5-тақырып. Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы



Дата11.02.2023
өлшемі15,09 Kb.
#168368
Байланысты:
5 ЛК АСЛАН


5-тақырып. Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы
1Қазақстанның банкаралық есеп айырысудың негізгі қызметтері мен мақсаты
2Қазақстанның банкаралық есеп айырысудың экономикалық мәні, мазмұны

  1. Бұл жүйелер Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен төлемдерін жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады. Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығының (ҚБЕО) Банкаралық ақша аудару жүйесі 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын ол «Ірі төлемдер жүйесі» деп аталған жəне оның жұмыс істеу тəртібі бастапқыда «ҚБЕО-ның ірі төлемдер жүйесінде есеп айырысуды жүргізу ережесінде белгіленген болатын. Содан соң, ІТЖ БААЖ болып қайта құрылғаннан кейін жүйенің жұмыс істеу тəртібі «Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аударымдары ережесінде» белгіленді. БААЖ-дың мақсаты Қазақстан Ұлттық Банкінде БААЖ-ды пайдаланушылардың шоттарындағы сомалар шегінде пайдалана отырып, бір операциялық күн ішінде есеп айырысу кепілдігімен ұлттық валютадағы тұрақты жəне шартсыз төлемдерді орындаудан тұрады. 2002 жылыдың аяғында БААЖ-ды пайдаланушылар саны 72 болды, оның ішінде 38 екінші деңгейдегі банктер, 17 облыстық Қазынашылық басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан-Банк (ҚҰБ -нің МОД), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, басқа да банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. БААЖ арқылы кредиттік сияқты дебеттік аударымдар да жүзеге асырылады. Жүйеде хабарламалар беру жəне қабылдау Ұлттық Банк белгілеген форматтарға сəйкес электрондық тəсілдермен жүзеге асырылады. БТЖ – ұсақ төлемдерге арналған көпжақты клирингтік жүйе. БТЖ-нің ерекшелігі сол, төлемдер жеке өңделмейді. Төлем тапсырмалары бір операциялық күн ішінде ҚБЕО-ға жіберіледі. Операциялық күннің аяғында келіп түскен жəне жіберілген төлемдерге сəйкес көпжақты өзара есеп айырысу қорытындылары бойынша таза позицияларды есептеу жүргізіледі. Таза позицияларды есептеу БААЖ арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның жанындағы клиринг палатасы қатысушылардың өтімділікті басқаруына жəне төлемдердің үстеме ағындарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін американдық автоматтандырылған клиринг палатасының үлгісінде жұмыс істейді. 1999 жылғы тамызға дейін БТЖ-ға ҚҰБ жанындағы клиринг палаталарының жəне аз ғана сомаға банкаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО-ның жанындағы Алматы клиринг палатасының желісін қосты. Клиринг палаталарында тəуекелдерді басқарудың түрлі əдістері пайдаланылды, атап айтқанда, дебеттік жəне кредиттік шектеулер, кезектер жүйесі пайдаланылды. ҚҰБ-нің облыстық филиалдарындағы клиринг палаталарының жабылуына байланысты 1999 жылғы 1 тамыздан бастап жүйенің мұндай функциялары Алматы клиринг палатасына жəне жеке клиринг палаталарына (Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тимей» ҚӨК ЖШС) берілді. 2002 жылдың аяғында ҚБЕО-ның клиринг палатасының пайдаланушылары 50, оның ішінде 27 екінші деңгейдегі банктер, 17 Қазынашылықтың облыстық басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан банк (ҚҰБ-нің МОД), Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, «Қазпочта» ААҚ жəне басқа банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. Сонымен бірге «Тимей» ҚӨК ЖШС-нің қатысушылары екінші деңгейдегі банктердің үш филиалы, бір облыстық қазынашылық басқарма жəне «Тимей» ҚӨК ЖШС-нің өзі болып табылады. Қазақстанда чектермен операциялар клирингі бойынша қандай да бір жүйе жоқ. Банктер чектер бойынша есеп айырысуды өзара корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:
1. «Корреспонденттік шотқа» анықтама бер.
2. Банкаралық есеп айрысу әдістерін ұйымдастыру.
3. Корреспонденттік шот бойынша өткізілетін операцияларды атаңыз.
4. Корреспонденттік шотты ашуға арналған құжаттар пакеті.
5. Бас валюталық лицензияның мәнін ашу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет