Сурет 1 - КОМПАС–3D жүйесінде жасалынатын құжаттар түрлері
Сызба – Компас 3D бағдарламасының графикалық құжатының негізгі түрі. Сызба графикалық бейнеден, рамкадан, незгізгі жазбадан, кедір-бұдырлықты көрсететін белгілерден және техникалық талаптардан тұрады.
Сызбада тек қана бөлшекті сызып қана қоймай, сонымен қатар деталь түрінде сызылған бөлшектің проекциясын алуға болады.
Сызба бір немесе бірнеше беттен тұруы мүмкін. Сызбаның геометриялық сипаттамасын формат көрсетеді. Формат А4, А3, А2 және т.б. өлшемдерде бола алады.
Өзінің кәсіби қызметі барысында әрбір конструктор аяқталған және ресми бекітілген сызба түрінде ресімделмеген көптеген типтік шешімдерді жинақтайды. Бұл әртүрлі зерттеулер, эскиздер, жобалар және т.б. болуы мүмкін. Оларды компаста сақтау үшін «3D» графикалық құжаттың арнайы түрі — фрагмент қарастырылған. Фрагмент файлдарында frw түрінде сақтайды.
Фрагменттің Сызбадан басты айырмашылығы - рамкасының, незгізгі жазбасының, кедір-бұдырлықты көрсететін белгілерінің және форматының болмауы.
Шеңберді тең бөліктерге бөле отырып, бөліктің контурын сызу