50-ші жылдардың аяғы ─ 60-шы жылдардың басында необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихологиясы өз танымалдылығын жоғалта бастады. Олардағы ішкі қайшылықтар, қиындықтар бастапқы принциптерді қайта қарауды талап етті



Дата21.10.2022
өлшемі19,14 Kb.
#154433
Байланысты:
3кезең


3кезең
50-ші жылдардың аяғы ─ 60-шы жылдардың басында необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихологиясы өз танымалдылығын жоғалта бастады. Олардағы ішкі қайшылықтар, қиындықтар бастапқы принциптерді қайта қарауды талап етті. Бірақ эксперименталды зерттеулер мен теориялар саласындағы жаңа тиімді бағыттардың пайда болуы маңызды рөл атқара бастады. Танымдық әрекетті зерттеу саласында ─ когнитивтік психология, гуманистік психология, ал адам санасын зерттеу саласында – нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология пайда болды.
Когнитивтік психолгия АҚШ 60-шы жылдары пайда болды және ол бихевиористердің мінез-құлық сараптамасынан психологиялық компонентті шығарып тастауына, танымдық үрдістерді және танымдық дамуды ескермеуіне қарсы шықты. Когнитивтік психология необихевиористердің зерттеулерінен туды. Ол адамдар ақпаратқа түрлі ықпал етеді деген түсініктерге негізделеді. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері – Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найссер, П. Линдсей, Г. Саймон.
Бихевиоризм мен психоанализге антитеза ретінде пайда болған, когнитивтік психологияға ұқсас – гуманистік психология да ірі бағыттардың бірі болып саналады. Гуманистік психологияның негізін салушылар бихевиоризм мен психоанализдің адамды сипаттауындағы қисынсыздығын түзетуді және неғұрлым дұрыс, өмірлік психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау ,шығармашылық тұлғаны ұғыну — зерттеудің пәні болып негізделді. Ешқандай басқа мектеп мұндай міндет қоймаған еді.
Гуманистік психологияның негізін салушылар бихевиоризм адамды сипаттауындағы қисынсыздығын түзетуді және неғұрлым дұрыс, өмірлік психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау ,шығармашылық тұлғаны ұғыну — зерттеудің пәні болып негізделді.
Фрейдизм — австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің есімімен аталатын психологиядағы бағыт.Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады.Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді.
Гештальт психология- шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған.Онын негызгы окылдеры :М. ВерттеймерВ.Келержәне ,К. Коффка .Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальт психология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады.
Генетикалық психология - генетика - шығу тегі "төркіні" дегенді білдіреді. Әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Алайда Генетикалық психологияға салыстырмалы психология саласы да кіреді. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет