1 Билет Нүктелердің өзара орналасуы. Бәсекелес нүктелер. Нүктелер проекцияларының көріну және көрінбеу шарттары



бет1/13
Дата23.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#144767
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
СЫЗУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


СЫЗУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ(второй вопрос это черчение какой либо фигуры)
1 Билет
1.Нүктелердің өзара орналасуы.Бәсекелес нүктелер. Нүктелер проекцияларының көріну және көрінбеу шарттары
Кеңістікте нүктелер бір-біріне және проекциялар жазықтық -тарына қарағанда әр түрлі жағдайларда орналасулары мүмкін.

Геометриялық фигуралардың өзара көріну-көрінбеуін анықтау үшін сызба геометрияда бәсекелес нүктелер тәсілі қолданылады. Бәсекелес нүктелер деп кез келген бір есімді проекциялары беттескен кеңістік нүктелерін атайды.Суретте А мен В және С мен D бәсекелес нүктелерінің эпюрі көрсетілген. Бұл эпюрде А мен В нүктелерінің горизонталь проекциялары А1 мен В1, ал C мен D нүктелерінің фронталь проекция- лары С2 мен D2 беттесіп жатыр. Бәсекелес нүктелердің беттесіп жатқан проекцияларының қайсысы көрінетінен анықтау үшін бұл нүктелердің беттеспеген проекцияларына назар аудару керек. Егер нүктенің беттеспеген проекцияларының қайсысы проекциялары беттескен проекция жазықтығынан алысырақ орналасса сол проекция көрінетін болады.Суретте В нүктесінің фронталь проекциясы В2 А нүктесінің фронталь проекциясы А2 ден жоғары орналасқан (ZB>ZA). Сондықтан В1 көрінетін болады. D нүктесі С нүктесіне қарағанда фронталь проекция жазықтығынан алыс орналасқан (YD>YC). Сондықтан D2 көрінетін болады.Бәсекелес нүктелер тәсілі эпюрде геометриялық фигуралардың бір-біріне қарағандағы көріну-көрінбеулерін анықтау үшін қолданы- лады.

2 Билет


Нүктені екі прекциялар жазықтықтарына проекциялау
Нүктенің бір проекциясы оның кеңістіктегі орынын анықтай алмайтынын біз білеміз (1-ші қасиет). Бір проекциясы бойынша нүктенің кеңістіктегі орнын анықтау үшін оның проекциялар жазықтығынан қандай қашықтықта орналасқанын білу керек. Ол үшін нүктенің проекциясы түсірілген бір проекциялар жазықтығы π1-мен қатар, оған перпендикуляр орналасқан екінші проекциялар жазық- тығы π2-ні алу керек. Қандай да болмасын нүктенің екі проекциялар жазық- тықтарының жүйесіндегі проекциялары проекция осіне перпен- дикуляр және осы осьпен бір нүктеде қиылысатын түзулердің бойын- да орналасады. Нүктенің тереңдігі горизонталь проекция жазық- тығына, ал биіктігі фронталь проекция жазықтығына проекцияланады. Сөйтіп, кез келген нүктенің екі проекция жазықтықтарына түсірілген проекциялары оның кеңістіктегі орнын толық анықтайды. Гаспар Монж (1746-1818) француз, өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау тәсілін ұсынған, сызба геометрия ғылымының дамуына жол салған әйгілі ғалым-геометр.
3 Билет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет