Бейнежазба арқылы жаңа ұғымды түсінуін жеңілдету;
Диалог әдісін қолдана отырып әңгіменің негізгі идеясын түсіну, сыни ойлау арқылы өз ойын тұжырымдауға үйрету;
Сомдау барысында әртістік қабілеттерін дамыту;
Сөйлеу дағдыларын зерделеу; тапсырмалар бойынша формативті және жиынтық бағалауға үйрету
Оқыту нәтижесі
Қ.Әбдіқадыровтың өмірімен танысады.
Қажымұқан туралы мәліметтерін толықтырады. «Жиб-жица» күрес түрлерімен танысады, ойлары толысады.
Өз ойларын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;
Шыдамдылықпен тыңдап, пікірін қорғап кері байланысқа үйренеді.
Сахналау шеберліктерін жетілдіреді.
Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді