5 сынып, Қазақ тілі мен әдебиеті.
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 7 минут
Оқылым – 13 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма - тыңдалым, екінші тапсырма - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1
|
5.1.6.1 Тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 143-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды
(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді).
Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді.
Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды сәйкестендіреді.
Үшінші, төртінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөйлеммен жауап береді.
Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды.
|
7
|
5
|
|
2
|
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 160-170 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды.
Бірінші, екінші, үшінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады.
Төртінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Бесінші тапсырмада мәтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетеді.
Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, тақырыпты анықтай алуын бағалайды.
|
13
|
5
|
3
|
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
|
Жазба
ша толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы қазақ тарихындағы өзіне үлгі тұтатын батырға хат жазады.
Мәтін мазмұнында білім алушы болымды, болымсыз етістіктерді қолдануы тиіс.
Жазылым жұмысында хат стилін сақтауы және лепті сөйлемдерді дұрыс қолдануы мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.
|
20
|
|
4
|
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға бөлімдердің әрқайсысына қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі (суреттер мен тірек сөздер әр бөлімге дайындалу керек). Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды.
|
Айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан
бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.
(143 сөз)
1. Қазақстан халықтарының бірлігі күні Қазақстанда қашаннан бастапмерекеленіп келеді??
А) 1890 жылы
В)1995 жылы 1-мамыр
С) 1995 жылы
Д) 3 мың жыл бұрын
[1]
2. Мәтін мазмұнына сай берілген ақпараттарды сәйкестендіріңіз
р/с
|
|
|
|
1
|
Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары
|
А
|
1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
|
2
|
1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілер 8 сағаттық жұмыс күнін
|
В
|
жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған.
|
|
|
С
|
талап етті
|
[2]
А) 1А, 2В
В) 1 В, 2С
С) 1В, 2А
Д) 1А, 2 С
3. 1 мамыр неге серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?
__________________________________________________________________
[1]
4. 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл?
__________________________________________________________________
[1]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ертіс атауының шығуына екі жарым мың жыл болған деп болжайды ғалымдар.
Ертіс сөзіндегі «ер» ежелгі түрік тілінде «жер» мағынасында болса, «тіс» - «тес» деген ұғымда болуы мүмкін. Яғни, жерді тесіп өту деген мағынаны білдіреді. Ал халық арасында осы өзен туралы мынандай кең таралған аңыз бар.
Қазынаға бай Алтай тауы қартайғанда артынан қалар ұрпағы болмайтынына қатты налаланып, Алатауға келіп, мұңын шағыпты. «Көл-көсір байлығымды мұра етіп қалдырар ұрпақ көрмедім-ау, мынау олжаны кімге тастаймын» деп ағыл-тегіл жылаған екен. Бір күні оның арманы орындалып, Ертіс атты ұлы пайда болады. Ерке болып өсіп келе жатқан Ертіс, Алтайдағы тастарды жарып өтіп, көп асыр салады екен. Бірде ол әкесіне келіп, «Әке, мен мына шағын аймаққа сыяр емеспін, мені босата гөр, еркіммен кетейін» дейді. Алтай қарт болса, ары-бері ойланып, арманы күлге ұшатын болған соң, ұлын қалайда жібермейін деп шешеді. Дегенмен, түн кезінде Ертіс, құстар келіп құлағына құйған Обь сұлуды іздеп, қашып шығады. Жолында тұрған тастарды жарып өтіп, кең далаға құлашын жайып, солтүстікке қарай бағыт алады. Екі құстың көмегімен сұлу Обьқа жолығып, Солтүстік Мұзды мұхит алабына қарай аяңдайды.
(169 сөз)
Мәтінге ат қой. ______________________________________________________ [1]
«Ертіс» атауы қандай мағынаны білдіреді?
_________________________________________________________________
[1]
3. Алтай қартайғанда не үшін жылады?
__________________________________________________________________
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. өлке______________
в. аста-төк_______________
с. шолжаң ____________
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар
|
Реті
|
Ертіс атты ұл дүниеге келеді
|
|
Алтай ұлын қалайда жібермейін деп шешеді
|
|
Ұлы «Әке, мен мына шағын аймаққа сыяр емеспін, мені босата гөр, еркіммен кетейін» деп сқранады.
|
|
Түн кезінде Ертіс қашып шығады
|
|
[1]
Жазылым
Лепті сөйлемдерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы досыңызға хат жазыңыз.
__________________________________________________________________
[10]
Айтылым
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут).
«Қазақстандағы ұлттар достастығы»
Тірек сөздер: 1 мамыр мерекесі, ұлттар достастығы, бір ел, шаңырақ
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Дағды
Жауап
Балл
Жалпы балл
Тыңдалым
В. С
1
5 балл
В
2
Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі.
1
1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1
Оқылым
Ертіс өзені туралы аңыз
1
5 балл
Ертіс сөзіндегі «ер» ежелгі түрік тілінде «жер» мағынасында болса, «тіс» - «тес» деген ұғымд
1
«Көл-көсір байлығымды мұра етіп қалдырар ұрпақ көрмедім-ау, мынау олжаны кімге тастаймын» деп ағыл-тегіл жылаған екен
1
а. өлке-аймақ
в. Аста-төк – көл-көсір
с. шолжаң-ерке
1
Оқиғалар
|
Реті
|
Ертіс атты ұл дүниеге келеді
|
1
|
Алтай ұлын қалайда жібермейін деп шешеді
|
3
|
Ұлы «Әке, мен мына шағын аймаққа сыяр емеспін, мені босата гөр, еркіммен кетейін» деп сқранады.
|
2
|
Түн кезінде Ертіс қашып шығады
|
4
|
1
Барлығы 10 балл
Жазылым
Балл
|
Мазмұны (5 балл)
|
Тіл сапасы (5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.Лепті сөйлемдерді орынды қолданған. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
|
Өте жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.Лепті сөйлемдерді қолданған.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
|
Жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лепті сөйлемдерді дұрыс қолданбаған.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
|
Қанағаттанарлық
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Төмен
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лепті сөйлемдер қолданбаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
|
Төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
|
1
|
Өте төмен
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.
Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.
|
Өте төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
|
Айтылым
Балл
|
Негізгі ойды ашуы
(5 балл)
|
Сөз қолданысы
(5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
|
Өте жақсы
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Жақсы
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын
ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Қанағаттанарлық
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
2
|
Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
|
Төмен
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
|
1
|
Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
|
Өте төмен
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |