4. Зертханалық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары №1 Зертханалық жұмыс Тақырыбы



Дата17.04.2020
өлшемі42,82 Kb.
#62898
Байланысты:
Зертханалық жұмыс (1)

4. Зертханалық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары

1 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Көк – жасыл балдырлар бөлімі

Бөлім: Көк –жасыл балдырлар – Cyanophyta

1 класс Хроококкалылар – Chroococceae

Өкілі Хроококк –Chroococeus. Глеокапса - Gloecapsa

2 класс Гормогогониялылар- Hormogoneae

Өкілі Осциллятория – Oscillatoria, Носток –Nostok, Анабена – Anabena



Жұмыстың мақсаты: Бөлім кластары өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею типтерімен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Хроококкалылар, Гормогониялылар кластарының өкілдері Хроококк,Глеокапса, Осциллятория, Носток, Анабенаның сыртқы және жасушасының құрылысын зерттеп, ерекшеліктеріне көңіл аудару

Қажетті материалдар: Хроококк, Осциллятория, Носток т.б. көк- жасыл балдырлардың судағы және топырақ тұнбасы; осы балдырлардың дайын тұрақты препараттары. Микроскоп, зат және жабын шынысы

Тапсырма: Қарап және суретін салу

  1. Хроококктан уақытша препарат жасап қарағанда оның жеке, кейде қос жасуша түрінде орналасуына пішінің шар тәрізді екеніне көңіл аударыңыз;

  2. Осцилляторияның уақытша және тұрақты препаратын қарағанда, оның жіңішке көпжасушалы жіпшедан тұратынын және оның қозғалатынын көруге болады. Жасушадағы хромотоплазма мен центроплазманы көріп, олардың тербелмелі қозғалысына көңіл аударыңыз

  3. Носток препаратын қараған кезде олардың моншақ сияқты тізілген ұсақ шар тәрізді жасушалардан тұратынын, олардың арасында ірі бос жасушаларды да, көруге болады, олар гетероцисталар

  4. Қорытынды жасау

Жұмыстың орындалу барысы: Осциллятория балдыры көпшілік жағдайда басқа балдырлармен бірге аквариум немесе балдыр салынған банкінің қабырғасында орналасады. Инемен осцилляториядан түзілген қабыршақтан алып бір тамшы суды зат шынысына тамызып оған балдырды орналастырып бетін жабын шынысымен жабады. Препаратты алғаш рет микроскоптың кіші үлкейткішпен, содан кейін үлкен үлкейтуде қарау керек. Кіші үлкейткішпен қарағанда жіпшенің тербелмелі қозғалысын көруге болады. Үлкен обьективпен қарағанда әрбір жіпшенің майда ядросыз және хромотофорасыз біркелкі жасушалардан тұратынын көруге болады. Ішкі бөлімі ақшылт, сыртқы бөлімі күңгірт болып көрінеді.

Носток балдыры кілегейлі масса шар немесе өрік жемісінің мөлшеріне және одан үлкен жеміс түрінде болады. Түсі көк-жасыл, қараңғы -көк, ал кейде қоңыр түсті. Инемен клегейлі массадан тамшы суда препарат дайындайды.

Үлкен обьективте көптеген дөңгелек жасушадан тұратын иілген формада тұратын жіпшені көруге болады. әдеттегі жасушалардың арасында ішіндегі заты жоқ ірі жасушалар, гетероцисталарды көруге болады. Бұл жасушалар тізбектің жеке жеке бөліктерге бөлінуіне демек вегетативтік көбеюді жалғастырады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің эволюциялық дамуында Көк –жасыл балдырлардың алатын орны.

  2. Көк –жасыл балдырлардың денесінің құрылысы

  3. Көк-жасыл балдырлардың түсі қандай пигменттерге байланысты?

  4. Көк –жасыл балдырлар қалай көбейеді?

  5. Көк жасыл балдырлардың қоректенеді?

2 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta

Класс: Нағыз жасыл балдырлар немесе Тең талшықтылар – Euchlorophyceae немесе Isocontae

1 қатар: Вольвокстар -Volvox

Өкілі: Вольвокс – Cholorococcales

2 қатар: Хлорококтар – Cholorococcales

Өкілі: Су торшасы – Hydrodictyon

3 қатар: Улотрикстер - Ulothrichales

Өкілі: Улотрикс – Ulothrix, Ульва -Ulva

4 қатар: Кладофоралылар – Cladophoralex

Өкілі: Кладофора – Cladophora



Жұмыстың мақсаты: Жасыл балдырлар бөлімінің, тең талшықтылар класының өкілдерімен танысып, олардың жасуша құрылысына көбею ерекшелігіне назар аудару.

Жұмыстың міндеттері: Волькостар, хлорококтар, улотрикстер, кладофоралылар қатарының өкілдерімен танысып, морфологиялық құрылысын және даму кезеңін зерттеу.

Қажетті материалдар: Вольвокс, су торшасының тұрақты препараты. Улотрикс, кладофораның ылғалды препараты, ульваның кеппе шөбі, микроскоп, зат және жабын шынысы, кестелер.

Тапсырма: Қарап және суретін салу.

  1. Микроскоп арқылы вольвокс балдырының тұрақты препаратын қарау;

  2. Микроскоп арқылы су торшасының тұрақты препаратын қарап, құрылысына назар аудару;

  3. Улотрикс және кладофора балдырларынан уақытша препарат жасап, микроскоп арқылы қарау;

  4. Ульва балдырының кеппе шөбін қарау;

  5. Қорытынды жасау.

Жұмыстың орындалу барысы: Вольвкосты тұрақты боялған препараттан микроскоптың үлкен обьективімен қарап көріп, шар пішінді колонияны, оны құрайтын жасушалардың құрылысына назар аудару.

Құрылысы күрделі, ірі жасушалы балдыр су торшасының тұрақты препаратын қарап, колониясының тұрақты препаратын қарап, колониясының тұйық қапшық тәрізді екеніне және колонияны цилиндр пішінді жасушалар құрайтынын көру. Жасуашасының құрылысына назар аудару. Улотрикс, кладофора балдыры салынған банкадан пинцетпен азғана жіпшесін алып, зат шынысына салып, бір тамшы су тамызып, жабын шынымен жауып уақытша препарат жасап, алдымен микроскоптың кіші обьективімен, кейін үлкен обьективпен қарап улотрикстің жасушалары біркелкі цилиндр пішінді болатынын көруге болады. Кладофора балдырының уақытша препаратын қарағанда, оның талломы ірі цилиндр пішінді жасушалардан тұратыны байқалады.



Тексеру сұрақтары:

  1. Жасыл балдырлардың жасуша құрылысының негізгі ерекшеліктері неде?

  2. Жасыл балдырлардың көбею ерекшелігі

  3. Вольвокстілер мен хрококты балдырлардың құрылыстарында қандай айырмашылықтар бар?

  4. Вольвокс пен хламидомонаданың даму кезеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  5. Хлорелла мен хлорококтың құрылысы, олардың жынысты және жыныссыз көбеюінде айырмашылық бар ма?

  6. Кладофора таломының ерекшелігі неде?

3 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta

1 класс: Тіркеспелі немесе коньюгаттар – Cоnjugotophycloe

Өкілі: Спирогира –Spirogura

2 класс: Харалар – Charopnycloc

Өкілі: Хара – Chara

Жұмыстың мақсаты: Жасыл балдырлар бөлімінің Коньюгаттар және Харалар класының өкілдерімен танысып, олардың жасуша құрылысына көбею ерекшелігіне назар аудару.

Жұмыстың міндеттері: Коньюгаттар класының өкілі Спирогираның жынысты көбею ерекшелігін, құрылысын Хара балдырының морфологиялық құрылысын көбею жолдарын зерттеу.

Қажетті материалдар: Спирогира, Хара балдырының тұрақты микропрепараттары, микроскоп, кестелер.

Тапсырма: Қарап және суретін салу.


  1. Спирогира жіпшесінің тұрақты микропрепаратын микроскоп арқылы қарау.

  2. Спирогираның коньюгания процесін тұрақты микропрепараттан микроскоп арқылы қарау.

  3. Лупа және микроскоп арқылы Хара балдырын қарау.

  4. Тұрақты микропрепараттан хараның антеридии және оогониін қарау.

  5. Қорытынды жасау.

Жұмысы орындалу барысы: Спирогира балдырының жіпшесін қарағанда жасушалары біркелкі цилиндр пішінді, онда бір немесе бірнеше лента тәрізді спиральша орналасқан хромотофораны, бір ірі ядроны, көптеген пиреноидтарды көруге болады. Спирогираның коньюгация процессін тұрақты микропрепараттан қарағанда, спирогираның гетеротальды жіпшелері бір-бірімен параллельді орналасқанын.

Коопуляциялық канал арқылы бір жасушаның протопластары екінші жасушаға құйылғанын көруге болады. Затын берген жасушаны шарты түрде аталық, қабылдағанын аналық деп санайды, нәтижесінде зигота түзіледі, ал диплоидты фазасы тек зигота.

Хара балдырының тұрақты микропрепаратының көлденең кесіндісін микроскоптың кіші объективімен қарағанда, хараның ортанғы үлкен жасушасының кіші жасушалармен қоршалғанын көруге болады. Хараның тірі жасушасында протоплазманың қозғалысын көруге болады. Хара вегетативті және жынысты жолмен көбейеді.

Микропрепараттан біржасушалы бұталардың бүйірлік қолтығында ұзын-сопақша келген оогониіің дамуын көруге болады. Оогонияның қабырғасы спиральды бұратылған ұзарған жасушаладан түзіледі, ұшар басында бес қысқа жасушамен (тәж) аяқталады.

Оогонидің ішінде ірі жұмыртқа жасуша орналасады. Антеридин оогонии орналасқан буындарда да кездеседі. Антеридии оогонийден кішілеу шар тәрізді болып көрінеді. Антеридийдің қабырғасы үш бұрышты жасушадан тұрады. Олардан спермогендік жіпшелер тарайды.

Тексеру сұрақтары:


  1. Спирогира балдырының жасуша құрылысы қандай?

  2. Спирогираның жынысты көбеюі –коньюгания қалай жүреді?

  3. Хара балдырының морфо- анатомиялық құрылысы қандай?

  4. Хараларда ядро фазаларының ауысуы қалай жүреді?

  5. Спирогира және хара балдырының қандай практикалық маңызы бар?

4 Зертханалық жұмыс

  1. Тақырыбы: Қоңыр балдырлар бөлімі - Phacophyta

  2. 1 класс: Қоңыр балдырлар бөлімі - Jlogeneratae

  3. Өкілі: Изогенераттылар - Dictyota

  4. 2 класс: Гетерогенераттырлар - Heterogeneratae

  5. Өкілі: Ламинария - Laminaria

  6. 3 класс: Циклоспоралылар - Cylojporeal

  7. Өкілі: Фукус – Fucug

  8. Жұмыстың мақсаты: Қоңыр балдырлар бөлімінің Изогенераттылар, Гетерогенератырлар, Циклоспоралылар кластарының өкілдерімен танысып, олардың құрылысы ұрпақ алмасу ерекшелігіне назар аудару.

  9. Жұмыстың міндеттері: Изогенераттылар класының өкілі – Диктиота, Гетерогенераттылардың өкілі – Ламинария, Циклоспоралылардың өкілі – Фукустың морфо-анатомиялық құрылысын көбею ерекшелігін зерттеу.

  10. Қажетті материалдар: Диктиота, Ламинария, Фукустың кеппе шөптері және фукустың тұрақты микропрепараты, микроскоп, кестелер.

  11. Тапсырма: Қарап және суретін салу.

  12. 1. Диктиота балдырының изоморфты ұрпақ ауысу сызбасымен танысып талдау жасау.

  13. 2. Ламинария балдырының гетероморфты ұрпақ ауысу сызбасымен танысып талдау жасау.

  14. 3. Фукус балдырының тұрақты микропрепаратын қарап скафидияның құрылысын зерттеу.

  15. 4. Қаралған балдырлардың даму кезеңінің сызба нұсқасын салу.

  16. 5. Қорытынды жасау.

  17. Жұмысы орындалу барысы: Қоңыр балдырлардың кеппе шөбін қарап талломның сыртқы түрінің суретін салу. Фукус балдырының тұрақты микропрепаратынан скафидии оогонии және антерийді табу.

  18. Тексеру сұрақтары:

  19. 1. Қоңыр балдырлар талломының құрылысы қандай?

  20. 2. Балдырдың қоңыр түсі қандай пигментке байланысты?

  21. 3. Қоңыр балдырлар қандай жолмен көбейеді?

  22. 4. Қоңыр балдырлардың ұрпақ алмасуында қандай ерекшеліктер бар?

  23. 5. Жапырақ тақтасы жыл сайын түсіп отыратын балдырлар бол ма?

5 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta, Fungi

Бөлім: Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар

1 класс Хитридиомицеттер - Chytridiomycetes

Қатар: Хитридиевтер -Chytiridiomycetidales

Өкілі: Ольпидиум - Olpidium

2 класс: Оомицеттер -Oomycetes

Қатар: Переноспоралылар - Peronosparales

Өкілі: Фитофтора - Phytophtora

3 класс: Зигомицеттер -Zygomyceyes

Өкілі: Мукор -Mucor



Жұмыстың мақсаты: Бөлім кластары өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Хитридиомицеттер, Оомицеттер, Зигомицеттер кластары өкілдерінің морфологиялық және практикалық ерекшелігі, көбею жолдарымен танысып, зиянды түрлерімен күресу жолдарын көрсету.

Қажетті материалдар: Орамжапырақ, фитофтора, мукор саңырауқұлақтарының уақытша және тұрақты препараттары, зақымданған өсімдіктердің кеппе шөптері.

Тапсырма: Қарап және суретін салу

  1. Ольпидиум саңырауқұлағымен зақымданған орамжапырақтың сыртқы көрінісімен танысып суретін салу;

  2. Орам жапырақтың тамыр мойнының микроскопиялық құрылысын қарап, жалаңаш протоплазманың, зооспорангийдің және зооспораның суретін салу;

  3. Фитофтора ауруына шалдыққан картоп өсімдігінің сыртқы көрінісін, жапырағының микроскопиялық кесіндісін, зооспорангиядан зооспораның шығу суретін салу;

  4. Мукор саңырауқұлағының құрылысы және көбею ерекшелігімен танысу;

  5. Қорытынды жасау.

Жұмыстың орындалу барысы: Орамжапырақ ольпидиумы (Olpidium braslicas) – мицелийі жоқ паразит. Ольпидиуммен зақымданған орамжапырақтың кеппе шөбін немесе спирттелген орам жапырақ көшетін қарастырады. Зақымданған тамырда микроскоп арқылы қарағанда түтікше тәрізді өсінділері бар шар тәрізді зооспарангийді көруге болады.

Фитофтора (Phytophtora infestans) – картоптың жапырағын және түйінін зақымдайтын паразит. Фитофторамен зақымданған картоп өсімдігінің қарайған жапырағының кесіндісін қарағанда лептестік арқылы гифалардың сыртқа шыққанын көруге болады. Бұлар конидиалар сағағы немесе спорангиалар. Олар бұтақталған және әдетте ұшында спораны алмастыратын конидиалар болады. Ылғалды ауа райында конидиялар екі талшықты зооспоралар пісіп жетілетін зооспорангияларға айналды. Зооспорангиялар сау жапырақтарға түсіп, онда өніп оларды зақымдайды.

Мукор, немесе ақ ұнтақ – нанда, көкөністе, сонымен қатар көнде және тағы басқа органикалық субстраттарда кездесетін кәдімгі сапрофит.

Спорангиялы мицелидің аздаған бөлігін зат шынысындағы су тамшысына орналастырады және сақтықпен спорангииді езіп жібермеу үшін абайлап жабын шынымен жабады.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен жіңішке және мейлінше жуан гифалардан тұратын мицелийді қарайды. Спорангияның формасы шар тәрізді. Жынысты көбею – зигогамияны тұрақты препаратттан көруге болады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қандай белгілеріне қарай және қандай кластарға бөледі?

  2. Орамжапырақ ольпидиумымен қалай күресуге болады?

  3. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән қандай белгілері бар?

  4. Саңырауқұлақтың вегетативтік денесі қалай аталады және ол неден тұрады?

  5. Саңырауқұлақтардың көбею жолдары қандай?

  6. Фитофтора қандай өсімдікті зақымдайды және қандай ауру туғызады?

  7. Мукор саңырауқұлағы қай жерлерде кездеседі?

  8. Мукор саңырауқұлағының даму циклі қалай жүреді?

6 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta, Fungi

Бөлім тармағы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар

Класс: Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар – Ascomycetes

1 класс тармағы: Жалаңащ қалталылар немесе гемиаскомицеттер –

Hemiaascomycetidae

Қатар: Алғашқы қалталылар – Protascales

Өкілі: Сыра немесе нан ашытқысы- Saccharamyces serevisiae

2 класс тармағы: Жемісті қалталылар - Enascomicetidae

1 қатар: Плектаскалылар-Plectascales немесе Аспергилалылар -Aspergillales

Өкілі: Аспергилл – Aspergillus, Пенецилл -Penecillium

2 қатар: Қастауыштар -Clavicipitales

Өкілі: Қастауыш – Claviceps



Жұмыстың мақсаты: Бөлім тармағы кластары өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Алғашқы қалталылар қатарының өкілі Нан ашытқысының ерекшелігімен Плектаскалылар және Қастауыштар қатарының өкілдері: Аспергилл, Пенецилл, Қастауыштың құрылысы және көбеюуі мен танысу.

Қажетті материалдар: Нан немесе сыра ашытқысы, пенецилл, аспергилл саңырауқұлақтары өсірілген орта, қастауыш саңырауқұлағымен зақымданған өсімдіктердің кеппешөптері.

Тапсырма: Қарап және суретін салу

  1. Алғашқы қалталылар қатарының өкілі нан және сыра ашытқысының құрылысын және көбеюдің зерттеу.

  2. Плектаскалылар немесе Аспергилалылар қатарының өкілдері – пенецилл және аспергиллдің жасуша құрылысын зерттеу. Конидия сағақтарының айырмашылықтарына назар аудару

  3. Қастауыштар қатарының өкілі қастауышты зерттеп құрылысына көбею ерекшелігіне назар аудару.

  4. Қорытынды жасау.

Жұмыстың орындалу барысы: Нан ашытқысын немесе сыра ашытқысын нан пісіру және сыра дайындау өндірісінде пайдаланады. Нан ашытқысының ашыған ертіндісінен пипеткамен бір тамшысын алып зат шынысына тамызып, бетін зат шынысымен жауып уақытша препарат жасап, оны микроскоппен қарайды. Микроскоптың үлкен обьективімен немесе үлкейткішімен қарағанда көптеген кішкентай дөңгелек немесе сопақша келген жасушаларды көруге болады. Сыра ашытқысы жасушасының формасы дөңгелек, шарап ашытқысының формасы сопақша болып келеді. Көптеген жасушаларда әртүрлі мөлшердегі ісінулерді көруге болады. Бұл ашытқының бүршіктену арқылы көбею процессі. Кейде бүршіктен жасушалардың тізбегін көруге болады. Қолайлы жағдайда көбею тез жүретіндігі сондай,бір сөткеден кейін бір жасушадан миллиондаған ұрпақ алуға болады.

Табиғатта аспергилл және пенецилл саңырауқұлақтарының көптеген түрлері конидия жағдайында жиі кездеседі. Сыртқы құрылысы жағынан ұқсас бұл екі туысты мицелийден жоғары қарай көтерілетін конидия сағағының құрылысы арқылы ажыратуға болады. Аспергилдің конидия сағағы бір жасушалы цилиндр пішінді, жоғарғы шоқпарланып бітеді. Шоқпардың жоғарғы жағында радиальды (сәулелі) орналасқан цилиндр пішінді жасушалар – стергималар базипеталды бағытта бір жасушалы конидияларға үзіліп моншақ тәрізді тізбектеліп тұрады.

Пенецилл және аспергилл бүлінген тағамдарда, ылғал нанда, көкөністерде жиі кездеседі. Пенециллдің түсі алғашқы кезде ақ түсті, кейінен түсі өзгеріп көк –жасыл болып кетеді. Пенецилл саңырауқұлағының конидия сағағы көп жасушалы, оның жоғарғы жағы саусақ салалы 2-3 бұтақталған, онда орналасқан стергималар, аспергилл сияқты, базипетальды бір бағытта жасушалы конидияларға үзіліп моншақ тәрізді тізбектеліп тұрады.

2. Көрінген жеке жасушаның топтасып, бүршіктеніп жатқанын препаратта айқын көріну үшін йод тамызуға болады.

3. Қастауышпен зақымданған қара бидайдың кеппешөбінен, қара – фиолет түсті склероцияларғңа бар масақты қараймыз. Склероцидің көлденец кесіндісінен дайындалған тұрақты препараттан, оның ішкі жағы қоректік заттар – май және гликогенге толы матасқан гифалардан тұратыны көруге болады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класының аты немен байланысты?

  2. Қалталы саңырауқұлақтардың вегетативті жыныссыз және жынысты көбеюлері қалай жүреді?

  3. Аска және аскоспоралар қалай түзіледі?

  4. Жеміс дене дегеніміз не және оның қандай түрлері болады? Барлық аскомицеттерде жеміс дене бола ма?

  5. Аскомицеттер класының жіктелуі (классификациясы) немен байланысты?

  6. Аспергилл және пенециллді бір –бірінен қалай ажыратуға болады?

  7. Гимениальды қабат деген не, ол неден тұрады?

  8. Аскомицеттердің тіршілік циклінінде ядро фазаларының алмасуы қандлай? Тіршілік циклінің басым бөлігі қай фазада өтеді?

  9. Аскомицеттердің адам тіршілігіндегі маңызы қандай?

7 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta, Fungi

Бөлім тармағы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар

Класс: Базидиомицеттер-Basidiomycetes

Класс тармағы: Холобазидиомицеттер - Holobasidiomycetidae

1 қатар: Афиллофоралылар – Aphyllophorales

Өкілі: Трутовик – Fomes

2 қатар: Агарикалықтар – Agaricales

Өкілі: Ақ саңырауқұлақ –Boletus, Шампиньон -Agaricus

Қызыл мухомор – Amanita muscaria, Сұр поганка - A.phalloicles

Жұмыстың мақсаты: Холобазидиомицеттер класс тармағының өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Афиллофоралылар және Агарикалылар қатарының өкілдерімен танысып, олардың морфологиялық және практикалық ерекшелігі, зиянды түрлерімен күресу жолдарын көрсету. Жеуге жарайтын және зиянды улы саңырауқұлақтарды ажырату.

Қажетті материалдар: Трутовик, ақ саңырауқұлақ, шампиньон т.б. тірі немесе спирттелген және кеппешөп түріндегі жемісті денелері. Микроскоп, зат және жабын шынысы.

Тапсырма: Қарап және суретін салу.


  1. Афиллофоралыларға жататын трутовик саңырауқұлағының жемісті денесінің құрылысын сыртқы пішінін зерттеу

  2. Лупамен, тік түтікше тәрізді гименофорын қарау

  3. Агарикалыларға жататын Ақ шампиньон т.б. жеміс денесінің құрылысын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау

  4. Жеуге жарамайтын зиянды, улы саңырауқұлақтарды зерттеу

  5. Қорытынды жасау

Жұмыстың орындалу барысы: Трутовик ағаштың діңінде паразиті түрде тіршілік ететін көп жылдық саңырауқұлақ жеміс денесі тұяққа ұқсас, ағаштың діңіне тығыз кірігіп кеткен түрде болады. Жыл сайын жеміс денесі үлкейіп өсіп отырады, қабат санына қарай саңырауқұлақтың жасын анықтауға болады.

Жеміс денесін қарағанда оның төменгі түтікшелі гименофорына назар аудару керек. Түтікшелі гименофорды жеміс дененің ұзын бойына кесіндісінен көруге болады.

Агарикалылардан жеміс денесіжақсы тармақталған мицелиден және бөлшектен гифадан тұратын шампиньонды қарастыруға болады. Жеміс денесі қалпақшадан және аяқшадан тұрады. Жас жеміс дененің, қалпақтың астыңғы беті ақ пленкалы – жамылғымен қапталған. Жамылғы қорғаныс қызметін атқарады. Жеміс денесінің аяқшасы, қалпақ жабыны, пластинкалы гименофора плектенхимадан тұрады.

Гименофордың ұзын бойына тұрақты препаратын қарап, кіші үлкейткішпен базидияспорадан тұратын бірқатар базидииаларды көруге болады.



Тексеру сұрақтары:

  1. Базидиомицеттердің классификациясы неге негізделіп жасалған?

  2. Холобазидиомицеттер класс тармағына тән белгілер?

  3. Саңырауқұлақтың жеміс денесінің қай бөлімін гименофор деп атайды?

  4. Холобазидиомицеттер өкілдерінде гименофордың қандай типтері бар?

  5. Үй саңырауқұлағы, трутовик, шампиньон саңырауқұлақтарының практикалық маңызы қандай?

  6. Базидиомицеттердің аскомицеттерден айырмашылығы неде?

8 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі - Mycophyta, Fungi

Бөлім тармағы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар

Класс Базидиомицеттер- Basidiomycetes

Класс тармағы: Фрагмобазидиомицеттер - Phragmobasidiomycetidae

1 қатар: Қара күйелер - Ustilaginales

Өкілі: Бидай қара күйесі – Ustiladotritici, Арпа қара күйесі -U.hordei, Жүгері қара күйесі -U.maius

2 қатар: Тат саңырауқұлақтар – Uredinales

Өкілі: Астықтың сызықтық таты –Puccinia graminis



Жұмыстың мақсаты: Фрагомобазидиомицеттер класс тармағы өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Қара күйелер және Тат саңырауқұлақтар қатарының өкілдерімен танысып, олардың морфологиялық және даму кезеңдерінің ерекшелегімен, практикалық маңызы, зиянды түрлерімен күресу жолдарын көрсету.

Қажетті материалдар: Қара күйемен зақымданған бидай, арпа, сұлы, жүгерінің кеппе шөптері, тат саңырауқұлағымен зақымданған сары ағаш өсімдігінің жапырағы, микроскоп, тұрқты препараттар, микроскоп

Тапсырма: Қарап суретін салу

  1. Бидай, арпа, сұлы, жүгері өсімдігінің қара күйемен зақымданған масағын, сабағын жапырағын қарау;

  2. Лупамен сарыағаштың жапырағын қарап, эцидий мен пикнийдің орналасуын көру;

  3. Дайын препараттан эцидий мен пикнийдидің көлденеңнен кесіндісін микроскоп арқылы қарау

  4. Уредоспора және телейтоспорадан уақытша препарат жасау

  5. Қорытынды жасау

Жұмыстың орындалу барысы: Микроскоппен өнбеген және өнген хламидоспораны қарау. Саңырауқұлақтың қара күйе аталуы өсімдік масағының сыртқы көрінісіне байланысты, масақ отқа күйген сияқты қарайған түрде болады. Астық бастыру кезінде хломидоспора сау дәнге жабысады. Астық тұқымдастарының тозаңды қара күйемен зақымданған кеппе шөптерімен танысу.

Микроскоп арқылы бидайдың қатты және тозаңды күйесінің спораларын қарау (бір препаратта) алдыңғы спора екіншісіне қарағанда ірілеу болады. Сонымен қатар қатты қара күйе спорасының үстінңгі беті торлы болып келеді..

Астықтың сызықтық таты екі өсімдікте паразитті тіршілік етеді – астықта және сарыағашта. Астық тұқымдасы негізгі ие -өсімдік, сарыағаш-аралық. Сызықтық татпен зақымданған кеппе шөптерді қараймыз. Жаздың ортасында жиналған өсімдіктердің сабағы және жапырағында ұзынша келген темірдің таты сияқты дақтарды көруге болады. Бұлар жазғы споралар – уредоспоралар. Жаздың екінші жартысында жиналған астықтың кеппе шөбінде қара түсті дақтарды көруге болады – олар қысқы – телейтоспоралар. Бұлар уредоспора спора болған жерде пайда болады.

Микроскоп арқылы уредо – және телейтоспораны қараймыз. Әрі қарай зақымдалған сарыағаш жапырағын қарап, жоғарғы бетінде қара нүктелерді – пикниддиді, ал астыңғы бетінде – сарғыш-қоңыр дақтар – эуидияларды көруге болады. Микроскопта зақымданған жапырақтың көлденең кесіндісін қарау.



Тексеру сұрақтары:

  1. Фрагобазидиомицеттер класс тармағына тән белгілер қандай?

  2. Қатты қара күйені тозаңды қара күйееден өсімдіктің сыртқы түріне қарап қалай ажыратуға болады?

  3. Қара күйенің қандай спорасын хламидоспора деп атайды?

  4. Тат саңырауқұлағының тіршілік циклі қандай және оның қара күйеден айырмашылығы қандай?

  5. Базидиальды саңырауқұлақтардың тіршілік цикілінде ядро фазаларының алмасуы қандай?

  6. Базидиомицеттердің тіршілігінің басым бөлігі қандай ядролық фазада өтеді?

9 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі

Бөлім: Мүктәрізділер - Bryophyta

1 класс: Бауыр мүктер - Hepfticopsida

Қатар: Маршанциялар - Marahantiales

Өкілі: Маршанция - Marahantia

2 класс: Жапырақ мүктер - Musci

Қатар: Жасыл мүктер - Bryales

Өкілі: Көкек зығыры - Polytrichum



Жұмыстың мақсаты: Класстар өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Маршанциялар қатарының өкілі-Маршанция және Жасыл мүктер қатарының өкілі Көкек зығыры өсімдіктерінің морфо-анатомиялық құрылысы, спорангияларының ерекшелігімен танысу.

Қажетті материалдар: Маршанциялар көкек зығыры спорангииінің және жыныс мүшелері архегоний және антеридийдің тұрақты микропрепараттары, кестелер, микроскоп.

Тапсырма:

1. Маршанция спорангииінің кесіндісін микроскоп арқылы қарау.

2. Маршаницияның көбею мүшелері антеридий және архегонияның тұрақты микропрепаратын қарау құрылысымен танысу.

3. Көкек зығырының спорангииінің тұрақты микропрепаратын қарап, талдау жасау.

4. Көкек зығырының аталық жыныс мүшесі антеридийдің және сабағының көлденең кесіндісінің микропрепаратын қарау.

5. Қорытынды жасау.



Жұмысы орындалу барысы:

Спорогонии мөлшері жағынан гаметофиттерден әлде-қайда кішкентай. Спорогонийді микроскоп арқылы қарағанда, жетілген спорогонин қысқа аяқшадан, оның жоғарғы жағы сопақ дөңгелекше қорапшамен аяқталатынын көруге болады. Спорогонияның қорапшасының ішінде редукциялық бөлінудің нәтижесінде гаплоидты споралар және пружиналар немесе элатерлер пісін түзіледі. Бұл пружиналар споралар пісін жетілгенде олардың таралуына көмектеседі.

Маршанция дара жынысты өсімдік. Аталық дарақтарында ерекше 8 салалы дискі тәрізді қысқа аяқшада орналасқан өсінділер пайда болады. Егер микроскоп арқылы дискілердің тік кесіндісін қарайтын болсақ оның жоғарғы бетінде қуыстарды көруге болады, әрбір қуысты бір антеридии болады. Антеридиидің ішінде 2 талшықты сперматозоидтар түзіледі.

Аналық дарақтар көп сәулелі жұлдызшаға ұқсас, оларда аяқшаға орналасқан. Бұлардың да тік кесіндісінен архегонияның тобын көруге болады. Архегонияның формасы колбаға ұқсас болып келеді, кеңейген төменгі бөлім және жоғарғы ұзын мойын бөлімнен.

Көкек зығыры өсімдігінің спорангиін микроскоп арқылы қараған оның ұзын аяқшасын урна тәрізді қорабшасын, қақпағын ішкі жағындағы бағанасын көруге болады.

Тексеру сұрақтары:

1. Мүктәрізділердің дене құрылысы және даму тіршілігінің ерекшелігі оларды балдырлармен жақындастырады?

2. Неліктен мүктәрізділерді өсімдіктер эволюциясында жеке тармақ ретінде қарастырады?

3. Мүктәрізділердің классификациясы қандай белгілерге негізделген?

4. Маршанцияның тіршілік циклі қандай?

5. Маршанцияның вегетативтік көбеюі қалай жүреді?

6. Көкек зығырының маңызы морфологиялық ерекшеліктері қандай?

10 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Плаунтәрізділер бөлімі

Бөлім: Плаунтәрізділер - Lycopodiophyta

класс: Плаундар - Lycopodiopsida

1 қатар: Плаундылар - Lycopodiales

Өкілі: Плаун - Lycopodium



2 қатар: Селагинеллалылар - Selaginellales

Өкілі: Селигинелла - Selaginella



Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Плаундылар қатарының өкілі – плаун және селагинеллалылар қатарының өкілі – селагинелла өсімдіктерінің морфо-анатомиялық құрылысын, даму кезендерінің ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Түйрегіш плаун өсімдігінің кеппе шөбі, споралы масақ кесіндісінің тұрақты микропрепараты, сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараты, селагинелланың сабағы және споралы масақ кесіндісінің тұрақты микропрепараты, микроскоп, кестелер.

Тапсырма:

1. Түйрегіш плаун өсімдігінің сыртқы құрылысымен танысу.

2.Түйрегіш плаун өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысын тұрақты микропрепоратты микроскоппен қарап зерттеу.

3. Споралы масақтың кесіндісін микроскоппен қарап спорфилл және споралы спорангиге зер салу.

4. Селагинелланың спроло масағын микроскоппен қарап микроспорофилл және мегаспрофиллдің құрылысын зерттеу.

5. Плаун және селагинелланың даму цикілінің суретін салып екеуінің даму кезеңдерін салыстыру.

6. Қорытынды жасау.

Жұмысы орындалу барысы:

Түйрегіш плаун өсімдігін қарағанда оның ұзын жатаған сабағына және тік сабағына, сонымен қатар жатаған сабақтың астыңғы жағында орналасқан тамырына назар аудару керек. Сабағы және тамыры дихотомиялы тармақталған.

Сабағының кесіндісін микроскоп арқылы қарағанда оны анатомиялық құрылысы әліде болса қарапайым екенін көруге болады. Сабақтың ортаңғы бөлігіндегі концентрикалық шоқты, ксилема, флоэманы көруге болады. Шоқта камбий болмайды.

Масақтың кесіндісін қарағанда онда тығыз орналасқан спорофилдарды көруге болады. Спорофилдың үстіңгі бетінде қысқа аяқшада бүйрек тәрізді орналасқан спорангийді көруге болады.

Селагинелла өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысы плаунға ұқсас екенін көруге болады.

Селагиелла масағының құрылысы плаунға қарағанда өзгеше екенін көруге болады. Селагинелланың спорофилінде 2 түрлі микро және мегоспорангийнді көруге болады.



Тексеру сұрақтары:

  1. Түйрегіш плаунның тіршілік циклы қандай?

  2. Плаунда гаметофитпен спорофиттің қатынасы қандай?

  3. Түйрегіш плаунның споралы масағының, спорангийінің және спорасының құрылысы қандай?

  4. Плаундылар және Селагинеллалылар қатарының айырмашылығы қандай?

  5. Әртүрлі споралықтың пайда болуының эволюциялық маңызы қандай?

11 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Шаңжапырақ тәрізділер бөлімі

Бөлімі: Шаңжапырақ тәрізділер - Pteridophyta

класс: Шаңжапырақтар - Pteropsida

1 қатар: Нағыз шаңжапырақтар - Filicales

өкілі: Еркек шаңжапырақ – Dryopteris filix mas

2 қатар:Сальвиниялық - Salviniales

Өкілі: Сальвия - Salvinia

Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдары мен танысу.

Жұмыстың міндеттер: Нағыз шаңжапырақтылар қошарның өкілі – еркек шаңжапырақ, сальвиниялықтар қатарының өкілі – сальвиния өсімдіктерінің морфологиялық құрылысын, даму кезеңдерінің ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Еркек шаңжапырақтар өсімдігінің кеппе шөбі, сорус кесіндісінің тұрақты микропрепараты, сальвиния өсімдігінің кестесі, микроскоп.

Тапсырма:

1.Еркек шаңжапырақ (щитовинк) өсімдігінің сыртқы құрылысымен

танысу.

2. Микроскоп арқылы сорустың көлденең кесіндісін қарап суретін салу.



3. Сальвиния өсімдігінің сыртқы көрінісін, даму кезеңін талдап суретін

салу.


4. Қорытынды жасау.

Жұмысы орындалу барысы: Еркек шаңжапырақ биіктігі 1 метрге дейін жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Жер астында мықты қысқа қара-қоңыр тамырсабақ орналасады.

Тамырсабақтың үстіңгі бетінен жасыл жапырақтар шоға-вайлар тарайды, басты сағақтар тығыз қоңыр жабынмен жабылған. Жапырақтың астынғы бетінде орталық жүйкенің, бойында сорустар орналасады. Сорустың кесіндісін алдымен кіші көрсеткішпен және үлкен үлкейткішпен қарау керек. Спорангияның жұқа жабынын, механикалық сақиналарды көруге болады.

Көл сальвиниясының мөлшері өте кішкентай 15 см-ге дейін жетеді. Жіңішке сабағында буынында шоқ болып үштен жапырақтар орналасады. Екеуі жалпақ болады, ол су бетінде қалқып тұрады. Үшіншісі шашақтанып, суға батып тұрады да, тамыр қызметін атқарады. Нағыз тамырлары болмайды.

Суасты жапырақтарының түбінде, қысқа бүйірлік тармақтарда шар тәрізді сорустарды көруге болады. Олар спорокарпия деп аталады, спорокарпийлер мөлшері жағынан бірдей, бірақ ішінде әртүрлі спорангиилер дамиды.



Тексеру сұрақтары:

  1. Шаңжапырақтылардың басқа жоғарғы споралыдан айырмашылығы неде?

  2. Шаңжапырақтылардың бейімделу эволюциясы қандай?

  3. Теңспоралы шаңжапырақтылардың құрылысы қандай?

  4. Еркек шаңжапырақтың гаметофитінің құрылысы қандай?

  5. Әртүрлі споралы Сальвинияның даму кезеңінің ерекшелігі қандай?

12 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ашықтұқымдылар бөлімі

Бөлімі: Ашықтқұымдылар - Gymnospermae

класс: Бүйелілер - Pjnipsida

қатар: Қылқандылар - Cjniferales



1 Тұқымдас: Қарайлар - Pinaclae

Өкілі: Қарағай - Pinus

Өкілі: Шырша - Picae

Өкілі: Майқарағай - Alios

Өкілі: Балқарағай - Larix

2 Тұқымдас: Кипраистер - Cupressaceae

Өкілі: Кипарис - Cupressus

Өкілі: Арша - Juniperus

Өкілі: Туя - Thuja



Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.

Жұмыстың міндеттері: Қылқандылар қатарының қарағайлар және кипаристер тұқымдастарының өкілдерінің морфология құрылысымен және көбею ерекшеліктерімен таныму.

Қажетті материалдар: Кәрілігі қарағайдың бүрі бар бұтасы, кәдімгі шыршаның, мәңгі жасыл кипарси, Аршаның, туяның кепке шөптері, қарағайдың аталық бүрінің тұрақты микропрепараты, микроскоп, кестелер.

Тапсырма:

  1. Бүрлілер класының өкілдері қарағай, шырша, майқарағай, балқарағай, кипорис, арша, туяның кепке шөптері арқылы олардың құрылыысмен танысу.

  2. Жоғарыда көрсетілген өкілдерінің қысқаморфологиялық сипаттамасын жасау.

  3. Қарағайдың аталық бүрінің құрылысын тұрақты микропрепаратына қарап зерттеу

  4. Зерттелген өсімдіктердің жеке бөліктерінің суретін салу.

  5. Кәдімгі қарағайдың даму кезеңін қарап зерттеу.

  6. Қорытынды жасау.

Жұмысы орындалу барысы: Бүрлілер класының морфо-анатомиялық құрылысын зерттеу үлгісі ретінде кәдімгі қарағайды қарастырамыз. Қарайдың бөр басының формасы моноподиольды. Діні жақсы жетілген, онда шоқтанып бүйірлік бұталар орналасады. Бұталар монопорналды бұтақтанады. Бұтақтанудың сызба нұсқасын салу. Жапырақтар ұзын өркенде кезектесіп орналасады. Қылқан-жапырақтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратын микроскоп арқылы қарастырамыз.

Аталық және аналық бүрлер бір өсімдікте болғандықтан өсімдік бір үйлі. Қарағайдың аталық бүрінің тұрақты препаратын микроскоп арқылы қарап құрылысын талдап суретін салу.



Тексеру сұрақтары:

  1. Ашықтұқымдыларды жоғары споралы өсімдіктерден айырықша ажырататын белгілері қандай?

  2. Ашықтұқымдыларды жоғары споралы өсімдіктермен жақындататын белгілер қандай?

  3. Ашықтұқымдыларды қалай классификациялайды?

  4. Кәдімгі қарағайдың даму цикілі қандай?

  5. Қылқандылар қатарының аталық бүрінің құрылысы қандай?

  6. Аналық бүрдің құрылыыс қандай?

  7. Қылқандылардың аналық гаметофиті қала түзіледі?

  8. Тұқым қалай түзіледі және оның құрылысы қандай?

13 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жабықтұқымдылар бөлімі-Angiospermae

Класс: Қосжарнақтылар - Dicotyledonae

1 Қатар: Сарғалдақгүлділер -Ranunculales

1 Тұқымдас: Сарғалдақтар -Ranunculaceae

Өкілі: Сарғалдақ - Ranunculus, Желайдар – Anemone, Қалтагүл- Caltha,

Күнгелді-Trollius, Тегеурінгүл-Delphinium, Бәрпі -Aconitum

2 Қатар: Раушангүлділер – Rosales

1 Тұқымдас: Раушандар -Rosaceae

1 Т/тармағы: Тобылғылар-Spiracoideae

Өкілі Тобылғы - Spiraea

2 Т/тармағы: Раушандылар -Rosoidae

Өкілі: Қазтабан -Polentilla, Раушан -Rosa, Гравилат -Ceum, Бүлдірген -

Fragaria, Тенгежапырақ -Alchemilla

3 Т/тармағы: Алмалар-Pomoideae

Өкілі: Алма -Malus, Алмұрт -Pyrus, Долана –Crataegus, Шетен- Sorbus

4 Т/тармағы: Қараөріктер - Prunoideae

Өкілі: Қараөрік -prunus, Шие -Cerasus, Шабдалы -Persica, Өрік –

Armeniaca,

3 қатар: Бұршақгүлділер -Fabales

2 Тұқымдас: Бұршақтар – Fabaceae

Өкілі: Жоңышқа -Medicago, Асбұршақ -Pisum, Чина -Lathyrus,

Сиыржоңышқа-Vicia, Беде – Trifolium



Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және көбею мүшесі гүлдің құрылысына талдау жасап сипаттама жасау.

Жұмыстың міндеттері: Сарғалдақгүлділер. Раушангүлділер. Бұршақгүлділер қатарының, тұқымдастары, тұқымдас тармақтарының өкілдерін сипаттап және морфологиялық мүшелерінің суретін салу.

Қажетті материалдар: Тобылғы, Қазтабан, Раушан, Гравилат, Бүлдірген, Теңгежапырақ, Алма, Алмұрт, Долана, Шетен, Шие, Өрік, Шабдалы, Жоңышқа, Асбұршақ, Чина, Сиыржоңышқа, Беде өсімдіктерінің кеппе (гербарий) шөптері, микроскоп, 9 томдық Флора Казахстана және 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана анықтауыштары, кестелер.

Тапсырма:

  1. Жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің кеппе шөптерін пайдаланып оларға сипаттама жасау

  2. Өсімдіктердің морфологиялық мүшелерінің суретін салу

  3. Аталған өсімдіктерді анықтауыш бойынша түрге дейін анықтау

  4. Қорытынды жасау

Тексеру сұрақтары:

  1. Қосжарнақтылар класының морфологиялық белгілері

  2. Жабықтұқымды өсімдіктердің жіктелуінің прициптері

  3. Сарғалдақгүлділер қатары өкілдерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

  4. Раушангүлділер қатары өкілдерінің морфологиялық және систематикалық ерекшеліктері

  5. Бұршақгүлділер қатары өкілдерінің құрылысындағы ерекшеліктер

14 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жабықтұқымдылар бөлімі-Angiospermae

Класс: Қосжарнақтылар - Dicotyledonae



1 Қатар: Киеуілдіктер – Capparales

Тұқымдас: Орамжапырақтар – Brassicaceae

Өкілі: Орамжапырақ -Brassica, Шомыр-Raphamus, Ярутка-Thlaspi, Арыш

-Camelina, Жұмыршақ -Capsella



2 қатар: Түтікгүлділер –Tubiflorales

1 Тұқымдас: Алқа – Solanaceae

Өкілі: Алқа -Solanum, Қызанақ-Lycopersicum, Меңдуана -Hyoscyanus,

Темекі – Nicotiana

2 Тұқымдас: Тауқалақайлар – Lamiaceae

Өкілі: Тауқалақай -Lamium, Жалбыз -Mentha, Шалфей -Salvia, Жұпаргүл

–Origanum, Киікоты -Ziziphora

3 қатар: Астрагүлділер –Astarales

Тұқымдас: Астралылар – Asteraceae

1Т/тармағы: Түтікшегүлділер

Өкілі: Күнбағыс -Helianthus, Жусан -Artemisida, Қалуен -Sonchus

2Т/тармағы: Нағызтілшегүлділер

Өкілі: Бақ –бақ -Taraxacum, Қалуен -Sonchus, Цикорий -Cichorium,

Гүлкекіре –Centaurea

3Т/тармағы: Жалғантілшегүлділер –

Өкілі: Ромашка - Matricaria, Күнбағыс

4Т/тармағы: Ұрагүлділер

Өкілі: Гүлкекіре – Centaurea

Жұмыстың мақсаты: Қатарлар өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және морфологиялық ерекшеліктері және морфологиялық құрылысына талдау жасау.

Жұмыстың міндеттері: Киеуілдіктер. Түтікгүлділер қатарының тұқымдастары мен тұқымдастар тармағының өкілдерін сипаттап морфологиялық және систематикалық ерекшелігін анықтап, морфологиялық мүшелерінің суретін салу

Қажетті материалдар: Орамжапырақ, Шомыр, Ярутка, Арыш, Жұмыршақ, Алқа, Қызанақ, Меңдуана, Темекі, Тауқалақай, Жалбыз, Шалфей, Жұпаргүл, Киікоты, Күнбағыс, Бақ –бақ, Қалуен, Гүлкекіре, Цикорий өсімдіктерінің кеппе шөптері микроскоп, 9 томдық Флора Казахстана және 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана анықтауыштары, кестелер.

Тапсырма:


  1. Жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің кеппе шөптерін пайдаланып оларға сипаттама жасау

  2. Өсімдіктердің морфологиялық мүшелерінің суретін салу

  3. Аталған өсімдіктерді анықтауыш бойынша түрге дейін анықтау

  4. Қорытынды жасау

Тексеру сұрақтары:

  1. Киеуілдіктер қатары өкілдерінің систематикалық айырықша белгілерін атау

  2. Түтікгүлділер қатарының тұқымдастарының морфологиялық, систематикалық белгілері

  3. Астрагүлділер қатарының тұқымдасы және тұқымдс тармағының басты систематикалық құрылысына сипаттама

15 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жабықтұқымдылар бөлімі-Angiospermae

Класс Даражарнақтылар – Monocotyledonae

1 қатар Лалагүлділер - Liliales

Тұқымдас: Лалагүлдер тұқымдасы – Liliaceae

Өкілі: Жуа -Allium, Лалагүл -Lilium, Қасқыр жем-Asparagus, Қызғалдақ -

Tulipa, Ландыш -Convallaria

2 қатар:Астықгүл немесе Қоңырбасгүлділер –Graminales немесе Poales,

Тұқымдас: Астықтар (Қоңырбастар) -Poaceae,

Өкілі: Бидайық -Agropyron, Қоңырбас-Poa, Арпабас-Bromas, Бетеге-

Festuca, Суоты -Agrostis, Түлкіқұйрық-Alpeccurus, Қау -Stipa, Жүгері –



Zea, Бидай -Triticum,

Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және көбею мүшесі гүлдің құрылысына талдау жасап сипаттама жасау.

Жұмыстың міндеттері: Сарғалдақгүлділер. Раушангүлділер. Бұршақгүлділер қатарының, тұқымдастары, тұқымдас тармақтарының өкілдерін сипаттап және морфологиялық мүшелерінің суретін салу.

Қажетті материалдар: Тобылғы, Қазтабан, Раушан, Гравилат, Бүлдірген, Теңгежапырақ, Алма, Алмұрт, Долана, Шетен, Шие, Өрік, Шабдалы, Жоңышқа, Асбұршақ, Чина, Сиыржоңышқа, Беде өсімдіктерінің кеппе (гербарий) шөптері, микроскоп, 9 томдық Флора Казахстана және 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана анықтауыштары, кестелер.

Тапсырма:

  1. Жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің кеппе шөптерін пайдаланып оларға сипаттама жасау

  2. Өсімдіктердің морфологиялық мүшелерінің суретін салу

  3. Аталған өсімдіктерді анықтауыш бойынша түрге дейін анықтау

  4. Қорытынды жасау

Тексеру сұрақтары:

  1. Даражарнақтылар класының морфологиялық белгілері

  2. Лалагүлділер қатарының өкілдеріне тән систематикалық ерекшеліктер

  3. Астықгүлділер немесе Қоңырбастар қатарының өкілдеріне тән морфологиялық, систематикалық белгілер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет