4. ДӘрістік кешен дәріс 1-2 (1-ші тақырып)



Дата03.04.2020
өлшемі95 Kb.
#61494
Байланысты:
Лекция 1-ШСКТ

4. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Дәріс 1-2 (1-ші тақырып).

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуекелдерінің теориялық негіздемесі

Дәрістің мақсаты: Білім алушыларды шаруашылық жүргізіші субьектілерінің қаржылық тәуекел түрлерімен, олардың тәуекел ағымындағы орнын, қағидалары мен сыныпталу жолдарымен таныстыру

Негізгі терминдер: тәуекел, қаржылық тәуекел, тәуекелдің түрлері, өндірістік, коммерциялық
1.1 Қаржылық тәуекелдің теориялық мәні, түрлері және тәуекел ағымындағы орны

1.2 Қаржылық тәуекелдерді сыныптау мен қаржылық тәуекелдің қағидалары
1.1 Қаржылық тәуекелдің теориялық мәні, түрлері және тәуекел ағымындағы орны
Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелділік ықтималдылықтар қатынастарына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейіндегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдылығын да қарастыруы керек.



Кәсіпкерлік тәуекел- бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.

Өндірістік тәуекел- бұл өнім өндірумен, қызмет көрстумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатасі, көтеріңкі аударым сомасы мен салықтарды төлеу жатады.

Коммерциялық тәуекел- кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарлауы, сатып алу көлемінің өсуі, экономикалық тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел- кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы, кредиторларға тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде қаражат жұмсауы.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, бағалы қағаздар эмиссиясы. Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық, айырылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел (1 сурет).



Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қауіпінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін көрсетеді. Қаржылық тәуекелді шешеуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвесторлар келесі принциптерді назарда ұстауы қажет: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекеге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғнм берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекеге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражатының көлемімен салыстыру. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Сурет 1. Қаржылық тәуекелдің түрлері


Қаржылық тәуекелді басқару үдерісі келесі сатылардан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады. Тәуекеділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады. Шығындардың қауіпін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі, активтердің бір бөлігі шарасыз жоғалту.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады. Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, нарық жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің бес негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады:

-Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.

-Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табыстың барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

-Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.

-Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындарды өзінінің есебінен қайтарады.

-Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестициларын жоғалтады.

Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғат факторларымен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.

Тәуекелді талдауды бір – бірімен өзара тығыз байланысты және бір – бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.

Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті- жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады. Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорынан тәуелсіз инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторларға тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланстар, қаржылық жағдай жатады.

Тәуекелді сандық талдау- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.


1.2 Қаржылық тәуекелдерді сыныптау мен қаржылық тәуекелдің қағидалары
Ұйымдардағы тәуекелді басқарудың тиімділігін анықтау тәуекел сыныптамасымен байланысты.

И.Т. Балабанов тәуекелдің сыныптамасын таза, қаржылық және алыпсатарлық деп бөлген, оның айтуынша таза тәуекел нолдік нәтиже берумен байланысты. Мұндай тәуекелге табиғи-шынайы, экологиялық, саяси, көліктік және әлеуметтік тәуекел түрлері жатады.

Алыпсатарлық тәуекел түрі бұл шынайы және теріс нәтиже алу мүмкіндіктерін көрсетеді. Мұндай тәуекелге қаржылық тәуекелдің түрлері жатады, яғни оларға инвестициялық, инфляциялық және валюталық.

2-шы сурет бойынша қаржылық тәуекелдерді сыныптауға болады. Оларды жеке топтар бойынша төмендегіше жіктеуге келеді:

І. Объектіні сипаттауына байланысты (жеке қаржылық операциялар бойынша тәуекел, қаржылық қызметтің әртүрі бойынша тәуекел, құрылымдық қаржылық операциялар бойынша тәуекел, шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметі бойынша тәуекел);

ІІ. Кешенді зерттеу және әсер ету сипатының күрделілек дәрежесі бойынша (жай қаржылық тәуекел, құрамдық (күрделі) тәуекел, жеке қаржылық тәуекел, қоржындық қаржылық тәуекел);

ІІІ. Пайда болу көздерімен байланысты:

3.1 жүйелі нарықтық (сыртқы) тәуекел: инфляциялық, дефляциялық, пайыздық, валюталық, салықтық;



3.2 жүйелік емес (ішкі немесе ерекшелікті) қаржылық тәуекел;

Сурет 2. Қаржылық тәуекелдерді сыныптау


ІҮ. Қаржылық зардаптар мүмкін болатын (таза тәуекел, мүмкіндіктерді жіберіп алумен байланысты тәуекел, алыпсатарлық тәуекел);

Ү. Қайтарылу дәрежесі мен (ішнара әсер етуші) уақытында пайда болумен байланысты (уақытша қаржылық тәуекел, перманенттік (тұрақты) тәуекел, көпсатылы (алыпсатарлық) қаржылық тәуекел, бір реттік (таза), шартты қаржылық тәуекел.



Тәуекелдің әртүрлі топтары бойынша олардың өзара байланысын көруге болады:

  • ішкі және сыртқы (пайда болуы мен әсер ету сферасына байланысты);

  • жүйелі (жалпы экономикалық сипатындағы өзгерістердің мүмкіндігі, барлық компаниялар мен нарықтың мақсатты жағдайын толығымен анықтауға негізделген) және жүйесіз (нақты шаруашылық субъектісіне, яғни компанияның өзінде пайда болған жағдайларға байланысты);

  • реттеу мүмкіндігіне байланысты ашық (реттеуге жатпайтын) және жабық (реттелетін);

  • қысқа (мерзімі анықталмаған тәуекел) және ұзақ (ұзақ уақытқа созылған тәуекел) мерзімді;

  • объективті (төтенше жағдайлардың бақылауға болмайтын зиянынан көрінеді) және субъективті (объективті жағдайлардың пайда болуына қарамайтын) ;

  • фундаменталды (бір адамға, топқа бағынбайтын, бақыланбайтын, сонымен қатар барлық тәуекел түрлерін қамтитын түрі) және айрықша (специфические);

  • жеке және әмбебап.



Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша

Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу

Сурет 3. Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидалары


3-ші сурет бойынша компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидалары беріліп отыр.

Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:



    1. Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша;

    2. Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу;

    3. Тәуекелді басқару үдерісінде компаниялардың қаржылық стратегияларын есепке алу;

    4. Тәуекелді басқару кезеңіндегі опреацияларды есепке алу;

    5. Қабылданған тәуекелдерді басқару;

    6. Жеке тәуекелдерді басқарудағы тәуелсіздік;

    7. Қаржылық опреациялардың табыстылық дәрежесі бойынша қабылданатын тәуекелдің деңгейінің сәйкестігі;

    8. Компаниялардың қаржылық мүмкіндігіне байланысты тәуекелдің сәйкестілік деңгейі;

    9. Тәуекелді басқару тиімділігі.

Компаниялардың қаржылық тәуекелінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың жүйесіне объективті және субъективті факторлар әсер етеді (4 сурет).

Объективті факторларға мыналар әсер етуі мүмкін:

- еліміздің экономикалық даму деңгейі;

- макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы;



- еліміздің инфляциялық өсу қарқыны;

Сурет 4. Қаржылық тәуекелдің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың жүйесі


- сұраныс пен ұсыныстың конъюктурасы;

- қаржы нарығындағы жеке сегменттердің бәскелестік деңгейі;

- компаниялардың қаржылық қызметін мемлекеттік реттеудің сипаты;

- форс-мажорлық топтардың факторлары.

Субъективті факторларға төменде берілген көрсеткіштер жатады:

- компаниялардың қаржылық стартегиясының негізгі парамтерлері;

- мүмкін болатын тәуекелдің саясатына менеджерлер мен меншік иелерінің көзқарастары;

- қаржы менеджерлерінің біліктілік деңгейі.



Көрнекілік материалдары:
1. Қаржылық тәуекелдің түрлері

2. Қаржылық тәуекелдерді сыныптау

3. Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидалары

4. Қаржылық тәуекелдің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың жүйесі

5. Компания қызметінің үдерісінде қаржылық тәуекелді бейтараптандырудың негізгі жолдары

6. Қаржылық тәуекелді бейтараптандыру үшін пайдаланылатын әртараптандырудың негізгі түрлері


Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпкерлік тәуекел-

2. Кәсіпкелік тәуекелдің түрлері:

3. Өндірістік тәуекел-

4. Коммерциялық тәуекел-

5. Қаржылық тәуекел-

6. Қаржылық тәуекелді басқару процесі келесі сатылардан тұрады:

7. Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды ... деп бөлуге болады
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Ионова А.Ф., Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: учебник. 2-е изд., перераб. и доп. – Москва: Издательство Проспек, 2011.- 624 с. (ғтб)

2. Демесінов Т.Ж. Қаржылық талдау: оқулық – Алматы: Дәуір, 2011.-320 б. (10 дана)

3. Дүйсенбаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау: Оқулық –Алматы: Экономика, 2011.-348 б. (ғтб)

4. Лиференко Г.Н. Финансовый анализ предприятие: учебное пособие – М.: Издательство «Экзамен», 2006 -156 с.

5. Банк В.Р. Финансовый анализ: Учебное пособие - Москва: Проспект, 2006.-344 с.

6. Васильева Л.С. Финансовый анализ: Учебник для студ. высш. учебн. заведений – 3-е изд. стер.- Москва: КНОРУС, 2008. – 816 с.

7. Дюсембаев К.Ш. Методика анализа активов организации // Финансовый менеджмент. – 2008. - №7. – с. 52-57

8. Пономарев О. Финансовые показатели различных видов коммерческой деятельности // Учет и финансы. – 2009-№11 (41)- с. 8-14

9. Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: Управление финансами. Москва: ЮНИТИ, 2007. -640 с.

10. Исаева Н.С. Ключевые показатели финансового состояния предприятия. // Управленческий учет и финансы. 2008. № 4. –С.15-16.



11. Литовченко В.П. Финансовый анализ: Учеб. пособие / В.П. Литовченко.-М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2010.-216 с.

12. «Қазақстанның қор биржасы» АҚ-ның http//www.kase.kz/ ресми сайты

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет