Әр түлік малда жыныстық циклдің байқалу ерекшеліктері



Дата12.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#99736
Байланысты:
Әр түлік малда жыныстық циклдің байқалу ерекшеліктері

Әр түлік малда жыныстық циклдің байқалу ерекшеліктері

Жыныстық акт – бұл ұрғашы мал мен еркек мал арасында болатын, негізінен шартсыз жыныстық рефлекстерден тұратын, өте күрделі физиологиялық құбылыс. Жыныстық акт кезінде шартты және шартты емес рефлекстер еркек және ұрғашы малда білінеді, алайда бірдей емес. Қойлар мен ешкілерде жыныстық акт ұзақтығы 2-5 секундқа дейін созылса, сиырлар мен бұқаларда 2-3 секундқа ұзағырақ өтеді. Шошқаларда жыныстық акт ұзақтығы 7-12 минутқа созылады. Ал эакуляция жыныстық акттың 8 минутын алады. Жылқыларда жыныстық акт асылу рефлексінің анық көрінуімен байқалады. Еркек мал жақындағанда ұрғашы мал тыныштық күйде тұрумен, ал еркек малда эрекция болады. Жыныстық акт ұзақтығы 5-10 минутқа бірнеше рет итермелеумен созылады.

  • Малды ұрықтандыру табиғи жолмен (шағылыстыру) және жасанды түрде жүргізіледі(қолдан ұрықтандыру).
  • Табиғи ұрықтандыру екі тәсілмен жүргізіледі:

    1. Еркін шағылыстыру (далада, аулада, арнайы загонда)

    2. Қорада қолдан шағылыстыру

    Табиғи ұрықтанудың екі типі болады:

    1. Қынап тектес ұрықтану

    2. Жатыр тектес ұрықтану

  • Қынап тектес ұрықтанатын малдарға сиыр, қой, ешкі, түйе және қоян жатады. Бұл малдарда эакуляция кезінде шәует қынапқа бөлінеді, содан жатыр мойнына жылжып барады. Аталған жануарларда байқасаңыздар жыныстық қатынас өте жылдам өтеді 4-5 секунд қана, бұл түрлік ерекшелік және олардың эакулятының көлемі айғыр мен қабанмен салыстырғанда өте аз.
  • жатыр тектес ұрықтанатын жануарларға бие, мегежін, қаншық жатады. Эакуляция кезінде олардың шәует тікелей жатырға барып түседі. Жыныстық қатынас кезінде айғырдың жыныстық мүшесінің басы қанға толғанда, саңырауқұлақ тәрізді ұлғайып, итергенде бөлінген шәуетті поршень сияқты ашық түрған жатыр мойнынан асырып жібереді. Қабанның жыныстық мүшесінің басы жатыр мойнына еніп тұрады, ал мегежіннің иректелген жатыр мойны жыныстық мүшенің басы жан- жағынан тығыз қысып тұрады. Бұл топтағы шағылысу ұзаққа созылады: иттерде 6-5 мин, шошқада 10-15 мин, айғырда 1-2 мин. Эакулят көлемі мол, шошқада 1 литрге дейін, айғырда 100-150 литрге дейін спермилердің концентрациясы 1 мл шәуетте 100-200 мин ғана.
  • Жыныстық малдың организмінде, әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық физиологиялық құбылыстар болады. Осы құбылыстың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды. Жыныстық акт кезінде шартсыз рефлекс жыныстық цикл үш сатыдан жүреді: қозу, тежелу, теңдесу. Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым ағу, жалпы реакция, күйлеу, овуляция.
  • Шылым ағу. Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болады, олар шырыш бөліп шығара бастайды. Жатыр ішіне жинақталған шырыш сыртқа шығып, малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып, мөлдір түсті шырыш ағады, қынап және қынап кіреберісінің , жатыр мойнының кілегейлң қабаты домбығып, ісініп, қызарып, қанталап кетеді. Осы процесс 2-3 тәулікке созылады.

    Жыныстық қозу. Малдың мінез-құлқы өзгереді. Биелерде құлынның іші өтеді, сиырлар бір біріне асылады, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу сатысы 15-20 сағаттай созылады, кейде бұл феномен байқалмайды.

  • Күйлеу феномені ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйлеген мал еркек малды өзі іздейді. Сиырларда 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса, жазғытұрым бір тәулікке созылады.
  • Овуляция феномені пісіп жетілген фолликулдың жарылып, оның ішінен фолликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады. Ірі қара малдың овуляциясы тік ішек арқылы аналық безді ұстап, сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1,0 см сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді.
  • Тежелу сатысы шылым ағу мен жыныстық қозу феномені бәсеңдеп, инволяция үрдістері байқалады. Теңелу сатысы тежелу сатысының жалғасы, жаңа циклдің басталуына дейін созылады. Жатыр мойны жабық, тек сыртқы тыныштық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет