп тұрғандай, Ватикан нұсқасында, негізінен Қазан бекке қатысты жырлар алынған. Бірақ Дрезден нұсқасымен салыстырғанда, бұл нұсқада Қазан бекке қатысты жырлардан «Салор Қазанның тұтқын болып, оны ұлы Ораздың құтқарып алғаны туралы жыр» енбей қалған.
Ватикан нұсқасын ғылымға ең алғаш танытқан кісі – Этторе Росси. Алдымен шағын мақала (1950), ал кейіннен Қорқыт ата туралы көлемді зерттеу жазып, Ватикан нұсқасымен бірге жариялаған (1952).
Э.Росси 364 беттік еңбегінің бірінші («Кіріспе») бөлімінде «Қорқыт ата кітабына», оның Дрезден , Берлин және Ватикан нұсқаларына, Қорқыт атаның аңыздық тұлғасына , жыраулық дәстүрге, жырда баяндалған географиялық аймаққа, жырдағы әдет - ғұрыптарға, діни нанымдарға және т.б. мәселелерге кеңірек тоқталған. Екінші бөлімде Ватикан нұсқасындағы алты жырдың, сонымен қатар Ватикан нұсқасында жоқ Дрезден нұсқасындағы алты жырдың аудармасын берген. Үшінші бөлімде Ватикан нұсқасының факсимилесін, ал төртінші бөлімде Ватикан нұсқасының түрікше - италиянша сөздігі мен т.б. мағлұматтарды берген.
Көлемі жағынан шағын, ұзақ уақыт ғалымдардың назарынан тыс қалған Ватикан нұсқасы ХХ ғасырдың соңына қарай қарқынды зерттеле бастады.
Ал үшінші нұсқа негізінен Дрезден қолжазбасының көшірмесі болып табылады. Ол Берлин корольдік кітапханасының Вильгельм Пертч дайындап, жариялаған каталогында 203 - нөмірмен тіркелген. 34 парақтан тұрады, әр бетте 34 жолдан жазылған. Зерттеушілер бұл нұсқаны Дрезден нұсқасынан көшіріп, Берлин кітапханасына тапсырған кісі Г.Ф.Диц болуы тиіс деген пікір айтады.
Түрік зерттеушісі Килисли Ахмет Рыфаттың 1916 жылы «Китаб-ы Деде Коркут ала лисан - и таифе - и Оғузан» деген атпен араб әліппесімен жариялаған еңбегі осы Берлин нұсқасы негізінде дайындалған. Сондай-ақ Килисли Рыфаттың бұл еңбегі «Қорқыт ата кітабына» қатысты Түркиядағы ең алғашқы еңбек.
«Қорқыт ата кітабына» Х.Ф.Диц, Э.Росси, Килисли Рыфаттан бастап көптеген іргелі зерттеу жасалды. Г.Ф.Дицтен кейін ұзақ уақыт зерттелмей қалған «Қорқыт ата кітабы» туралы маңызды мақалалар мен еңбектерді В.Бартольд жазды. Сонымен қатар орыс ғалымдары Туманский, В.М.Жирмунский, А.Н.Кононов, А.Ю.Якубовский жазба ескерткішке қатысты маңызды зерттеулер жасады. Бұл орайда Х.Г.Короглының зерттеулерін де ерекше атап өтуге болады.
«Қорқыт ата кітабына» қатысты Әзербайжанда шыққан Хамит Араслының 1939 жылы жарық көрген мәтін мен шағын сөздіктен тұратын «Китабы Деде Коркут» атты кітабын, сондай - ақ осы жазба жәдігер бойынша зерттеулер жүргізген М.Г.Тахмасиб, Ш.А.Жәмшидов, Ә. Демирчизаде, Ф.Зейналов және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақ ғалымдарынан Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншалиев, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев өз зерттеулерінде «Қорқыт ата кітабын» әдеби мұра тұрғысынан қарастырып, сүбелі ой - тұжырымдарын білдірді. Қорқыт ата мұрасын мен де ешқашан назарымнан тыс қалдырған емеспін.
«Қорқыт ата кітабын» зерттеу жұмыстары ХХІ ғасырда жаңа белеске көтеріліп, іргелі зерттеулермен толықты. Жазба жәдігердің транскрипциясы, бұрын дұрыс оқылмаған, түсініксіз тұстарына қатысты жаңа зерттеулер жарық көрді.
2001 жылы Семих Тезжан мен Хендрик Бушотен «Қорқыт ата кітабының» Дрезден және Ватикан нұсқаларының транскрипцияларын алғаш рет жеке жариялады. Бұл еңбекте Дрезден мен Ватикан нұсқаларында анықталған қолжазба қателері көрсетіліп, олар сөздердің транслитерациясы және ескертпелер түрінде берілді.
Негізінде бұл жырлар бір кездері оғыз - қыпшақ жұрты қатар көшіп-қонып жүрген ата қоныс – Сыр бойында туып, ғасырлар бойы жырланып, кейін оғыздармен бірге көшіп, жаңа сюжеттер, жаңа оқиғалар қосылып, толығып, түрленіп, Анадолыда хатқа түскен болуы тиіс. Жырдың баяндалу сипатының өзі көне жыраулық дәстүрді айқын көрсетеді. Әрбір елеулі оқиғадан кейін Қорқыт ата келіп сөз сөйлейді, жыр жырлайды, бата береді. Ал Делі Домбрұл, Төбекөзге қатысты жырлар тіпті ертеректе шыққан тәрізді.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасы, жоғарыда айтып өткеніміздей, оғыз батырларының қаһармандықтарын дәріптейтін он екі жырдан тұрады. Бұл жырларда оғыз ерендерімен қатар, оғыздардың тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрыптары, діни сенімдері және т.б. туралы мол мағлұматтар беріледі.
Жалпы Қазақстанда «Қорқыт ата кітабы» әдеби мұра ретінде зерттелгенімен, күні бүгінге дейін бұл жазба ескерткіш қазақ тіліне түпнұсқадан аударылмай келді. 1986 жылы фольклоршы - ғалым, профессор Ә.Қоңыратбаев пен М.Байділдаев «Қорқыт ата кітабын» орыс тілінен аударып жариялады (1986). Кейіннен Б.Ысқақов, Ш.Ыбыраев түрік тілінен аударды (1994, 1999). Әрине, бұл әдеби аудармалар жырлардың мазмұны, сюжеті, идеясы және т.б. мәселелер тұрғысынан көптеген зерттеуге арқау болған елеулі еңбектер болғанымен, тілдік тұрғыда түпнұсқаның бастапқы қалпын сақтай алмаған.
Қысқасы, «Қорқыт ата кітабының» қазақ тіліндегі аудармалары кітаптың орыс және түрік тілдеріндегі аудармаларын негізге ала отырып жасалған әдеби аудармалар болғандықтан, түпнұсқадан ауытқушылықтар мен бұрмалаушылықтарға жол берілген. Десе де, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, бұл аудармалардың ұзақ уақыт үлкен қажеттіліктің орнын толтырған маңызды еңбектер болғанын атап өткен жөн.
Жалпы алғанда, жазба ескерткіштің әдеби аудармасы оның мазмұнын, сюжетін, идеясын жеткізгенімен, бай тілдік материалын түпнұсқадағыдай нақты ашып бере алмайды. Сондықтан қандай да бір жазба жәдігердің транскрипциясы тілдің қалыптасып, даму кезеңдерін, тарихи грамматикасын, тілдік қорын т.б. зерттеу тұрғысынан ерекше маңызды.
«Қорқыт ата кітабының» осы күнге дейін қазақшаланған нұсқалары, жоғарыда айтып өткеніміздей, еркін аударма сипатында болды. Ал еркін аудармалар тілдік зерттеулерге негіз бола алмайды. Қазақстанда «Қорқыт ата кітабының» күні бүгінге дейін транскрипциясының жасалып, басылмауы ‒ тіліміздің тарихи тереңдерінде тұнып жатқан мол тілдік деректер мен бай материалдың әлі де игерілмей жатқанын көрсетеді. Мысалы, «Қорқыт ата кітабында» жалпы алғанда сегіз мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі кездеседі. Бұл – тұтас бір халықтың тұрмыс - тіршілігін, әдет -ғұрпын, салт - санасын, наным - сенімін, бастан өткерген тарихын көрсететін мол тілдік материал деген сөз. Сондай - ақ жазба жәдігерде сақталған қыпшақ тілінің элементтері, жер - су атаулары, әдет - ғұрып, салт - дәстүр жөнінде мәлімет беретін сөздер мен тіркестер жырдың пайда болған географиясын анықтауда да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, «Қорқыт ата кітабын» түпнұсқа факсимилесінен оқып, транскрипциясын жасау; алдыңғы транскрипцияларда басқаша оқылған күмәнді сөздерді қайта оқып, жаңаша түсініктеме беру; жырдағы қыпшақтық элементтерге баса назар аударып, ана тілімізге аудару, яғни қазақ тілінде жаңашалау, кітаптың сөздігін құрастыру тарихи - салыстырмалы тіл зерттеулері үшін ғана емес, сонымен қатар этнолингвистикалық, этнографиялық т.б. зерттеулер үшін де маңызды рөл атқарады.
Осылайша, алғашқы жырлары біздің болжауымызша, сонау VІІІ ғасырларда туып, ғасырдан - ғасырға ауызша жырланып, заманына сай өзгеріп, толықтырылып, түрік жұртымен бірге көшіп, Анадолы жерінде хатқа түскен «Қорқыт ата кітабы» елімізде тұңғыш рет түпнұсқадан оқылды. Қорқыт ата жырлары стилі, көркемдігі тұрғысынан әртүрлі. Соған қарағанда бұл жырлар кезінде бірнеше жыраудың аузынан жазылып алынған тәрізді. Кітаптағы қыпшақ тілінің ерекшеліктері де толық сақталды. Ендігі жерде «Қорқыт ата кітабының» транскрипциясы мен қазақ тілінде жаңашаланған нұсқасының ғылыми айналымға түсетініне және жаңаша талдау жұмыстарының жүргізілетініне, сөйтіп қазақ тілінің тарихи даму сатыларын айқындау, тарихи грамматикасын, тілдік қорын зерттеуге, жырды әдеби тұрғыдан тануда ықпал ететініне күмән жоқ.
Қорқыт – VІІІ ғасырда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, ойшыл, батагөй абыз, күйшілік, жыраулық өнердің атасы, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады.
Қорқыт туралы бірден - бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел - жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай, баланың атын ―Қорқыт деп қойған дейді. ―Қорқыт сөзінің этимологиясын Ә.Қоңыратбаев ―құтты адам, құт әкелетін адам деп көрсетсе, С.Қасқабасов ― өмір сарқылды, адам өлді деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, ―дада, деде деген сөздерді ―насихат айтушы жырау деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі оғыз тайпасынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз елінің үш тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды», – дейді В.В. Бартольд. Қорқыт ата оғыз - қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға.
Ал, оның теңдесі жоқ күйші — сазгер болғандығын халық жадында сақталған. «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді . Қазақ арасынан шыққан атақты күйші — бақсылар, ақын - жыраулар өздерінің өлең - жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген.
Жыраудың үлкен пірі — Қорқыт ата, Бата алған барлық бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.
Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жер ұйық іздеуін, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресіп, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі Әйтсе де ол соңында «Өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сикырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал - мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.
Қорқыт анасынан туылған бойда - ақ тілі шығып, сөйлеп кетті. Қорқыттың өмірге қалай келгені туралы ерте заман қобызшылары мен бақсы - жыраулары айтатын өлең-жырлар бар:
Қорқыт туар кезінде
Қара аспанды су алған, Қара жерді күл алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған.
Сонымен, Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау қойнаулары мен Сырдария бойында тұрған қалалар, елді мекендер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында осы күнге дейін айтылып жүр. Өйткені бұл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып, ұштасып жатады.
«Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы VII—VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз - қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған аса құнды шығарма.
«Қорқыт ата кітабын» ҮІІІ ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады.
Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш - қонын, мекен тұрағын, ен - таңбасын, ұран - ұжымын белгілеп отыратын білгір. Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл - кемеңгер, жырау, күйші - қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен.
• Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар,
• Екіншісі - тарихи шежірелер,
• Үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы».
Қорқыт бабамыз асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші - композитор болғандығын ел ішінде сақтаған "Қорқыт күйі", "Қорқыт сарыны" атты шығармалары дәлелдейді. Күйші шығармаларында халық пен елдің тағдырын , болашағын ойлап, қамығады, адамдардың қайғы - қасіретіне ортақтасып, мұң - шерін бӛліседі. Өмірдің мәні бақытты ғұмыр жайында тебіреніп, тереңнен ой толғайды. «Қоңыр» күйде қылқобызда орындалатын, өзіне ғана тән, көптеген тәсілдер кездеседі. Бір — бірінен желісі үзілмей сабақтасып жататын бірнеше сарыннан тұрады. Қорқыт күйлерінің көбісі басынан бастап соңына жеткенше екпіні бірнеше рет өзгеріп тұрады. Күй шоқтығы биік, парасат пен адамгершілікке, өмір жайында толғанысқа толы болып келеді. «Жалпы Қорқыт күйлерінің бір ерекшелігі — ол әуендік байланысы мен бір – бірімен сабақтастығында. Бір күйдегі нақыш –саз, екіншісінде ашық және жасырын түрде де қайталанады» - деп жазады белгілі қылқобызшы М. Жарқынбеков.
Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. «Қорқыт ата» кітабында он екі жыр бар. Олар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз биді өлтірген Бисат батыр», «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр», т.б. «Қорқыт ата» кітабының екі нұсқасы сақталған: 1) он екі жырдан тұратын Дрезден нұсқасы; 2) алты жырдан тұратын Ватикан нұсқасы.
Қорқыттың артына қалдырған көптеген нақыл сөздері бар. Олардың көбі қазақ халқының мақал - мәтелдерімен ұқсас болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |