6-жұмыс. Соқыр нүктені анықтау



Дата06.02.2022
өлшемі15,3 Kb.
#82038
Байланысты:
занятие 3 лабор


6-жұмыс. СОҚЫР НҮКТЕНІ АНЫҚТАУ.

Соқыр нүкте – фоторецепторлары жоқ торлы қабықтағы көру жүйесі басталатын бөлімі. Оның ауданы әр адамда әртүрлі.


Жұмыстың барысы: Бір көзді жұмып суреттегі «+» белгіге көзді бағыттайды, суретті көзге жақын ұстап біртіндеп қашықтатады. Бір уақытта «0» көрінбей кетеді де, әр қашықтатқан сайын қайта көрінеді (2-3 рет қайталанады). Көрінбей кеткен қашықтықты өлшеп анықтайды. Көрінбеу себебі, «0» бейнесі соқыр нүктеге түседі.
Қорытынды:

7-жұмыс. КӨРУ АЙМАҒЫН АНЫҚТАУ.

Көру аймағы – көзді бір нүктеге қадаған кезде кеңістікте көрінетін барлық нүктелер қоршаған аудан мөлшері. әртүрлі түске (толқындары әртүрлі) көру аймағы әртүрлі болады. Себебі, таяқшалармен қолбалардың жарық қабылдаулары, саны, орналасуы бірдей болмайды. Көру ауданы периметр құралы арқылы анықталады.


Жұмыс барысы: Периметрді құрастырып, зерттелінуші адмды отырғызып, көзін бір нүктеге қадап отыру сұралады. Алдын ала дәптерге 45 0С бұрышпен сәулелі симметриялы сызықтар сызылады. Тәжірибе жарты шеңбердің вертикалдық жағдайынан басталады да, 45 0С-қа бұрып ауыстыра береді. Таяқшаға ақ түсті 5 х 5мм қағазды іліп алып, жарты шеңбердің ең шетінен бастап ортаға қарай жылжытады, «көрінеді не?» -деп сұрап отырады. Жарты шеңберден көрінген цифрды дәптерге түсіреміз осы тәртіппен көк, қара, қызыл, т.б. көру аймағы анықталады.
Қорытынды:
8-жұмыс. ТЕРІ СЕЗІМ РЕЦЕПТОРЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ЖИІЛІГІН АНЫҚТАУ

Тері сезім рецепторлары теріде біркелкі орналаспаған. Ерін, тырнақ жастықшасы, маңдай, мұрын, қар, мойын, арқа терілеріне қарай жиілігі төмендей береді. Дискриминация табалдырығы – екі тітіркендіргіш біреу болып сезілетін терідегі ең жақын қашықтық. Дискиминациялық табалдырығы жоғары арқа (40-70мм), ал төменгісі ерін (1-1,5мм).


Жұмыстың барысы:
1. Тері рецепторларының жиілігін анықтау үшін фрея қылшықтары жинағының әр қайсысымен терінің әртүрлі аудандарын тітіркендіреді. Бір тітіркендіруден соң зертелушіден «сезіліп отыр ма?»-деп сұрап, жазылып отырады. Зертелінушінің көзі байланулы болу керек. Тернің қай бөлігінде көп жауап береді?
2. Дискриминация табалдырығын анықтау. Эстозиометр, не айқастырылған ара кашықтығы 5-6 мм екі иненің ұштарын маңдацға тигізіп,зерттелінуші қашан «біреу»деп жауап бергенше екі иненің ара қашықтықтарын жақындата береді. «Біреу»деп аталған ара қашықтық сол тері ауданы үшін дискриминациялық табалдырық деп аталады.Осындай ретпен әр түрлі тері аудандарының табалдырықтарын тауып дәптерге жазады.
3.Жылулық рецепторлардың табалдырығын анықтау.Айқастырылған иненің ұшын спиртовкада қыздырып,терінің әртүрлі аудандарындағы дмскриминация табалдырығын табады.Деректерді дәптерге түсіреді.
4.Салқындық рецепторлар табалдырығын анықтау.Мұзға батырылып қойылған эстезиометр,не инелер көмегімен жоғарыда көрсетілген ретпен анықтайды.
Қорытынды:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет