4.6. Ұйқы безінің ісіктері
1. Қатерсіз ісіктер:
а) Инсулома (бета- торшалы аденома) - ісік торшалары инсулин шығарады. Ол гипогликемия синдромын береді.
б) Улъцерогенді аденома (гастринома) - ұйқы безінің инсулин шығармайтын торшаларынан өседі. Бұл торшалар гастрин шығарады.
Гастрин қарынның шырышты қабатынан тұзды қышқылдың көп шығуына әкеліп, қарын және ұлтабар ойық жарасына ұшыратады.
Гастриноманың 60% қатерлі ісікке жатады, ол лимфа бездеріне, бауырға, өкпеге, ішпердеге, теріге метастаз береді, Золлингер-Элиссон синдромын шақырады.
Диагноз ультрадыбысты тексеріс және компъютерлі томография, селективті целиакография көмегімен анықталады.
Үйқы безінің аденомасы қапшығымен қоса алынып тасталады.
Золлингер-Элиссон синдромы 3 түрлі тәсілдермен емделеді:
1) Ойық жаралы қарынды алып тастау.
2) Ісікті алып тастау. Ісіктің көптігі және қатерленуі бұл операцияның нәтижесін нашарлатады.
3) Блокаторлармен (циметидин, ранитидин) қарын секрециясын бәсеңдету.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі -
ікрлі ісігінің басталу ритонит арлық қатерлі ісіктердің 2-7% жетеді. Ер адамдар әйелдерден екі есе жиі ауырады. Ісік бездің басында (70%) өседі. Көбінесе аденокарцинома өседі. Ісік тез арада жалпы өт өзегіне, ұлтабарға, қарынның антральды бөлігіне және денесіне, күрделі қан тамырларына шабады. Бауырға, өкпеге, бүйрекке, сүйекке гематогенді жолмен жайылады.
Ауру ұйқы безінің қызметінің бұзылуынан, диспепсиядан, шаршағаннан, ішінің ауырсынуынан, кейде іш өтуінен басталады. Одан соң - арықтау, дене сарғаюы, іш ауыруы күшейеді. Іш ауыруы жамбасқа, белге шабады. Курвуазье симптомы (созылып үлкейген, ауырсынбайтын өттің анықталуы).
Диагнозды анықтау үшін рентгенді, компъютерлі, УЗИ тексерістері қолданылады.
Үйқы безінің қатерлі ісігінің басталу кезеңінде радикальды операция қолданылса, кейінгі кезеңде паллиативті операциялар қолданылады.
4.7. Ұйқы безінің ауруларын айыру
Ұйқы безін көру, пальпация немесе перкуссиямен тексеру мүмкін емес. Бұнымен қатар ол ағзаның жағдайы үшін өте маңызды ас қорыту жүйесінің гастродуоденальды, гепатобилиарлы жүйелерімен функциональды тығыз байланыстылығы панкреатиттің 80 астам белгілерінің байқалуының себебі болады.
Үйқы безі ауруларының түрлері:
1. Туа байқалатын кемістіктері:
а) сақинаға ұқсас үйқы безі,
б) ұйқы безінің кистозды фиброзы немесе Ландштейнер-Фанкони-Андерсен синдромы.
2. Ұйкы безінің туберкулезі,
3. ұйқы безінің мерезі,
4. ұйқы безінің паразитарлы аурулары,
5. ұйқы безінің кистасы - жарақаттан, жедел панкреатиттен соң байқалады,
6. ұйқы безінің қатерсіз ісіктері (аденома, липома, миксома, ангиома, шваннома, хондрома) өте сирек, аутопсияда анықталады,
7. жедел панкреатит,
8. созылмалы панкреатит.
Созылмалы панкреатитте шірік иісті ботқа тәрізді нәжіс көп шығады, кейде іш қатуы байқалады. Тағам толық қорытылмағанда нәжіс көп, бірақта диарея жоқ. Бауыр, көк бауыр және ұйқы безі үлкейеді. Гиперхромды немесе гипохромды анемия, нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ көтеріңкі. Үйқы безінің сыртқы және ішкі секреторлы қызметі бұзылады. Бұның әсерінен панкреатитті ферменттер зәрде - амилаза, қанда - липаза, трипсин, трипсин ингибиторлары көбейеді, дуоденальды сұйықта - амилаза, трипсин, липаза, сілтілі фосфотаза көбейеді. Шолу рентгенограммада ұйқы безінің қатайғандығы, онда тас пайда болғандығы, қарынның немесе ұлтабар ішегінің ығыстырылғандығы, деформацияланғандығы, бездің - үлкейгендігі, Фатер емізікшесінің ісінуі және үлкеюі (Фростберг симптомы), дуоденит анықталады.
9. Ұйқы безінің қатерлі ісігі - кейінгі жылдары жиілеп, 100 мың адамның 2,9-де кездесіп отыр. Шылым шегушілерде науқас 2,5 рет жиі байқалады.
Канцерогендермен қатынасу, қантты диабетпен, созылмалы панкреатитпен ауыру ұйқы безі қатерлі ісігіне ұшырататын себептер болып саналады.
Наши эксперты готовы помочь!
Достарыңызбен бөлісу: |