5-9 сыныптар білім алушыларының арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция – еліміздің негізгі Заңы» облыстық суреттер байқауының ақпараты
Балалардың өз болмысын шығармашылығы арқылы еліміздің Ата Заңын – Қазақстан Республикасының Конституциясын білуге тарту және құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 26 тамызы күні 5-9 сынып білім алушылары арасында «Конституция – еліміздің негізгі Заңы» облыстық суреттер байқауы қашықтан өткізілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің мәні туралы түсініктері көрініс табатын жоғары (8-9 сынып) және кіші (5-7 сынып) топ оқушыларының іріктелген 15 жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне қатыстырылды.
Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
Кіші топ бойынша:
І орын – Көбейсін Асылбек, Ақтау қаласы, №8 орта мектебінің оқушысы;
ІІ орын – Көмекбай Халил, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің оқушысы;
ІІІ орын – Тіркеш Шерхан, Қарақия ауданы, Облыстық санаторлық мектеп-интернатының оқушысы;
ІІІ орын – Ғалымбердиева Айзат, Түпқараған ауданы, С.Шапағатов мектеп-гимназиясының оқушысы.
Жоғары топ бойынша:
І орын – Берікқызы Саяжан, Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы орта мектебінің оқушысы;
ІІ орын – Бақытұлы Шерхан, Ақтау қаласы, №28 орта мектебінің оқушысы;
ІІІ орын – Құрманбай Бекнұр, Ақтау қаласы, Оқушы орталығының оқушысы;
ІІІ орын – Құрмантай Мейрамбек, Қарақия ауданы, Қ. Күржіманұлы атындағы орта мектебінің оқушысы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |