ПАРАЛЛЕЛЬ КҮШТЕР ЦЕНТРІ ЖӘНЕ АУЫРЛЫҚ ЦЕНТРІ. КИНЕМАТИКА. НҮКТЕ КИНЕМАТИКАСЫ
Тақырып 5.1: Қатты дененің ауырлық ортасы. Көлемді дененің, ауданның және сызықтың ауырлық ортасы.
Тақырып 5.2:Нүктенің қозғалыс заңын координаттармен беру; нүктенің траекториясын, жылдамдығын және үдеуін табу. Нүкте қозғалысының табиғи әдіспен берілуі; жылдамдық, жанама және нормальдық, толық үдеуін анықтау; траектория қисығының радиусын табу.
5.1 тақырыптың мақсаты:Студент әр түрлі тәсілдерді қолданып, біртекті дененің ауырлық ценртін табуды игеруі қажет.
5.2 тақырыптың мақсаты: Студент координаттық тәсілде берілген нүктенің қозғалыс теңдеуін құра білуі, нүкте қозғалысынының траекториясын, жыдамдығын, таба білуі және де табиғи тәсілге көшу амалдарын игеруі қажет.
Аудиториялық, үй жұмысы есептері тақырып 5.1 (ТМ есептер жинағынан):5.1-5.6; Аудиториялық, үй жұмысы есептері тақырып 5.2 (ТМ есептер жинағынан):6.1-6.20; Бақылау сұрақтары: 1.Екі параллель күш қалай қосылады?
2.Бірнеше параллель күштер қалай қосылады?
3.Дененің ауырлық центрі не?
4.Үшбұрыш және трапеция аудандарының ауырлық центрлері қалай анықталады?
5.Шеңбер доғасы ұзындығының ауырлық центрін анықтау формуласын жазыңыз.
6.Дөңгелек бөлігінің ауырлық центрін анықтау формуласын жазыңыз.
7.Күрделі денелер ауырлық центрі қалай табылады?
8.Ауырлық центрін анықтау тәсілдерін баяндаңыз.
Материялық нүктенің траектория бойынша қозғалыс заңы немесе теңдеуі деп неге айтылады?
Материялық нүкте қозғалысы қандай тәсілдерде беріледі?
Материялық нүктенің қозғалыс графигі не?
Нүктенің берілген уақыттағы жылдамдығының бағыты қандай және мөлшері неге тең?
Бір қалыпты айнымалы қозғалыс заңы және графигі қандай?